Дүниетанудан 3-сыныпқа арналған Жылдық тест

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тест (Жылдық)


1. Ас қорыту органдары дегеніміз:

А) Жүрек, көк тамырлар, қылтамырлар

Ә) Өкпе, қолқа, кеңірдек

Б) Өңеш, асқазан, ішектер

2. Мұрын қандай мүше?

А) Сипап сезу

Ә) Дәм сезу

Б) Иіс сезу

3. Жерде судың қай түрі көп?

А) тұщы

Ә) тұзды

Б) мұз

4. Барлық денелер қандай екі топқа бөлінеді?

А) тірі және өлі

Ә) үлкен және кіші

Б) табиғи және жасанды

5. Пайдалы қазбалар шоғырланған жер қалай аталады?

А) қойма

Ә) кеніш

Б) жер қойнауы

6. Төмендегі пайдалы қазбалардың қайсысы кенді қазбаға жатады?

А) шымтезек

Ә) фосфорит

Б) темір кені

7. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты

А) Қара кітап

Ә) Жасыл кітап

Б) Қызыл кітап

8. Жануарларды қорғау мақсатында құрылған аумақтар қалай аталады?

А) Қорғау орындары

Ә) Қорықтар

Б) Бақтар

9. Зейнетақы деген не?

А) Әкеме еңбегі үшін төленеді

Ә) Атама күнкөріс үшін төленеді

Б) Ағама жақсы оқығаны үшін төленеді

10. Отбасына кімдер кіреді?

А) Достарым, мұғалімдер

Ә) Нағашыларым, немере туыстарым

Б) Ата-әжем, әке-шешем, туыстарым

11. Ауыл адамдары қандай жұмыс түрімен айналысады?

А) Зауытта жұмыс істейді

Ә) Пайдалы қазба өндіреді

Б) Жер өңдеумен және мал өсірумен айналысады

12. Қандай көлік түрі тек қана ауылда қолданылады?

А) Трамвай

В) Жүк көлігі

С) Ат-арба

13. «Сабантой» кімдердің кәсіптік мерекесі?

А) Шопандардың

Ә) Диқандардың

Б) Мұғалімдердің

14.Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?

А) Іле

Ә) Есіл

Б) Сырдария

15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында не бейнеленген?

А) Қанатты тұлпарлар

Ә) Қалықтаған қыран

Б) Алтын адам

16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?

А) Қанатты тұлпар

Ә) Қар барысы

Б) Шаңырақ пен уық

17. Төмендегі Қазақстан азаматтарының қайсысы Ұлы Отан соғысы жылдары батыр атағын алды?

А) Бөгенбай батыр

Ә) Талғат Бигельдинов

Б) Мұхтар Әуезов

18. Тың жерді игеру қай жылы басталды?

А) 1964

Ә) 1954

Б) 1948

19. Қызылорда облысында не өсіріледі?

А) Мақта

Ә) Күріш

Б) Бидай

20. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?

А) Ш.О. Ниязбеков

Ә) Ж.М. Мәлібеков

Б) Ш.Ы. Уалиханов

© 2010-2022