«Ата-ана және қоғамдық жұмыс»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласы.








Баяндама



Тақырып:

«Ата- ана және қоғамдық жұмыс».




Кожина Саягуль Саматовна.

Бастауыш сынып мұғалімі.

ІІ санаттағы мұғалім.

Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия.















2014 жыл.

Жоспары: І.Кіріспе бөлім ІІ.Негізгі бөлім

  1. Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе - бала тәрбиесі.
  2. «Білім негізі - бастауышта».
  3. Отбасындағы қарама - қайшылық мәселелер.
  4. Мектепке дейінгі тәрбиедегі ата - ананың міндеттері
ІІІ. Қорытынды бөлім

























«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында

ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда

отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті»

(Н.Ә.Назарбаев) І.Кіріспе бөлім "Қазақстан 2030" даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында "Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады" делінген. Сондықтан да, ғасырлар қойнауынан сараланып, ұмыт қалмай, бабаларымыздың тұрмыс тәжірбиелерінің жиынтығы болып табылатын ұлттық тәрбиені жас ұрпақ бойына өміршең құндылықтарымызды қалыптастыру біздің міндетіміз. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап, ата-ана алдында нәзік те қиын, қыры-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәрбие отбасынан басталады. Ата-ананың бас қуанышы - бала. Ата -ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Қазіргі кезде балаларға білім мен тәрбие беру орындарында осы мақсатта заман талаптарына сай жалпы тәрбие жүйесі ұлттық рухани үрдістің негізінде құрылып, жұмыстар атқарылуда. Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады. Ата-аналар баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуының физиологиялық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздерін қалайды, баланың барлық әрекет түрлеріндегі жетістіктер талабының бағдарламасын құрады. ІІ.Негізгі бөлім «Қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол тәжірибесіне, ғылымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлвқ жасаған» - дейді көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Р.М.Қоянбаев. (Ромсеит Мұхтанұлы) Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе - бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Отбасы - қоғамның алғашқы ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді, бұл шағын әлеуметті топ - бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жықсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата -ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы, өз үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қоғамдық тәрбиенің жетекші ролі жағдайында қоғам мен отбасы тәрбиесінің бірлігі аса маңызды мемлекеттік құжаттарда тұжырымдалған тәрбие жұмысының басты қағидаларының бірі болып табылады. «Білім негізі - бастауышта». Бастауыш мектепте алған білім - білім әлеміндегі ең алғаш қаланған іргетас болып есептеледі. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі міндеттері - баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың мектепте алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде педагогикалық үдерісті қоғам талаптарына сәйкес жаңғырту, қоршаған әлем, табиғат, өзі және айналасындағы әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру, баланың танымын дамыту, ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыру, танып білуге қызығушылығын арттыру, баланың сөйлеу тілі мен ана тілін таным және ойын әрекеті негізінде дамыту, баланың дұрыс дыбыстауын, байланыстырып сөйлеуін, қатынас мәдениетін, сауат ашу негіздерін игеруге даярлау, Отанына сүйіспеншілікке, түрлі ұлт өкілдеріне, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу және баланы қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, өте маңызды. Ендеше, мектепалды даярлық топтарындағы балалардың толыққанды білім алуына және балаларды қоғамдық жұмысқа баулуға да ата-ананың көп көңіл бөлуі керек. Мектепалды даярлықтың тәрбиеленушілері жаратылысы, тәрбиесі, мінез- құлқы, басқа балалармен қарым- қатынаста, білімді меңгеруінде де, жан - жағындағы болып жатқан құбылыстарға бір өзіндік қабылдауы, ойы болады және әр қайсысы әр түрлі бір - біріне ұқсамайды. Мысалға, екі отбасынан шыққан екі баланы алайық: Балалар ойын уақытында жеке- жеке топ болып екі немесе үш бала бірігіп ойнайды, өз беттерімен күбірлесіп сөйлесіп ойыншықтарын бір - біріне кезекпен келісіп ойнап жатса, топта Бақдаулет есімді бір бала жеке ойнайды. Себебі, оны басқа балалар өз орталарына алып ойнағысы келмейді. Осыдан неге? - деген сұрақ туындайды. Ол баланы басқа балалармен салыстырып қарайтын болсақ, ол өте тұйық, басқа балалармен тіл табысуы оған қиынға соғады, өз ойын ашылып айта алмайды. Оның бойында сенімсіздік қалыптасқан, қасындағы балаларға бірдеңе айтқысы келеді бірақ өзіне назар аударта алмайды. Баланың өзіне деген сенімсіздігі мені қатты алаңдатты. Бұл баланың проблемасы отбасынан ба?.. деген ой келді. Отбасы жағдайын анықтадым. Жалғыз басты жас ана үш баласын тәрбиелеп отыр, үй-күйі жоқ, жалдап тұрып жатқан жәйі бар екен. Ата-анасы айырылысып кеткен, әкесінің балаға қарауға уақыты жоқ. Әрине, бұл отбасы жүзден бір мысал ғана.. Сапалық тұрғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асырылуда. Ал отбасындағы қарама - қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеп соқтыратын осындай жағдайлар бар: толық емес отбасы, ата-аналары ішімдікке салынып кеткен, және т.т Әрине бұл қоғамдық өмірде орын алып бара жатқан үлкен мәселе, өте өкінішті... Топта, Темірлан деген бала бар. Бұл жоғары айтқан отбасына мүлде қарама-қайшы, бес балалы толық отбасы. Темірлан үйдегі балалардың төртіншісі, еркесі. Ата -ананың балаға қарым-қатынасы ерекше. Бала өзіне сенімді. Сөз саптамасы өз жасындағы балаларға қарағанда өте жақсы. Бала өзін кез-келген ортада емін-еркін сезінеді, өте зерек, өз ойын ашық айтады, өте жақсы оқиды және қоғамдық жұмыстарға ата-анасы белсене қатыстырады. Баланы өнерге баулиды. Әрине, бұл отбасындағы балаға деген тәрбиенің дұрыс қалыптасқаны, «үлгілі» отбасы деп айтуға да болады. Мен балаға қарап шатыққа, қуанышқа толы жүздерін көріп, еліміздегі әр отбасындағы балалар осындай бақытты ортада өмір сүрсе екен деп ойлаймын. Отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырын аңғара білейік. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ата -аналар әр түрлі болып келеді, әр түрлі отбасында алған тәрбие де әр түрлі болады. Ата-аналар мектепке дейінгі шақты бала үшін өте маңызды шақ екені түсінсе екен деймін. Адамзатта ең құнды және мәңгілік болатын - ТӘРБИЕ

