Конспекты казахскому языку на тему Манжазба

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Тынышбаев атындағы КазККА Ақтау көлік колледжі

Мәнжазба

Тақырыбы: АҚШ(1914-1918)

Орындаған: АТС 9\15-01 тобының

1курс студенті Құралбай А.Д

Тексерген: Тарих пәнінің оқытушысы,

магистр Абылаева Ж.Д



Ақтау, 2015 ж.

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. 1917-1918 жж. соғыс қимылының АҚШ-қа әсері 2.2. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың АҚШ-тың экономикасына тигізген әсері

2.3. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер арасындағы қарама-

қайшылықтар. Вильсонның «14 тармағы»

2.4. Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі

2.5. Версаль бітімшарты

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. XX ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз-прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты. Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман-австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті. Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне карағанда карама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды. Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға - Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді.

II.Негізгі бөлім

2.1. 1917-1918 жж. соғыс қимылының АҚШ-қа әсері 1917 жылдың басында Германия коалициясының жағдайы аса ауыр болды. Германия адам ресурстарының жетіспеушілігін басынан өткізді. Ол 1917 жылдың көктемінде небәрі отыз ғана дивизия жасақтады. 1916 жылдың 29 тамызында Германияның әскери қолбасшылығы генерал-фельдмаршал фон Гиндербургке жүктелді. Күзде ол 1917 жылғы соғыс қимылдарының жоспарын дайындады. Бұл жоспар бойынша барлық майдандағы шабуылдар тоқтатылып, майдан желілері қысқартылды. Бүкіл экономика әскери мекеменің қолына берілді. 16-60 жас аралығындағы барлық ер адамдар әскерге шақырылды. Антанта жағында экономика, қаржы және адам ресурстары басым болды. Оған қоса суасты соғысы АҚШ-тың мүддесіне тікелей қайшы келіп, оның сауда флотына қауіп төнді. Немістер толассыз суасты соғысын жүргізді. Осы оқиғаға дейін Еуропа істеріне араласпай,бейтараптық сақтап келген АҚШ Германияға қарсы соғыс жариялауға шешім қабылдады. 1917 жылдың басында Антанта елдерінің 439 дивизиясы болса,Германия блогында 333 дивизия болды. АҚШ-тан кейін Куба, Панама, Бразилия,Гватемала, Гондурас, Никарагуа,Перу, Уругвай, Коста-Рика және Гаити Германияға қарсы соғыс жариялады.Конспекты казахскому языку на тему Манжазба

2.2. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың

АҚШ-тың экономикасына тигізген әсері Бірінші дүниежүзілік соғыс көп қиындықтарды және үркіншіліктерді барлық соғысушы мемлекеттерге әкелді. Бірақ АҚШ территориясында соғыс жүргізілбегендіктен, бұл мемлекет Еуропалық мемлекеттерге қарағанда жаудың басқыншылығын сынамады. Соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың экономикасы бекіді және әлемдегі орны әлде қайда бекемделді. Еуропалық мемлекеттердің әлсіреуін қолданып, АҚШ олардың дайын өнімдерін, шикізат базаларын басып алды. Әскери тапсырыстар тек қана соғыс жұмыскерлеріне ғана емес, басқа да экономикалық секторларында жүргізілді Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан туындаған, халықаралық қаржылық дағдарыс 1914 жылы болып өтті. Себебі - АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия үкіметтерініңәскери әрекеттерді қаржыландыру үшін, шет елдік эмитенттердің қағаздарын жан-жақты сатуынан болды. Бұл дағдарыстың басқалардан айырмашылығы, орталықтан шалғайларға таралған жоқ, ал, соғысып жатқан тараптар шет елдік активтерді жойғаннан кейін, бірнеше елде бір мезетте басталды. Бұл, барлық нарықтарда тауар нарығының да, ақша нарығының да күйреуіне әкеп соқтырды. АҚШ-тағы, Ұлыбританиядағы және бірнеше басқа елдердегі әбігерлік орталық банктердің нарықты уақытында басып алуынан жеңілденді. Соғыстан кейінгі дефляцияға (ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің артуына) және рецессияға (өндірістің құлдырауына) байланысты, келесі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1920-1922 жылдары болып өтті.






















