«Ана саған табынам» (Ашық тәрбие сағаты)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты

«Ана саған табынам» (Ашық тәрбие сағаты)




Сынып сағатының тақырыбы:


«Ана саған табынам»


Сынып сағатының мақсаты.


Сабақтың мақсаты оқушыларды 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін сыныпқа

түсіндіріп беру. Қыздарды әдемілікке, сыпайылыққа, әсемдікке баулу.



Сынып сағатының барысы:

1. Кіріспе сөз

2. 8 - наурыз туралы плакаттар

3. Нақыл

4. Өлең

5. КВН

6. Би

7. Қорытынды


Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары:

Сынып жетекшісі:



Ашық тәрбие сағаты

Ана, саған - табынам


Шақырылған қонақтар күтіп алынып, орындарына отырғызылады

ортаға жүргізушілер шығып сөз бастайды.

І - жүргізуші

Армысыздар, адалдықтың ақ туын желбіретіп, көктем күніндей, ер жігіттің жүрегін елжіретіп, бақтарын Хауа Ананың қылығына теңеген ардақты асыл аналар. Домалақ анамыздың ақ орамалына оранып ер азаматын пірім деген, қылығы қыздай күлімдеген жеңгейлер, өрімтал қарындастар, білім бұлағымен сусындатқан ұлағатты ұстаздар, сіздер - ді 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.

Сыйла анаңды, жоғарыдан орын берген.

Көтерер оның мерейі мен беделін.

Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,

Өз анаңды мәңгі құрметтегенің.

Деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі құрметіміз бен әзіліміз сіздер үшін.

ІІ - жүргізуші

Ақпанның ақ дауылын, ақ мамық бұлтын серпіп тастаған, наурыз - көктемнің шымылдығын бозбаладай ентіге, арындап ашып, мереке төріне келіп отыр.

Ендеше: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Даламның әр гүлін сыйладың сен маған

Сен бердің құстардың қанатын самғаған

Балалық құштарым өзіңе арналған.


дей келе «Ана, саған - табынам» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


І - жүргізуші


Өткен күнге көз салып қарасаңыз

Әр дәуірдің жылдарын санасаңыз

Мейлі ұлық болғанмен, мейлің дана

Әйел ана алдында аласамыз.


Ендігі кезекте бір топ оқушылардың дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.

ІІ - жүргізуші

Жаны сезім әйелдің бойында алау

Сол алауды аңсайтын жайым бар-ау

Білімсіздік дер едім, біздер үшін

Ұлылығын әйелдің мойындамау

ендігі кезекте «өлең оқу»

ІІ - жүргізуші


Қыз деген - өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы

Қыз деген - тіршіліктің шұғылалы шуағы

Қыз деген теңдесі жоқ тіршілік

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Ендігі кезекті көрініске береміз


І - жүргізуші


Мейірімі мол аққанат әпкелерім

Бар мейрімді өзіңнен ап келемін

Елге сауық тілейтін жолға бақыт

Желкеніндей желбіреп ақ кеменің


деп біздің сенып жетекшіміз Сақтағанова Зухра апайға арнап бір өлең арнаймыз.

І - жүргізуші

Бүгін шатпыз көңілдерде жоқ уайым

Мен сіздерге жырдан алқа тағайын

Осы кештің бөлісуге шаттығын

Қош келдіңіз барлығыңыз, ағайын.



ІІ - жүргізуші

Көңілдерге жоламасын тағы уайым

Әнмен, жырмен жігер отын жағайын

Осының, бір қиын - қыстау заманда

Отбасыңыз аман болсын, аналар

Отбасыңыз аман болсын, ағайын.


І - жүргізуші


Гүл өмірдің, шежіресі, байтағы

Жеңімпаздар гүл көтеріп қайтады

Адамға адам ең әдемі тілегін

Қадамына гүл бітсін деп айтады.

(осы өлең шумағы оқылып жатқанда қыздар мен ұстаздарға бір-бір шоқ гүлдер ұсынылады)

ІІ - жүргізуші

Құрметті ұстаздар, қыздар алтындай уақыттарыңызды бөліп, құрмет -ті қонағымыз болғандарыңыз үшін алғысымызды айта отырып, көрскенше күн жақсы болғай деген тілек айтамыз.


