Болашақтың қаласы. «Болашақтың қаласы» композициясын жасау

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өнер сайысы: Болашақтың қаласы. «Болашақтың қаласы» композициясын жасау.

Сайыстың мақсаты: Суретте сюжетті бере білу дағдыларын бекіту, қала суретін бейнелеуге үйрету. Шығармашылық жұмыстарға баулу. Композицияны, түсті сезунілерін дамыту . Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу

Сайыстың көрнекіліктері: слайд -фильм «Астана көріністері», қарындаш, түсті қағаз, қайшы, желім.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Өлеңді оқу «Ей,бас қалам-Астанам!»

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қалам-Астанам!

Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам-Астанам!

- Балалар, өлең не туралы? 2. Оқушылармен тақтадағы сөйлемді оқу. «Астана - бас қала» «Астана - бас қала» сөйлемін қалай түсінесіздер? Астана - еліміздің Астанасы. ІІ. Слайд фильм: «Астана көріністері»

Астана қаласына саяхат ұйымдастыру.

* Ақ Орда резиденциясы - Қазақстан Республикасы Президентінің

Резиденциясы. Онда біздің елімізді басқаратын Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады.

*Бәйтерек - Астананың басты символы

* Тәуелсіздік Сарайы - мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны.

* Бейбітшілік пен келісім сарайы -архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің

бірегей туындысы.

* «Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы)

Сергіту сәті:

Топ, топ басайық,

Алақанды соғайық.

Жаса, жаса жарқын күн,

Жаса, жаса алтын күн.

ІІІ.

1. Балаларды топқа бөлу.

2. Мағынаны таныту.

*Оқушылармен бірге Астна қаласының көріністерін тамашалап, ғимараттарының бейнелеуіне көңіл бөлу.

* Альбом бетіне балалар өздері ойларынан шығарған ғимаратты салады.

* Салған үйді қиып алады.

* Әр топ үйді үлкен ортақ ватман қағазына жапсырып, безендіреді.

*«Болашақ қаласы» панносын тамашалау, әр топтың жұмысын сынау, бағалау.

ІV.Оқушыларды бағалау-мадақтау.


© 2010-2022