2.3 Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске

жеткен елдер арасындағы қарама- қайшылықтар

Вильсонның «14 тармағы» Соғыстың соңына қарай капиталистік дүниенің жаңа күштерінің арасалмағы анықталды. Әрбір державаның көздеген мақсаты мен материалдық табысқа жетуінің өзіндік жоспарлары болды. Соғыстың үшінші жылында ғана шайқасқа тартылған АҚШ одақтастарына ірі несие беруші және қуатты елге айналды. Осыдан келіп АҚШ-тың Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүние жүзін қайта құру бағдарламасы қалыптасып, онда халықаралық қарым-қатынастардың жаңа принциптері белгіленді. Бұл мәселе президент В.Вильсонның 1918 жылы 18 каңтарда АҚШ конгресіне жолдаған «14 тармағында» баяндалып, халыққа жарияланды. Оларда Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында отарлар мен ықпал етуші аймақтарын қайта бөлісу, Антанта елдері арасындағы барлық құпия келісімдерді жариялау, жерде, теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кеден кедергілерін жою және халықаралық деңгейде «ашық есік» пен «тең мүмкіндік» принциптерін мойындау, қару-жарақ шығаруды шектеу, келіссөздерді ашық және жария түрде жүргізу мәселелері көтерілді. АҚШ Бельгияны қалпына келтіруді, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтаруды, бейбітшілікті қолдау үшін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру қажет деп есептеді. В.Вильсонның бұл ұстанымдары дүниежүзілік саясаттағы жаңа пікір болатын. Ұлыбритания алға қойған міндеттерін Париж конференциясына дейін жүзеге асырды. Оның көздегені - қарсыласы Германияны әлсірету және ұлы державалар қатарынан шығару еді. Осман империясының Таяу Шығыстағы үлкен иеліктерінде Германияның ықпалы жойылып, Англия ықпалының күшеюі оның күш-қуатын барынша арттырды. Африкадағы герман отарларын Англия, Франция, Бельгия, Оңтүстік Африка Одағы бөлісуге келіскен. Соғыстың барысында Франция қатты зардап шекті. Ол несие беруші елден қарыздар елге айналды. Германияның мейлінше әлсіреуін міндет еткен Франция, оны бұрынғыдай ұсак мемлекеттерге бөлу жоспарын құрды, оларды Францияның әскери-саяси одақтастығымен байланысқан елдердің ықпалына бағындыруды көздеді. Франция үкіметі Рейнге дейін шекарасын кеңейту, Германияға барынша төлемақы төлету және Осман империясының иеліктерін өз үлесіне беру сияқты талаптарын да ұсынды. Бітім конференциясының барысында кешегі одақтастар арасында шиеленіскен алауыздықтар пайда болды. Президент Вильсонның «14 тармағы» негізіне сүйенген келіссөздер барысында жеңіске жеткен елдер өз жоспарларынан бас тартпауға, мүддесін ешкімге бергісі келмеді. Антанта Италияны өз жағына соғысқа тарту үшін оған жер беруге уәде берген еді, Италия осы жерлерді конференцияда талап етті. Ал Италияның қуатсыз соғыс күші бұл иеліктерді алуға қауқарсыз болды. Сондықтан Италияның қойған талаптары орынсыз көрінді. Румыния 1916 жылы өзіне уәде етілген Трансильвания, Буковина және Банат иеліктерін беруді талап етті. Ол 1918 жылы Бессарабияны жаулап алды. Сондықтан Париж конференциясында бұл мәселе талқыланбай қалуы мүмкін емес еді.




2.4. Париж конференциясы Версаль-Вашингтон жүйесі Соғыстың қортындысы. 1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабы- мен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығары лып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары ара- сында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық кон­ференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден деле- гаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клеман­со, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады. Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды: - халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру; - ірі капиталист! к елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу; - Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу. Ірі державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты - дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жара- ланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүние жүзінде көмірдің 50% өндірді; автомобильдің 85% шығарды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерінде 7 млрд. Доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет» - деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына «14 пункттен» тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды: - Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту; - дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу; - барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық «ашық есік» және «ашық қол» принципін сақтау; - отар елдердің мәселесін әділетті шешу; - қару-жарақты қысқарту; - Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу; - дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.

2.5. Версаль бітімшарты Германиямен келісімшарттың мәтіні мамыр айында дайын болды. Бұл елмен жасалған бітімшарт Версаль бітімі деп аталды. 1919 жылы 28 маусымда Версаль сарайының Айналы залында шартқа қол қойылды. Ол соғыстан кейінгі дүние жүзіндегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды құжат болды. Келісімшарт талаптары бойынша Германия аумағының белгілі бөлігі көрші мемлекеттерге өтті. Германия бұрын басып алған Эльзас пен Лотарингия Францияға кері қайтарылды. Экономикалық жағынан аса маңызды Саар облысы Францияның қолына өтті. Бельгия Эйпен және Мальмеди округтерін алды. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі берілді. Версаль бітімшарты бойынша Германия өз аумағының 1/8 бөлігі мен халқының 1/12 бөлігінен, отарларынан айырылды. Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік жойылды. Ол жалдамалы негізде құрылатын 100 мыңдык әскер ұстауға құқылы болды. Германияға соғыс техникаларын ұстауға тыйым салынды. Соғыс жылдарында Антанта елдеріне келтірген шығындардың орнын толтыру үшін Германия едәуір төлемақы төлеуге міндеттелді. Бірақ оның сомасы жөнінде жеңіске жеткен елдер бір жақты шешімге келе алмады. Лондон конференциясы (1920 ж.) соғыс шығындарынын (репарация) жалпы мөлшерін 132 млрд. алтын марка деп есептеді. Германиямен жасалған шарт оның бұрынғы одақтастары Австриямен, Болгариямен (27 қараша, 1919 ж.), Венгриямен, Түркиямен бітім-шартқа қол қоюмен аяқталды.Соғыстың қорытындысын баянды ету үшін жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келіссөздер басталды.Бұл келіссөздер барысында Германияның жер мәселесі қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Герма- нияға берілген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерікті қала ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бітімі бойынша Германия жерінің - бөлігінен айырылды.Екіншіден, Рейн өзенінің сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерінің бақылауына өтті. Германия Рейн өзені бойынан өз әскерлерін әкетуге келісті. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берілді. Германия өзінің соғыс-теңіз флотынан айырылды.Үшіншіден, Версаль келісімінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесі қаралды. Бұл мәселені шешу үшін репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешімімен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды.









ІІІ.Қорытынды Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп,Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға - Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия - 13,2 миллион, Австрия-Венгрия - 9 миллион, Түркия - 1,8 миллион, Болгария - 1 миллион, Ресей - 19 миллион, Англия - 9,4 миллион, Франция - 8,1 миллион, Италия - 5,6 миллион, АҚШ - 3,9 миллион, Румыния - 1 миллион және тағы басқалар



























IV.Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. kitaptar.com/node/1013

  2. ikaz.kz/versal-vashington-zhuiesi/

  3. Ә. Шүпеков, К. Қожахметұлы, М.Дәкенов, М.Сембинов «Дүниежүзі тарихы», 2014ж.

© 2010-2022