М«Ана саған табынам» (Ашық тәрбие сағаты)іне, 8 наурыз - халықара­лық әйелдер мерекесі де келіп жет­ті. Мейрам! Маған басқа мей­рамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқын­дар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді.

Мен ХХІ ғасыр басталғаннан бастап, "Мәң­гілік махаббат жыры" деген кітап жаз­дым. Бұл кітапты бес жыл жылап отырып, кө­зім­нің жасы алдым­дағы қағаз­ға тамшылап оты­рып жаздым. Ол кітапты өзім тоғыз жыл ға­шық болып қосы­лып, 54 жыл бірге татулығы балдай, тазалығы шы­ныдай, мөлдірлігі судай, жан жарым Халима­ға арнап жаздым. Соны жоқтап, о дүниеге кеткен жа­рыма жалынды хаттар арна­дым.

Қазақтың ұлттық дәстүрі бой­ынша өлген адамды қырық күн жоқтайды. Содан кейін бастағы қара жамылғы алынады, жүректегі қара жалау жығылады.

Ал мен Халиманы 1000 күн жоқтадым. Оған мың өлең ар­нап, мың хат жолдадым. Ол кі­­тап­тың "Халима" деген бөлімін биік мәр­тебелі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев оқып, маған былай деп хат жазды:

"5 қаңтарда болған кездесуде маған "Ма­хаб­бат, қызық мол жыл­дарды", "Халиманы" сыйға тарт­тыңыз! Біріншісін бұрын оқыған едім, екіншісін қолыма алған бойда бас көтермей оқып шықтым. Тәлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі жастар көп оқитын хикая.

Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз - ел қазынасы.

Өміріңіз - үлгі!

Аман болыңыз, Әз-аға.

Аса сыйлайтын Н.Назарбаев.

06.01.2003".

Мінеки, менің о дүниедегі жа­рыма жазған хат-кіта­бы­м­ның 43 тарауының соңында мынадай сөздер бар:

Әйелдер тірегі ғой,

Бүкіл, бар адамзаттың.

Солар аспанға көтерген,

Ақ туын махаббаттың.

- Махаббат деген не? - десе, - Әйелдің өзі! - дер едім.

- Ләззат деген не? - десе,

- Әйелдің сөзі! - дер едім.

- Ең күшті нәрсе не? - десе, - Әйелдің әмірі! - дер едім.

Әйелдердің барлығын:

- Жердегі Тәңір! - дер едім.

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын кө­бей­тетін - әйел, ұрпақты ұлас­ты­ратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқан­да, дү­ниенің тірегі - әйел. Махаб­бат­тың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.

Мінеки, мен әйелді осылай деп ұғамын. Әйелге Тәңірдей та­бынамын. Сондықтан әр нау­рыз мерекесі келген сайын сол күнді тегіс әйелдерге арнаймын. Ар­нау­лы тізім бойынша ең жақын деген 20 әйелге телефон соғып, шын жүректен құттықтаймын. Әрқайсысына әртүрлі әзілдер айтып, той күнгі көңілдерінің көрік­ті болуына көмектесемін. Олар кімдер, қандай әйелдер, нендей жақыншылығы бар дерсіздер. Айтайын. Ең алдымен Мәриям анамыз Қожах­мет қы­зын құттықтаймын. Ол кісі қазақ халқы­ның ұлы жазушысы Сәбит Мұқановтың жары. Аса парасат­ты Мәриям апай қазір әдебиет­тегі қарт, жас қаламгерлердің анасы, әжесі ғой!

Мәриям апайды бірінші етіп құттықтайтын себебім - 1944 жылы мен Кеңес Одағының Мар­­шалы К.К.Рокоссовский басқар­ған І Белорусь майданынан де­ле­гация басқарып, Қазақстанға кел­дім. Майданнан елге деле­га­ция басқарып келген сержант мен ғана болармын. Басқа деле­гациялардың бәрін офицерлер бастап баратын. Біздің деле­га­цияның құрамын­да үш адам болатын. Олар дивизиямыздың атақты барлау­шысы Қабыш Мусин, "жаяу әскер патшасы" Тәкен Майшынов және артил­лерист мен едім.

