Өсімдіктерді қорғау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану пәні 1сынып

Тақырыбы: Өсімдіктерді қорғау.

Мақсаты: Табиғаттағы өсімдіктерге қамқорлық жасау, қорғау жайлы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың білімін тереңдету, табиғаттағы өсімдіктерге қамқор болуды үйрету.

  2. Пәнге деген қызығушылығын шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту.

  3. Табиғатты құрметтеуге құрметтеуге, аялай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы өсімдіктерді қалай қорғау керектігін біледі. Сабақтағы тапсырмаларды орындайды, постермен жұмыс жасайды. Бірін - бірі бағалай біледі.

Сілтеме: Дүниетану «Атамұра» 2012

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Талантты және дарынды баламен жұмыс.

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс - әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

Психалогиялық дайындық.

Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырады. Оқушыларды әр түрлі стикерлерге жазылған тілектер арқылы топқа бөледі.

Оқушылар сабаққа дайындалады. Стикер түсіне қарай топтасып отырады.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Автор орындығы» әдісі бойынша.

«Автор орындығын» ұсынады. Шығармаларын тыңдайды.

Оқушылар автор орындығы арқылы үйден жазып келген шығармаларын оқиды.

3.Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс

Ойлан-жұптас-бөліс тәсілі

Сұрақтар береді

-Суреттен адамның өсімдікке тигізер пайдасы мен зиянын салыстыр?

-Құстардың табиғатты қорғауға қандай пайдасы бар?

-Өздерің табиғатты қорғау жұмыстарына қатыстыңдарма?

Оқушылар өз бетімен бүгінгі мәтінмен танысып шығады.

Қосымша сұрақтар арқылы постермен жұмыс жасайды.

4.Сабақты бекіту

«Іздеген жетер мұратқа»

Мақалдардан үзінді береді

1 Бір тал кессең-..............

2 Қорада малың болсын,...........................

3 Қыз өссе елдің көркі,...............................

Жаман іс жоқ, жаман ісші бар деп сабақты қорытады.

Оқушылар жалғасын тауып, мағынасын ашады.

5.Үйге тапсырма

Мен табиғаттың қорғаушысымын! тақырыбына шағын эссе жазу немесе бір шумақ өлең шығарып келу.

Оқушылар тапсырманы жазып алады.

6. Бағалау

Оқушыларға фарматифті бағалайды.

Балалар бірін-бірі және топтардың жұмысын бағалайды.

7. Кері байланыс

Не үйренді?

Не білді?

Не ұнады / ұнамады?

Оқушылар бүгінгі сабақтан үйренгендерін немесе сұрақтарын жазып іледі.


© 2010-2022