Еңбекке баулу пәнінен Аквариумдағы балықтар композициясын құрастыру тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Аквариумдағы балықтар композициясын құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Аквариум туралы түсінік беру , геометриялық пішіндерден денелер қиып үйрету.

Тәрбиелік: Парақ бетіне фигураларды ұқыпты, таза жапсыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жұмбақ шешу, қол қимылын жатықтыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Түрлі түсті қағаздар, картон, желім, қайшы, фломастер.

Қолданылатын тәрбие әдістері:Түсіндіру әдісі,үйрету әдісі,көрсету тәсілі.

Сабақ жоспары:

Ι.Ұйымдастыру кезеңі:

ΙΙ.Негізгі бөлім:

1) Жаңа сабақ.

2) Практикалық жұмыс.

ΙΙΙ.Қорытынды бөлім.

1) Бағалау.

2) Үй тапсырмасы.

Сабақтың барысы:

Ι.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Барлықтарың сабаққа дайынсыңдар ма?Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын, егер жауабын дұрыс тапсаңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады:

1)Суда оның өмірі, суда оның қорегі

2)Аузы бар, ізі жоқ, терісі бар, жүні жоқ.

3)Құйрығы жерге тимейді

Жотасы күнге күймейді.

4)Аяғы жоқ жүрмейді, қанаты жоқ ұшпайды

Жер бетінде өмір сүре алмайды.

5)Суда өседі, өнеді

Сыртқа шықса өледі

- Өте жақсы жұмбақтың шешуі- Балықтар

- Аквариумда нелерөмір сүреді?

- балықтар

- Олай болса балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық.

- Балықтар қайда тіршілік етеді? (суда, теңізде, көлдк, мұхит және де аквариум, океанариумда және дельфинариумде.Балықтардың түрі өте көп:тұқы, бақтақ, ақсерке, шортан, алабұға ,сазан, шабақ, жайын, ақ балық, алтын бақа( кары, форель, семга белый , золотая тағы басқалары.Балықтарды зерттейтін ғылым- ихтиология деп аталады.Ал бізде тек қана тап қазір аквариумдағы балықтар бар. Аквариум (су қойма-су жануарлар мен өсімдік өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.Аквариумдағы балықтардың тыныс тіршілігін күнде біз топта бақылап жүреміз. Олардың да тіршілігі көлдегі, өзендердегі балықтарға ұқсас, тек олар біздің топта шыны аквариумда өмір сүреді, біз оларға күтім жасаймыз. Аквариумды жуып тазалаймы, тамағын саламыз.Балалаған балықтарды басқа аквариумда ұстап,өскеннен кейін қосамыз.т.с.с.

Күн сайын 15минут қарап отырсан жүйке жүйе жақсарып, көңіл-күй сергиді екен.

ΙΙ.Негізгі бөлім:

«Тәккаппар балық»

Жөнімді өзім білем-деп,

Сусыз-ақ өмір сүрем-деп,

Құрлықты балық мақтапты,

Теңізін туған даттапты.

Бір күні күшті жел тұрып,

Тулады теңізжұлқынып

Тәккаппар әлгі балықты

Құшаққа құрлық алыпты

Жел кептіріп денесін

Күн құрғатып өңешін

Желбезегі желпілдеп

Аузын ашып су тілеп

Жылапты зарлап, «үһілеп»

-Мөлдір суым, мекенім

Енді қайтсем жетемін?!

Қадіріңді білмедім

Неше шалқып жүрмедім?!

Тыңдамап едім ешкімді,

Қателігімді кеш білдім,-деп, тәккаппар балық құрлықта жатып өліпті.

- Сонымен балық сусыз қалса өліп қалады екен.Сонымен бүгін еңбек сабағына мынадай көк фонды аквариум деп алып, мына көк қағаз бетті дайындап қойдым, Қалай ойлайсыңдар аквариумда не жетіспейді? (балық, тас, шөп)

Дұрыс , ендеше бұл аквариумды көңілді болу үшін балықтарды қиып жапсырайық

Тасты- қөңыр,

Шөп,- жасыл

Балық денесі- сары

Қанаты мен құйрығын- қызыл түстен.

Қию кезінде ескеретін жайт балықтың денесін сары түстен сопақша етіп қиямыз.Құйрық қанатшаларын үшбұрыштап қиямыз.Тасты дөңгелетіп. Балдыр, шөпті-ұзын қиғаш қиямыз.

Жұмысқа кіріспей тұрып, саусағымызды жаттықтырып алайық.

Жаттығу:

Біз жүземіз оң жаққа

Біз жүземіз сол жаққа

Шоршимыз көл астында

Ыршимыз көл үстінде

Тұңғиыққа батамыз

Тәтті ұйқыға жатамыз.

- Ал енді сіздердің алдарыңызда желім, қайшы, сары, жасыл, көк, қызыл, қоңыр түсті қағаздар бар.Кәне соларға көңіл аударып, жапсыру жұмысына кірісейік.

Ең алдымен балықты дайындап алайық, тік төртбұрышты екіге бөліп, бұрыштарын дөңгелетіп қию.Шаршыдан 2 тең үшбұрыш қиып, 2-ші үшбұрышты 2 тең үшбұрышқа тағы да қиямыз.Шаршыдан дөңгелек қиямыз. Шөпті жасыл қағаздан ұзын қиғаш жолақ қиямыз. Енді барлығын қағаз бетіне дұрыс орналастырып, жапсыру керек.Яғни дайын болған тас, шөп, балықтарымызды әдемілеп аквариумға орналастырып, таза етіп желімдейміз.

- Өте жақсы дайын болған аквариумдарынды мына көрмеге орналастырайық

Сергіту сәті:

Кәне балалар тұрамыз

Бойымызды жазамыз

Балықтарға ұқсап біз

Жүзіп- жүзіп аламыз.

ΙΙΙ.Қорытынды бөлім.

1) Бағалау.

2) Үй тапсырмасы.

Еңбекке баулу пәнінен Аквариумдағы балықтар композициясын құрастыру тақырыбында сабақ жоспары.

© 2010-2022