Алматыға келгеннен кейін ол кезде "Деле­гат­тар үйі" деп атала­тын қонақүйге жайғастық. Қа­зақ­стан орталық партия коми­тетінің басқа басшылары егін жи­нау мәселесі жөнінде (біз күз­де келген болатынбыз) ел ішінде іссапарда жүргендіктен, бізді Қазақстан Халық комис­сар­ла­ры кеңесі төрағасының орынбасары Д.А.Қо­наев ағамыз қабылдады. Біздің сонау Польша жерінен келгенімізді айтып, үшеуіміздің қатар тұрған суретімізді басып, "Социалистік Қа­зақ­стан" газеті сол жылғы 25 қыркүйек күнгі нө­мірінде арнаулы мақала жа­риялады. Сол мақа­ла­ны оқып, өзіміз бала күнімізде бір көруді арман еткен атақты жазушы Сәбит Мұқанов бізді қонақүйге іздеп келіп, үйіне ертіп апа­рып қонақ етті. Мәриям апайымыз ас әзір­леп, Сәбит ағамыз бізбен ұзақ әңгімелесті. Бізден 100-ші қазақ атқыштар бригадасынан шыққан Кеңес Одағының Ба­ты­ры Мәншүк Мәметова туралы сұрады. Мен Мәншүкке арнаған "Жан құрбы" деген өлеңімді оқып бердім. Мәншүктің өлген сәті суреттелетін мына бір шу­мақ­ты Сәбит ағамыз екі рет қай­талап айтқызып, тебірене тың­дады. Мәншүктің қабірінің басында оқылған ол шумақ мынадай еді:

Күн батты қыз денесін нұрға малып,

Дауыстар "Уралаған!" жетті талып,

Әппақ ет, манардай бет - шалғандай өрт,

Қара шаш жерді жапты толқынданып.

Сынған жоқ өлсеңдағы Сенің сағың.

Өшкен жоқ, өрлей түсті жастық бағың.

Еске алып, аруағыңа бас иеміз,

Жан құрбым, торқа болсын топырағың! - деп өлеңімді аяқтадым.

- Майданға қашан қайта­сың­дар? - деп сұрады Сәбең бізден.

- Екі күннен кейін.

- Онда, Сәбит, батаңды бер балаларға. Соғыстан аман-есен келсін деген тілек айт, - деді Мәриям апай.

- Әй, Мәриям, мен комму­нис­тпін ғой, қалай бата беремін, - деді Сәбит аға сасқалақтап, өзінің қарлығыңқы дауысымен.

- Коммунист болмақ тұр­ғай, кім болсаң да бер батаңды, - деп Мәриям апай алақанын жайды.

Сәбит ағамыз жақсылап бата берді.

Біз, үшеуіміз де, соғыстан аман қайттық. Соғыстан кел­ген­нен кейін мен студент, жур­на­лист, жазушы болдым. Сәбең біз сияқты ол кездегі жас қа­лам­герлердің әкесі, Мәриям апамыз анамыз тәрізді болды. Бізден кейінгі жас жазушылардың әжесіне айналды.

Биылғы Жаңа жылдың ба­сын­да, 1 қаңтар күні Мәриям анамызға телефон соғып, құттықтадым. Содан кейін:

- Мәриям апа, сіз биыл күз­де 100 жасқа толасыз ғой. Тойлаймыз, - дедім.

- Жоқ, қалқам, мен биыл 99-дамын. Келесі жылы 100-ге толамын. Мені қартайтпай қоя тұрыңдар, - деді апамыз күле сөйлеп.

- Неге, апа, құжат бойынша сіз жүзге шықтыңыз ғой.

- Ол Сәбиттің істеп жүргені ғой. Мен Сәбитке тұрмысқа кә­мелетке бір жас толмай тұрғанда шықтым. Жас қызды алды деген жұрттың сөзінен қорқып, Сәбит менің жасымды бір жасқа үл­кейтіп, ауылдық кеңестен қағаз алыпты. Шынында мен 1910 жылы туғанмын.