Халық даналығы Ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ » дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа?! Балаға теріс әсер ететін жәйттерді де есте сақтағанымыз жөн: жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы, арақ ішу, темекі тарту, көңіл-күйіңіз нашар болса баланың қуанышына ортақтаспау, т.б үйдегі жаман әдеттерді көрсетпеу қажет, себебі, 5-6 жастағы кішкентай балалар сол айтқан жаман әдеттерді үлгі тұтып, үлкендер не істеп, соған еліктеуі мүмкін. Бұл келеңсіз жағдайдан балаларды қорғауымыз керек. Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау керек. Ата-ананың міндеті - мәдениеті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеп, жүйелі білім алуына жағдай жасағаны дұрыс, ата-аналар жиналысына қатысып, мұғаліммен кездесіп, пікір алысып, баласының мектеп өмірімен толық араласуына және қоғамдық іс-шараларға қатысуға бейімдеу. Бала тәрбиесіндегі қоғамдық жұмыстың орны ерекше. Баланы мектепішілік іс-шараларға қатыстыру - көпшілікке үйрету, өнерге баулу, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді, Ата-анамен бала арасындағы қарым -қатынастың нығая түсуіне, баланың дарындылығын ашуға ықпал етеді. Халқымыздың бала тәрбиесіндегі негізгі қағидалары баланы бесіктегі кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай-тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді. Соған орай дөрекілікке бой алдырады. Өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата -ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. ІІІ. Қорытынды бөлім Егеменді еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің басты ұясы отбасы - мемлекеттің негізгі буыны. Қоғамдағы отбасының мақсаты - баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-анамен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында: махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік, келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші - ата-ана.





















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Бастауыш мектеп» журналы. №12. 2009 жыл- 39 бет.
  2. «Отбасы және балабақша» журналы №4 (146) - 8 бет 2011ж.
  3. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №6 (90)51-52 бет 2012ж.
  4. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №7 (91) -54 бет 2012ж.
  5. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №8 (92) -55 бет 2012ж.
  6. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №9 (93)58-60бет 2012ж.
  7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ӘЗІРЛЕГЕН және ҰСЫНҒАН. 12бет.



«Ата- ана және қоғамдық жұмыс»
© 2010-2022