Открытый урок на темуЗат есімнің көпше және жекеше түрі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Алматы облысы

Талғар қаласы

Т.Рысқұлов атындағы №9 орта мектеп














Тақырыбы:

Зат есімнің жекеше және

көпше түрі









Орындаған: Кожакова.М.С.









2014-2015 оқу жылы



Қазақ тілі

2-сынып

Кожакова.М.С.

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Зат есімнің жекеше, көпше түрін өткен материалдармен байланыстырып, көптік жалғауын ажыраттыру.

  2. Дамытушылық: Зат есім туралы оқушылардың білімін бекіту. Сауатты және көркем жазуға үйрету.

  3. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, танымдық қабілеттерін арттыру. Жан-жануарларды қорғауға, табиғатты сүюге баулу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Қима суреттер, плакаттар, карточкалар.

Өтілу әдісі: Ойын-серуен сабақ.

Дүниетану пәнімен сабақты байланыстыра өтемін.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын даярлау.

  2. Үй жұмысын тексеру.

Бәріміз дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазып, түзеліп отырайық. Көркем жазу (екі жолға жазу).

аАа аАа аАа аАа аАа аАа аАа аАа аАа аАа аАа аАа аАа

арыстан қабақ алаң алақан

Жазуымыз көркем, әдемі болу үшін денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз партаның үстінде жатсын, дәптерді сәл қиғаштап қоямыз.

Бір, екі, үш,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық.

Әдемі етіп жазайық.

(Әдемі, таза жазған балаларды мадақтау).

  • Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Себебі біз бүгін орманға серуенге барамыз. Дайынбыз ба?

  • Дайынбыз.

  • Балалар, осы сурет бойынша сөйлем құрастырайық. Сөйлемнің неше түрі бар?

  • Сөйлемнің үш түрі бар. Хабарлы сөйлем, лепті сөйлем, сұраулы сөйлем.

  • Енді осы суретке қарап бір сұраулы, бір лепті, бір хабарлы құрауларың керек.

Айнала аппақ. Орман қандай тамаша! Орманда қандай аң бар?

Сөйлем дәптерлеріне жазылады. Орманда кездескен аңдардың тапсырмасын орындасақ, бүгінгі сабақтың мақсатына жетеміз.

Келе жатсақ, алдымыздан қасқыр кездесті. Қасқыр қандай аң еді?

  • Жыртқыш аң.

Қасқырдың пайдасы да бар екенін ұмытпауымыз керек.

Қасқырдың тапсырмасы:

  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Жалқы есім дегеніміз не?

  3. Жалпы есім дегеніміз не?

  4. Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?

  5. Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап алынып, мысалдар келтіріледі.

Сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларға қасқыр алғысын білдіріп жатыр.

Мынау түлкі. Түлкі бізге қандай тапсырма береді екен. Түлкі қу, айлакер, сондықтан да қулығын асырып кетіп жүрмесін. Абай болайық!

Мәтін оқылады. Осы мәтіннен оқушылар зат есімнің жекеше, көпше түрін екі бағанға жазады.

Жекеше Көпше

Айдын хайуанаттар

бақ аңдар

тор маймылдар

аюлар

түлкілер

барыстар.

Келе жатып қоянға кездестік. Қоян өзінің жауынан жүйріктігі мен шапшаңдығының арқасында оңай құтылады. Олай болса, «Кім жылдам» ойыны.

Қоянның тапсырмасы:

Бірінші қатар кім? сұрағына жауап беретін сөз айтса, екінші қатар сол сөзді көпше түрге (кімдер?) аударады. Үшінші қатар сол сөзге сөйлем құрастырады.

Екінші қатар не? сұрағына жауап беретін сөз айтса, үшінші қатардың оқушылары сол сөзді көпше түрге айналдырып нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз айтса, бірінші қатар сол сөзге сөйлем құрастырады.

Келесі аңға жеткенше сергіту жаттығу жасап, мына өлеңді жатқа айтайық!

Тап-таза, тұнық суда

Балық жүзіп ойнауда:

Біресе керіледі,

Біресе жиырылады,

Ал енді бірде құмға тығылады.

Серуенімізді ары қарай жалғастырайық.

  • Мынау кездескен қай аң?