- Онда биыл да, келесі жылы да тойлаймыз, апа.

- Мені тойлап қайтесіңдер. Онсыз да тойлар жеткілікті ғой. Оның үстіне теледидарда биыл да, ендігі жылы да ауыр болады, ақша дағдарысы келді деп жа­тыр ғой. Ойын-тойларды қой­ып, сол қиындықтан аман шы­ғайық, айналайын.

Міне, жыл сайын 8 наурызда Мә­риям апайды осындай ана­лығы, дана­лығы үшін ең алды­мен құттықтаймын.

Одан кейін Сәки Бекбаева, Ишағы Жағыпарова, Хантай Елубаеваларға (Павлодарда тұ­ра­ды) кезек-кезек теле­фон со­ға­мын. Бұлар менің Халимаммен қыз күндерінде балалар үйінде бір­ге тәрбие­леніп, бір интернатта оқыған, одан кейін Отан со­ғысына қатысқан кешегі қаһарман қыздар.

Бұлардан кейін Ұлы Отан соғысын басымыздан бірге өт­кізген, кейін Қазақ­станның қар­жы саласында үздіксіз қыз­мет етіп, көп жылдар республика­ның қар­жы министрі болған мар­құм досым Рымбек Байсейі­товтың бәйбішесі Мақышқа, майдангер досым, Кеңес Ода­ғы­ның Батыры, өзімнің "Батыр­дың өлімі" кітабымның бас кейіпкері Махмет Қайырбаев марқұмның жан жары, Пав­ло­­дарда тұратын Сабираға теле­фон со­ға­мын. "Махаббат, қы­зық мол жылдар" кітабымның бас кейіпкері Меңтайдың про­то­типі, университетті бірге бітір­ген, қазір Кентау қаласында тұратын Нұр­ға­ми­ла Нұрбосынова ханымды да ұмыт­пай­мын.

Сүйікті келіндерім Күләш Кәкі­шеваны, Құралай Досанованы, Күләш Байжанованы, Муза Смағұлованы, Зәрә Ыдырысованы, Нұрсәуле Сабильяно­ва­ны (Астана), Ұлды Тұрғараеваны (Пе­тро­павл), аға-досым әрі кейіпкерім Бауыр­жанның келіні Зейнепті, соғыста фашист танктерімен шайқаста оққа ұшқан, өз зеңбірегімнің көздеушісі, қатардағы қаһарман Баймолда Қанапияновтың қарындасы Зейнепті және басқаларын құттықтаймын. Барлығы 20 адам.

Бұлардан басқа өз қыздарым, келін­дерім, құдағиларым бар. Сонымен 8 наурыз күні таңғы сағат 10-нан кешкі 10-ға дейін соларға телефон соғып, сол кісі­лермен сөйлесуге, жылы лебіздер айтып, көңілдерін көтеруге, шамам келгенше қуантуға тырысамын.

Бұл менің жылдағы әдетім. Биыл да сөйтемін. Бұл тізімнің жуан ортасында қым­батты қарындасым, мемлекет қайрат­кері, Алматыдағы мемлекеттік қыз­дар педагогикалық университетінің ректоры Шәмша Беркімбаева да бар. Шәмша ханымға телефон соққанда, ол кісінің өзін ғана емес, қол астындағы оқып жатқан барлық қазақ қыздарын, болашақ ұлт аналарын, болашақ жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуші ұс­таз­дар есебінде қоса құттықтап, олардың ұстаз­дық қызметтерінің жемісті болуына тілектестік білдіремін. Ректор арқылы сол университетте қызмет істеп жатқан әйел ұстаздарға ағалық тілек, сәлемімді жолдаймын. Осыдан тура төрт жыл бұ­рын бұл университет (ол кезде институт болатын) қауымының маған "Махаббат президенті" деген жоғары атақ берген­дерін ұмытпайтынымды және айтамын.

