З-сынып Еңбекке баулу Дорба тігу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3- сынып Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы: Дорба тігу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Дорба тігу, оны әшекейлеу туралы мағлұмат беру. Тігістің бірнеше түрін үйрету. Дамытушылық:Тігістердің түрлерін тігуді дамыту. Матаға белгі салуды қалыптастыру. Тәрбиелік: Инені, қайшыны дұрыс пайдалануға қауіпсіздік ережесін сақтауға ықпал ету. Сабақтың Түрі: аралас Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап,әңгіме Сабақтың көрнекілігі: плакат, шаблон Құрал жабдықтар: ине, жіп, қайшы, матаның бірнеше түрі, түйме, моншақ Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру; Психологиялық ахуал: -Балақайлар,көңіл-күйлерің қалай? Қане, барлығымыз бүгінгі сабағымыз көңілді өту үшін мына күннің ең жақсысын, көңілдісін таңдайық. Жарайсыңдар! Қажетті құрал- жабдықтарын тексеру

«Үндемес» ойыны арқылы тексеру.

Жұмыс орнын дайындау

-Балалар, қане барлығымыз партаның үстіндегі артық заттарды алып тастаймыз.

Қауіпсіздік ережесін қайталау

Сендер қандай қауіпсіздік ережесін білесіңдер?

  • Инені ауызға салуға болмайды;

  • Қайшыны ұшымен емес, сабымен бер;

  • Инені ине қадағышқа қада;

  • Қайшыны ашық тастама, ауызға салма;

  • (Балалардың жауабы тыңдалады.)

Жаңа сабақ Бүгінгі сабағымызда доба тігуді үйренеміз. Біз дорбаны әдемі, ұқыпты тігуіміз керек. Жасалу жолы Көрнекілік арқылы дорбаның жасалу тәртібін түсіндіру.

Сергіту сәті

Ашып жұмып алақан,

Биле биле балақан.

Саусақтарй майысқан,

Ұшып келеді сауысқан. Машықтық жұмыс Мұғалімнің бағыттауымын дорбаны тігу. Қорытынды -Балалар бүгін біз не тіктік? Сендерге дорба тіккен ұнады ма? Бағалау -Балақайлар бүгін сендер сабақта ұқыпты жұмыс жасадыңдар. Жарайсыңдар! Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



© 2010-2022