Сабақ жоспары Әліппе С дыбысы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе. 1 сынып
Ертегі сабағының тақырыбы: Сс дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Сс дыбысы мен әрпін таныту, Сс дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету, Сс дыбысы қатысты болатын жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту, сөздер, сөйлемдер ойлату.
2. Дамытушылығы: Сурет бойынша сөйлемдер ойлап, әңгіме құрастыру. Сөзжұмбақтар шешуге үйрету. Баяндап жатқа жеткізе айту қабілеттерін қалыптастыру, диктант жазу.
3. Тәрбиелігі: Қазақтың салт - дәстүрлерімен танысу. (Тоқымқағар, Жас санау, Қозы жасы, Қой жасы, Жылқы жасы, Патша жасы)
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, буындар, буклет, Салт - дәстүрлер кітапшасы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, ертегі, сұрақ - жауап, құрастыру.

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру.
II. Өткенді пысықтау.
- Кеше қандай әріппен таныстық? Бб
- Ол қандай дыбыс? Дауыссыз Неге?
- Сөздің қандай бөлігінде кездеседі?
- Басында келетін сөз ойлайық.
- Ортасында келетін сөз ойлайық. Бас, бала, балапан, бақа, балық, бақыт, таба, сабын, қарбыз, арба, дорба, жаңбыр.
- Қазіргі заманда адамдар қандай болып тұрғысы келеді. Бай.
- Басты байлық не? Денсаулық

Денсаулық туралы қандай нақыл сөздерді білеміз? Денсаулық - зор байлық.
Күн нұрындай шуақты да арайлы, Барлық байлық денсаулықтан тарайды.
Денсаулыққа нелер пайдалы дедік? Көкөністер
Кітаптан сөздер оқиық. Кезектесіп буындар оқу.
Ар ба, ба ла, бо та, дыбыстық талдау жасау, тақтаға жазу.

Сергіту сәті.
Қанат жайып қалықтап,
Құс сияқты күйге енем.
Асықпаймын үйге мен.
Жаңа әріппен танысып,
Жазу жазып үйренем.

III. Жаңа сабақ. Сансызбай деген бала болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір күні тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені көріпті? Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға қарай жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді. алдынан сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина, сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен бір бүктелген қағаз алды. Оның сыртында мынандай жазу бар екен. Біреу мұны ай деді, біреу орақ деді. Мына заттардың атын қайта - қайта айта береді. Қандай дыбыс шықты? С С С. Міне, мынау С әрпі. С с дауыссыз дыбыс. Олар әлгі бүктелген қағазды жазып көріп еді, толған жазу екен. Мен оларға көмектесіп оқып берейін. Жеке сөздер оқылады, мағынасы түсіндіріледі. Сс әрпінің жазбаша түрі түсіндіріледі. Ауаға жазылады.

Кітаппен жұмыс.
А) Әріп сағат бойынша сөйлеу. Сағат, Сара, су.
Ә) Сурет бойынша сөйлем құрау. Талдау үлгісі Сабақ - са - бақ, са - буын, 5 - дыбыс 5 - әріп.
Б) Тізбектей оқу. (Жақсы оқығандарды мадақтап сақина, сырға, сағат, сәукеле суреттерін беріп кету).

З) Дәптермен жұмыс. А) тарату Ә ) түсіндіру б) үлгі бойынша В) диктант (дыбыстық, буындық, сөздік ) Г) жинау
4) Тақтамен жұмыс.
Суретті сөзжұмбақ шешу.( Cағат, сона, сан суреттері )
5) «Балық аршу» ойыны (Шығармашылық тапсырма )
Бір қабығын алған сайын С дыбысы бар сөз тауып, оған сөйлем ойлап айту. Мысалы: Самат судан балық ұстады. Олсазан екен. Балық өте семіз болды. Самат оны сатты.
6) Диктант. Бір жолға Аа Бб Сс, екінші жолға ауа, бас, саба, үшінші жолға Сара сабаққа барды.

Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022