Осы жерде биылғы құттықтау тізіміне тағы бір жақсы әйелді қосқанымды айта кеткім келеді. Ол кісі Алматыдағы Абы­лай­хан атындағы халықаралық қатынас­тар және әлем тілдері университетінің ректоры, профессор Сәлима Құнанбаева ханым. Жақында ғана, 19 ақпанда, осы университет ұжымымен менің кездесуім болды. Кездесуде маған "Махаббат пат­шасы" деген жаңа атақ бе­рілді. Сол кез­десуге қатысқан барлық әйел ұстаз­дарды ректормен қоса құт­тық­тап, алғыс айтуды "патшалық" борышым деп білемін.

Әйелдер күнімен қарайлас жазылып отырған бұл мақала менің ер азама­т­ есебінде, жазушы ретінде әйел қауы­мының алдында беріп отырған есебім сияқты да болып көрінеді.

Адамзат жанының ұлы күші махаббат қой. Махаббат туралы дүние жүзінде жазылған кітаптар көп. Бұл мәңгілік тақы­рыпқа әр жазушы өз заманында өз үлесін қосты. Менің қосқан үлесім "Махаббат, қызық мол жылдар" романы мен "Мәңгілік махаббат жыры" кітабы. "Мәңгілік махаббат жырының" шық­қа­нына үш жыл болды. Ал "Махаббат, қы­зық мол жылдардың" жарық көргеніне 39 жыл толды. Осыдан бір ай бұрын "Санат" баспасы бұл кітаптың оныншы басылымын жарыққа шығарды. Сонда бұл кітап әр төрт жылда бір рет қайта басылып шыққан екен.

Күні кеше ғана маған Түркиядан телефон соқты. Менің "Махаббат, қызық мол жылдар" кітабымды түріктер өз тіл­деріне аударып шығарғалы жатқандарын хабарлады. Әйелдер мерекесі қарсаңында келген бұл хабарға қатты қуандым. Өйт­кені, ешбір еркек әйел алдындағы боры­шын ешқашан өтей алмайды. Мен бұл екі кітабым арқылы әйелдер алдындағы, ма­хаббат майданындағы өз борышым­ның мыңнан бір бөлігін орындадым ба деп ойладым. Орындай алдым ба екен?!

Биылғы 8 наурыз мерекесі дүние жүзіндегі қаржы дағдарысымен қатарлас келіп отыр. Қаражат дағдарысы ең ауыр ахуал. Өйткені, ақша - мемлекеттің қаны. Қаны азайған адамда күш те, қуат та, қайрат та болмайды.

Халқымның "қаны азаймау" үшін Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен мемлекет елеулі қор жи­нақтады. Үкімет кейбір банктерге қолдау көрсетті. Басқа да ауқымды шаралар жасады: қалалық, аудандық, облыстық әкімдіктер азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек бұйымдарының ба­ғасы қымбат­тамауын қас қақпай бақылап отыр.

Қаржы дағдарысына қарсы күреске әйелдер де аянбай атсалысып жүр. Ал әйел жеңбейтін қиындық жоқ. Әйел алмайтын қамал жоқ. Әйел жетпейтін жеңіс жоқ.

Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде біз неміс фашистерін қарудың, халықтар достығының қуатымен, ел еңбеккер­лері­нің ерлігімен және әйел махаббатының күшімен жеңген болатынбыз.

Өзгелерін айтпағанда, соғыстағы сол­дат­тарға елдегі қыздардан келген хаттар қаншама қуат беруші еді. Елдегі сүйген қызымыздан алған әрбір хат жаныңды жадыратып, қуантып, күлдіріп, жігеріңді арттыратын. Майданға келген махаббат хатының күшін өз басынан кешкен­дер­дің бірі менмін. Мен сүйген қызым Халимадан хат алған сайын қайраттанып, жігерленіп, құстай ұшушы едім. Зеңбі­ре­гімнен зымыратып фашистердің басына снаряд төгетінмін. Жау танктерімен аянбай атысатынмын. Жауынгерлік жа­лынды өлеңдер жазып, өзгелерді Жеңіске тез жетуге шақыратынмын. Менің "Ата­мыз Жамбыл ақынға" деп майданнан жазған өлеңім мен Жамбыл атамыздың "Жүз жасаған жүректен" деген жауап өлеңі "Социалистік Қазақстан" газетінің 1943 жылғы 30 май күнгі санында қатар басылған. Бұл екі өлең ұлы Жамбыл атамыздың жинақтарында күні бүгінге дейін бірге басылып келеді. Бірақ, жақсы ақын болу қолымнан келмеді, жаман ақын атану да ұят. Сондықтан соғыстан кейін өлеңді қойып кеттім ғой.

