Тәрбие сағаты Алтын күз

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Алтын күз» мерекесі

(тәрбие сағаты)



Тақырыбы: «Алтын күз» мерекесі

Мақсаты: Күз мерекесінің ерекшелігін түсіндіру. Табиғатты сүюге, бірлікшіл болуға тәрбиелеу.

1-жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір - көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! - деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.

2-ж.:
Күн қарына алады,
Күздің соңғы айы бұл.
Қар да жауып қалады,
Алдамаса пайымым.

1-ж.:
Екінші айы бұл күздің,
Доп қуып, футбол ойнаймыз.
«Күзгі балын» мектептің
Қазан айында тойлаймыз!-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күз гі бал» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2 -ж.: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын - тамаша дүние. Күз келсе - біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе - аппақ қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емеспе?); көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда - көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.

1-ж.: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сулулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.

Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:


1.Күз мерекесіне арналған тақырыптық көрмені қорғау. «Саябақта»

2. Өнер көрсету. Көрініс «Бидай мен қаңбақ»

Өзбек биі

3.«Күз ханшайымдарының» жарысы
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.

Келдім , міне 2 «Ә» сыныбынан

Ұраным жеңіп шығу басқалардан

Күз ханшайымы Жанерке мен боламын

Иіліп сәлем беремін баршаңызға

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.

Сыныбымның атынан
Қорғап келген намысын,

Сегіз қырлы, бір сырлы,
«Күз ханзадасы» Бақдәулет мен болам.

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Қорытынды.
- Сонымен,бүгінгі мерекеміз аяқталды. Жарыс соңында мұғалімнің қорытынды сөзі тыңдалып, оқушылар марапатталды.


© 2010-2022