Тәрбие сағаты Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы


Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді.

Барысы:

Қазақстан Республикасы әнұранын айту

"... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын..."

Нұрсұлтан Назарбаев

1-жүргізуші: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтаыменен бірге жапырақ жаясың.

Тұманбай Молдағалиев

2-жүргізуші: Құрметті мұғалімдер мен балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп аталады.

Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ).

1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады.

(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету)

2-жүргізуші: Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету).

1-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.

2-жүргізуші: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері:

(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету)

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977жж - Қармет комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жж - Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.

1979-1984 жж - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жж - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989-1991 жж - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.

1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1-жүргізуші: 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі).

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ:

- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;

- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;

- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды;

- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;

- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан;

1-жүргізуші: Біздің Елбасымыз - білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.

Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.

(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі).

Кофи Аннан - БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда - бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады.

Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».

Ким Дэ Чжун - Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді».

Эмомали Рахмонов - Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі - мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер.

Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.

Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық.

Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы - өз халқының даусыз басшысы».

Джордж Буш - Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».

2-жүргізуші: Елбасы - туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.

Әндерімен таныстыру.

Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету)

1-жүргізуші: Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.

• ... Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

• «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».

• Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

• Менің атам да, анам да - қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

• Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

• Сөз бостандығы шексіз емес.

Ол - табындыратын ғана емес,

Талқандайтын да қуатты күш.

Тәрбиеші: балалар енді Елбасымыздың дәрежесін атайық.

(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады )


Қазақстанның тұңғыш президенті

Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы

Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы

Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы

«Ғасыр адамы»

Экономика ғылымының докторы, академик

Әнұранның авторы, жазушы

Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы

Алымды да, алғыр басшы

Көреген саясаткер


Мұғалім: Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамың!

Өркені өссін қазақтың,

Осы - менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы - менің мұратым!

О, Ақорда, Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық,

Осы - менің мақсатым!

Халқым - менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы - менің тілегім.


Қорытынды: Құрметті тәрбиешілер, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

© 2010-2022