Мәртебелі махаббат мені де, менен басқа миллиондаған жауынгерлерді де жігерлендіріп, Жеңіске жеткізген еді.

Қазір Фариза Оңғарсынова, Марфуға Айтқожина, Ханбибі Есенғараева, Күләш Ахметова, Жұмагүл Солтиева, Айгүл Ке­мел­баева, Роза Мұқа­нова сияқты ақын, жазушы әйелдер өздерінің жалынды жырлары, прозалық серпінді шығарма­ла­рымен халқымыздың жанын сусын­датып, жігерін жанып, қуатын күшейтіп келеді. Мен өзім жақсы білетін қаламгер әйелдерді ғана атап отырмын. Мен біл­мейтін отбасын өрге сүйреп, қоғамға қо­мақты қызмет етіп, халыққа қамқорлық жасап, ел үшін жан аямай еңбек етіп келе жатқан қайраткер, кәсіпкер әйелдер қаншама! Мен олардың аттарын біл­меймін. Тек қана теледи­дар­дан көремін. Істеп жатқан істеріне сүйсінемін. Олар алып жатқан асуларға қуанып, іштей риза боламын.

Қазақстан әйелдері өздерінің ісмер­лі­гімен, іскерлігімен, ақыл-білімімен, да­на­лық қасиетімен, жалынды махаб­ба­ты­мен ер азаматты демеп, септесіп, бұл қиын­дықты да жеңетініне күмәнім жоқ. Иә, әйелдер қауымының ақыл-парасаты­ның, адамгершілігінің күшімен, халқы­мыз­дың бірлігінің, ұйымшылдығының қуа­тымен бұл дағдарыстан шығып, ерте­дегі отқа өртеніп, жасарып, қайта тірі­ле­тін атақты феникс құсы сияқты қайта түлеп, жаңа жеңістерге жететінімізге шексіз сенемін.

Ең соңында барлық Қазақстан әйелдерін халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

1922 аштық жылында туып, 1932 жылдың аштығынан аман өтіп, төрт жылға созылған қанды соғыстан тірі қалып, қазақ халқының ежелгі арманы Тәуелсіздікке қолы жеткенін көріп, сол тәуелсіздікті нығайтуға азды-көпті еңбек етіп, 87 жасқа шыққанымда аса ардақты әйелдер қауымын құттықтап отыр­ға­ны­ма, еліміздің ең бақытты адамдарының бірімін деп қуанамын!

Халықаралық 8 наурыз мерекесі құтты болсын, халайық!

Алматы.

8 наурыз тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі, адамның бақыты мен махаббат кезеңі ", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Біздік әйелдер Қазақстан азаматтарының басым бөлігін құрауда және біздің еліміздің экономикасының дамуына және тәуелсіздігіміздің құрылуы кезеңінде баға бермес үлкен еңбек сіңірді ", - деп атап өтті президент.

Ең бастысы әйелдер балаларға өмір сыйлап, оларды тәрбиелеп, еңбекқорлыққа, патриоттыққа, махаббат пен шыдамдылыққа тәрбиелеуде. Осының арқасында барлықтарды таң қалдыратын тыныштық, саяси тұрақтылық, түсіністік, ұлттар арасындағы достастықты сақтап отырмыз ", - деді Н. Назарбаев.

