Қазақ тілі Сұраулы сөйлем қмж

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

20.11.15 Тексерілді

______________ дир.оқу ісі орынб.Тулепбергенова Г

Қысқа мерзімдік жоспар

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем 175-179 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сұраулы сөйлем және оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың нәтижесі: 1. Сұраулы сөйлем туралы түсінік қалыптасады, сұраулы сөйлемнің тыныс белгісін біледі.Сұраулы сөйлемдерді ажырата алады. Сөздерді

пайдаланып, сұраулы сөйлем құра алады.

2. Сөйлем түрлері туралы біледі. Сұраулы сөйлемдер құрастыра алады. Пәнге қызығушылығы артады. логикалық тапсырмаларды,

шығармашылық тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

3. Еркін сөйлейді, нақты аяқталған ойды білдіретін сөйлемдер құрастырады, сол сөйлемдерді жүйелі жеткізеді және жауап алу мақсатымен

айтылғанын дәлелдейді. Каллиграфияға сай жазады.Мәтінді тыныс белгісін тауып, қиындықсыз жазады.

Сабақтың түйінді идеялары: сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай ажырата білуге үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл», «Топтастыру» тәсілі, «Болжау»

Сыныбы: 2 «ә»

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Қолданылатын ресурстар


Кіріспе

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау

Психологиялық дайындық

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, - деп баршаңды!




Оқушылар шеңберде жиналып,бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.



Танысты

рылым

Тақтаға сөздер жазылған карточкалар ретсіз ілініп қойылады. Оқушылар осы сөздерден сөйлем құрастырады. Оқушылардың әр сөзді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қоюын бақылау. Сөйлем туралы не білетіндіктері сұрақтар арқылы анықталады.

-Буыннан не құралады?

-Сөзден не құралады?

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

-Сөйлем соңына қандай белгілер қойылады?

Оқушылар осы сөздерден сөйлем құрастырады. Оқушылардың әр сөзді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қойылуын бақылайды.

Сөз

Сөйлем

Мәтін

Бас әріппен

Бөлек жазылады.

Нүкте, сұрау белгісі, леп белгі

Түрлі түсті смайликтер

Сөз қиындылары


Негізгі бөлім

175- жаттығу. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқы және салыстыр.

Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?

(Құрманбай Толыбаев)

Неліктен ол сөйлемді сұраулы сөйлемге жатқызамыз?

-Дұрыс айтасыңдар, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.

176- жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.

177-жаттығу. Мына жайттарды білу үшін сөйлемдер құра.

  • Сабақтың басталатын уақытын;

  • Сыныптағы кешекшінің есімін;

  • Асқардың сабаққа кешігу себебін;

  • Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын.

Сөйлемдерді дәптерге жазады. Бұлар қандай сөйлемдер?

178-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыр.

Көлге келіп қонады, -Сені өсірген баптап кім?

Көлдің көркі болады. Аққу неткен аппақсың?

Аңшы бірақ атпайды, -Таза ауада жүремін,

Аққудың бар обалы. Тұнық суға жүземін.

Құрманбай Толыбаев

Өйткені, сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылған. Жауап алу мақсатында айтылып тұр.


  • Көке, мынау не төбешік?

  • Илеу деген не?

  • Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?

  • Олар тату тұра ма?

Әр топ өзінше сөйлемдер құрап, сөйлемдерімен бөліседі, дәлелдейді.

Екі оқушыдан оқиды. Ұқсастығы мен ерекшелігін талдап, дәлелдейді.










Түрлі түсті смайликтер

Плакатқа жазылған мәтін түрлері

Сызба

Планшет

слайд


Қорытынды

Ыстық орындық

Рефлексия

Үйге: 179-жаттығу


Оқушылар кезектесе сұраққа жауап береді


бағдаршам

Сары, жасыл, қызыл жапырақтар

Мұғалім: Тойшыбаева С





© 2010-2022