8 саны және цифры

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 саны және цифры

Математика

Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларды 8 саны және цифры мен таныстыру. 8 санын шығарып алу жолдары мен оның сандар қатарындағы орны туралы түсінік беру. Өздігімен жұмыс жасауға баулу. 8 цифрын дұрыс, әдемі жазуға үйрету.

2. Дамытушылығы: Математикалық түсініктерін, ой-өрістерін кеңейту. Ауызшы есептеу дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілікпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары, суреттер, қима қағаздар,көкөністер, жемістер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Көңіл-күй ахуалы. Ынталандыру.

Оқушылар көздерін жұмып отырады және мұғалімді мұқият тыңдайды, әрбір сөз тіркесінің соңғы сөзін хормен айтады.

  • Біз сабақта .....(отырамыз)

  • Біздің көзіміз зер сала қарайды, барлығын .....(көреді)

  • Біздің құлағымыз мұқият тыңдайды және барлығын ... (естиді)

  • Басымыз жақсы... (ойлайды)

  • Біз сабаққа... ( дайынбыз)

ІІ. Психологиялық дайындық

Кәне, біздер ойлайық,

Ойымызды жинайық.

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Сабағымыздың ұраны: Есеп білмейтін адам,

Түк сезбейтін надан

  • Балалар, бүгін біз пойызбен «Сандар әлеміне» саяхатқа барамыз, онда қызықты тапсырмалар орындап, математикалық ойындар ойнаймыз.

8 саны және цифры



  • Пойызбен бару үшін не алу керек?

  • Билет алу керек.

  • Билет алу үшін, оқушылар мұғалім көрсеткен сандарды атап, вагондарға отырады.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

а) Ендеше, балалар өткен сабақтар бойынша қаншалықты ұққанымызды ортаға салайық.

- Біз сандар әлеміндеміз.

- Кәне бірінші тапсырманы орындайық.

1. «Шатасқан сандар» ойыны.

Сандарды өсу ретімен қою.

8 саны және цифры



2. 0-7-ге дейін тура, кері санату.

ә) - Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Салыстыру

- Нені салыстыру?

- Өрнек пен санды

- Өрнектерді салыстыру.8 саны және цифры

-Қосу амалының компоненттерін ата

-Азайту амалының компоненттерін ата

ІҮ. Мақсат қою

  • 7 санынан кейін қандай сан?

  • 7 санынан кейін 8 саны

  • Біз бүгін сабақта нені үйренеміз?

Ү. Жаңа сабақ8 саны және цифры

Ой қозғау. Жұмбақ шешу.

Бұл санға да ол үлгі

Қар адамы кәдімгі,

Қыс түссе болды аулада

Келтіріп тұрар сәніңді,

Бір ғана саған тапсырма,

Үшінші басты жапсырма.

Бұл қандай сан? (8 саны)

-Балалар аспанда ұшып келе жатқан нелер? (көгершіндер)

-Нешеуі ұшып келеді? (7-еу)

-Қараңдар, тағы нешеуі ұшып келеді? (1-еу)

-Балалар, көгершін қандай құс? (Бейбітшілік құсы)

-Біздің елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын!

-Кәнеки, балалар барлық көгершіндерді санап көрейікші.

-Қанша шықты? (8)

8 саны және цифры8 саны және цифры



-Осы суретке қарап, өрнек құрастырайық

-7 санына 1 санын қоссақ 8 саны шығады.

7+1=8

8 санынан 1 санды алсақ 7 саны шығады.

8-1=7

-Сандар қатарында 7-ден кейін қандай сан келеді?

-8 саны

-8 саны неге ұқсайды?

(көзілдірікке, екі допқа, бантикке, балапанға, аққалаға)

8 саны және цифры8 саны және цифры8 саны және цифры

-8 саны қандай сандардан артық?

8>7, 8>6, 8>5, 8>4, 8>3, 8>2, 8>1, 8>0

8 саны қай сандардан кем? 9,10сандарынан

  • 8 саны және цифрының жазба түрін көрсету.

Сегіз саны құрылған,

Қос дөңгелек шеңберден.

Үлкен шеңбер үстіне,

Кіші шеңбер жанасқан.

  • Санына байланысты қандай мереке бар? (8- наурыз )

  • 8-наурыз қандай мереке? (аналар мерекесі)

Дүниедегі ең жақын адам, ол кім? (Ана)8 саны және цифры

Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс

1 тапсырма

-Қиярды қай кезде тұздайды?

- Сөредегі тұздалған қиярдың банкісі нешеуі?

- Тағы біреуін қосқанда нешеу болады?8 саны және цифры

- 8-дің 1-еуін алсақ, нешеу қалады?

2 тапсырма

-Кесіндінің ұзындығын өлшеу.

-Кесінді дегеніміз не?

________________________ 8 cм 8 см > 7см

_____________________ 7 см 7 см < 8 см

3 тапсырма. Салыстыру

Қияр мен қызанақты салыстыру.8 саны және цифры

8 > 7, 7 < 8

ҮІІ. Тақтамен жұмыс

4 тапсырма. Салыстыру

4+3 > 5 6-2 > 5-2

2+3 < 6 4-3 < 5-1

8 саны және цифры

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Алақанды ашамыз,

5-ке, 5-ті қосамыз

Кел, санайық ал мұны

Нешеуі болды барлығы? (10)

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс.

8 цифрын жазу.Өрнектерді жазу.

-Сандардың құрамын қайталау, табу.

8 саны және цифры


ІХ. Білімдерін тексеру.

-Балалар «Сандар әлеміне» оралу үшін «Көршіңді тап» ойынын ойнаймыз.

 2 ,  7 ,  3 ,  5 ,  6 ,  4 .

Х. Сабақты қорытындылау.

«Қызықты математика» ойыны

Логикалық жұмбақтар8 саны және цифры

1.Зереде болды 8 алмұрт,

Гүлшатқа берді 4 алмұрт.

Ойланып, кәне көрейік,

Зереде қалды қанша алмұрт? 8-4=4 алмұрт

2. Алма ағашта 3 алма,

Қандай жақсы жесе алма.

3-еуінде жеп қойдым,

Қалды сонда неше алма? 3-3=0

3. Далада жүр 4 түйе,

Қосылды оған 1 түйе.

Жалпы саны түйенің,

Болды сонда, санашы? 4+1=5 түйе

-Балалар, бүгін біз «Сандар әлемінде» қандай санмен таныстық?

-8 саны неге ұқсайды?

-8 саны қай саннан кейін тұрады?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша, төртбұрыштар мен бағалау.

ХІ.Үйге тапсырма: 8 саны және цифры



© 2010-2022