  • Жолбарыс.

Жолбарыстың тапсырмасы:

Жекеленген заттардың суреттерін көрсету, жалқы есімге сөздер ойлату.

Қаланың суреті - Алматы, Астана, Қызылорда т.б.

Жылқы суреті - Құлагер, Тайбурыл т.б.

Иттің суреті - Ақтөс, Құтжол, Ақтабан т.б.

Ары қарай жүрейік, мына кездескен қай аң? (Тиін)

  • Тиін нені жақсы көреді?

  • Қарағай мен шыршаның бүрін. «Ойлан, тап» ойыны. Оқушыларға тест

тапсырма сұрақтарым бар. Оқушылар ойланып дұрыс жауабын тапсын деген екен. Тест тапсырмалары барлық оқушыларға таратылып беріледі.

  1. Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап.

а) балапандар, қанаттар, үйлер.

ә) жасыл, келді, сары

б) парта, гүл, дәптер.

2. Құстар, аталар, аюлар, жануарлар сөздеріне төмендегі сұрақтардың қайсысын қоюға болады?

а) не істеді? қайтты?

ә) кімдер? нелер?

б) неше? нешінші?

3. Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап.

а) отыршы, кетті, жүрді,

ә) дәптер, қалам, ата,

б) алты, бес, екі.

4. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

а) заттың түр-түсі,

ә) кісі, жер-су аттары,

б) жануар, зат аттары.

5. Заттың көп екенін білдіру үшін түбір сөзге жалғанатын жалғауларды тап.

а) ма, ме, па, пе, ба, бе

ә) ым, ің, -м

б) лар, лер, дар, дер, тар, тер

6. Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар қай сөз табына қойылады?

а) Зат есім

ә) Сын есім

б) Сан есім

в) Етістік

7. Заттың көп екенін білдіретін сөздерді тап.

а) тулар

ә) ай

б) батырлар

в) дос

г) аспаптар

д) сұрақтар

8. Заттың атын білдіретін сөзді қалай атаймыз?

а) Зат есім

ә) Сын есім

б) Сан есім

9. Бала, үйрек, апа, бауыр сөздеріне төмендегі сұрақтардың қайсысын қоюға болады?

а) қандай? қай?

ә) кімдер? нелер?

б) кім? не?

10. Заттың атын білдіретін сөздерді тап.

а) тырна, Айгүл, кітап

ә) қара, қоңыр, ақ

б) бес, үш, бір.

11. Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап.

а) күз болды

ә) Айсұлу әдемі

б) машина жүрді.

12. Жалқы есімді сөздерді тап.

а) Көк, сары, ақ

ә) Сәуле, Астана, Бөрібасар

б) ойшыл, кінәшіл

13. Бас әріппен жазылуы тиісті сөздерді тап.

а) айдос, нұргүл, ертіс

ә) үлкен, кішкентай, қара

б) торғай, балық, гүл.

14. Жер-су аттарын тап.

а) Асқар

ә) Ақтау

б) Іле

в) Әсет

г) Көкшетау

ғ) Астана

д) Балқаш

е) Есік

ж)пияз

Міне, балалар, біздің серуеніміз де аяқталды, бүгін көп нәрсені біліп үйрендік.

  • Елбасының «Жолдамасында» табиғатқа байланысты не делінген?

  • Осы жолдамада әрбір адам өзінің туған жерінің табиғатын қорғауы керектігі көрсетілген.

  • Ал сендер табиғатты қорғауға қалай үлес қосасыңдар?

  • Көктемде көп ағаштар егеміз.

  • Құстарға үй жасаймыз.

  • Ағаштарға су құямыз, сындырмаймыз.

  • Өзіміздің ауылымыздың тазалығын сақтаймыз.

  • Сендердің табиғатқа жасаған әрбір жақсы қадамдарың - сендердің болашақтарың. Сендер - болашақ азаматсыңдар. Сондықтан да сендер өздерің іні-қарындастарыңа үлгі-өнеге болуларың керек.

Үй тапсырмасы: Бүгінгі серуендегі көрген, білгендеріңнен қысқаша эссе құрастыру.

Бағалау: Сабаққа тиянақты қатысқан барлық оқушыларды бағалау.




























© 2010-2022