"Әйелдер бүгінгі күнде біз мақтап тұтып отырған барлық нәрсеге үлкен үлестерін қосты. Мен сіздерге үлкен алғысымды білдіргім келеді ", - деді президент. Мемлекет басшысы әйелдерге бақыт мен игілік тіледі. Шарль Бодлердің "Әйел - бақытқа жол бастаушы" деген тамаша сөзі бар. Меніңше, бұдан артық айта алмассың. Сіздерді шын жүректен көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бұл шуақты мерекеде әр үйдің әйел заты шын жүректен шыққан сөздерді қабылдайды. Бірақ біз үшін 8 наурыз мерекесінің мәні мен мағынасы әлде қайда кең. Бұл күні ең жылы сезімдер - қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Құрметті әйелдер, бүгінгі қуанышқа толы, үмітпен көптен күткен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ыстық, шынайы және ізгі тілектерді қабыл алыңыздар. Әлемде әйелді ұлықтамайтын халық жоқ. Ошақ иесі, отбасының ұйытқысы, шебер қолөнершіні қадірлеу ерте заманнан бастама алған. Анаға деген ерекше құрмет біздің халқымыздың да ерте заманнан жүрегіне ұялаған. Қазақ жерінің белгілі тарихи орындары, ескерткіштері мен кесенелері өрмінезді және қайсар дала аруларының бейнелерімен байланысты. Әйелдерге деген құрмет, сөзі мен шешімдерінің даналығы және күшін қадірлеу, біздің бабаларымызға тән қасиет Қазақстанның қазіргі күнгі өмірінде де көрініс табуда. Айтып өтуім керек, миллиондаған біздің отандастарымыз аумалы-төкпелі заманда орасан зор әлеуметтік сілкіністі басынан өткізді. Қазіргі кездегі мемлекетіміздің қол жеткізіп отырған жетістіктері, сол кезде туындаған барлық қиындық пен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы басты кезеңінің тауқыметін бастарынан өткізгендердің табандылықтары мен Отан алдында адал еңбектерінің арқасы. Әрине, бүгін біз, мемлекетіміздің дамуын анықтайтын көптеген өлшемдер туралы айта аламыз. Дегенмен, барлық уақытта да әйелдерге қатысты рухани және адамгершіліктің кемелі олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. «Ана мен баланы мемлекеттік қолдау үшін, мемлекет үшін де, отбасын қолдаудағы тиімді демографиялық саясат үшін де, уақыт өте келе, қазына түсімі өскенде біз қаржы аламыз", - деп Президенттің "Қазақстан-2030" Стратегиясында аталып өтті. Бұл уақыт келді. Соңғы жылдары бұл бағытта Қазақстанда аз жұмыс жасалған жоқ. Жақында ғана мемлекеттің ары қарай әлеуметтік мемлекет ретінде дамуын анықтап берген Елбасының кезекті жыл сайынғы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" Жолдауы жарияланды. Жолдауда ерекше назар аударылған мәселелер көпбалалы отбасыларын қолдау және ана мен баланы қорғауға жете мән берген. Жекелеп айтқанда, баланың бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақысы 2007 жылмен салыстырғанда 2010-2011жылдары орта есеппен 2,5 есеге артады. 4-ші және одан да көп баланың туылуына берілетін бір мезгілдік жәрдемақы 2007 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 4 есеге өседі. Қоғамдағы ең маңызды салаларды әйелдер құрайтыны барлығымызға белгілі. Бұл жылдың біз үшін басты ерекшелігі - Түрксіб ауданының құрылғанына биылғы жылы 70 жыл толады. Ауданымыздың құрылғанына да әйелдер өз үлестерін қосудан аянып қалмады. Біз, Сіздердің ауданымыздың дамуына қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. "Барлығы адамның қолында, ал адам - әйелдің қолында",- деп бекер айтпайды. Ауданымыздың гүлденіп, рухани дамып, өркендеп отыруы тікелей Сіздердің үлестеріңіз. Сол себепті, бұл гүлге және ғажайып көңіл-күйге толы көктем мерекесінде Сіздерге тілерім: бақыт, денсаулық және махаббат. Табысты болыңыздар, рухани жастық пен әдемілік, аналық бақыт пен отбасылық қуаныш, бейбітшілік пен ынтымақ әрқашан жандарыңыздан табылсын!


© 2010-2022