- Преподавателю
- Начальные классы
- Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың қызыл кітабы
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың қызыл кітабы
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Саденова Л.С. |
Дата | 28.09.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті
Ұлан аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
«Бозанбай орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
Өткізген: Саденова Л.С. Сыныбы: 2 «А»
2011-2012 оқу жылы
Тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы.
Мақсаты:
- Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабымен таныса отырып, жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы ақпарат алуға үйрету.
- Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру; оқушылардың экологиялық білімдерін дамыту.
- Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас Сабақтың көрнекіліктері: «Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы» тақырыбындағы сандық ресурстар, интерактивті тақтада жазылған тапсырмалар, слайд түрлері, үлестірме материалдар, ШҚО-ның физикалық картасы, жануарлардың атрибут-суреттері.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. ІІ. Өткен материалды қайталау. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа тақырып.
- Дайындық кезеңі.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар бір-біріне қол шапалақтап, жағымды көңіл-күй сыйлайды. ІІ. Өткен материалды қайталау.
- Балалар, біз қазір тіршілік иелерінің қай түрлері бойынша жұмыс жүргізудеміз? (Жануарлар туралы)
- Ендеше сабағымызды осы жануарларға байланысты сөзжұмбақ шешуден бастаймыз. Ол үшін мен сендерге жұмбақтар жасырамын, ал сендер жауабын интерактивті тақтадағы ұяшықтарға жазып отырасыңдар.
- Тоқылдатып мазаны ап ,
- Бұл жануардың денесі қабыршақты болады, оның мекені - су. Бұл не? (Балық)
- Енді, балалар, осы аталған жануарлардың әрқайсысы қай топқа жататынын анықтап, интерактивті тақтадағы сөздерді сызбамен сәйкестендіреміз.
- Сонымен, жануарлар жайлы не оқып келдіңдер?
- «Жануарлар қалай өсіп-өнеді?» мәтіні
- Қандай жануарлардың түрлері туралы әңгімелейміз?
- Балалар, жануарлардың табиғатқа, қоршаған ортаға қандай пайдасы бар?
- Ал олар еліміздің қандай жерлерінде мекендейді?
- Қазір, балалар, біз сендермен орманға ойша саяхат жасаймыз. Қазір сендерге орманның үні естіледі. Сендер ненің дауыстары шығатынын анықтап көріңдер. (Үнтаспадан «Орман даусы» естіледі)
- Құстардың тамылжыта сайраған даусы, құстардың әндеткен үндері, ызылдаған жел, сыбдырлаған жапырақтардың даусы, сылдырап аққан бұлақтың үні, жан-жануарлардың түрлі дауыстары)
- Ал осы дыбыстар сендерге қандай сезім тудырды?
- Қуаныш сезімін, рақаттану, демалу, әдемілікке сүйсіну, шаттық сезімін тудырады.
- Ендеше, жануарлар да, өсімдіктер де өсіп-өнуі, көркеюі үшін, көбеюі үшін не қажет?
- Ауа, су, жылу, жарық, қорек.
- Өкінішке орай, балалар, ауа мен су үнемі таза бола ма?
- Қоршаған ортаны кімдер ластайды?
- Дайындық кезеңі.
- Енді, балалар, осы жануарлар туралы «Шеңбер аясында» атты рөлдік ойын-жаттығуын орындайық.
- Балалар, мына жануарлар орманда барлығы бірге тіршілік етеді екен. Бірақ олардың өмір сүретін жерлері күннен күнге азая беріпті. Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Адамдар жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі - орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1аптада қанша зиянкестерді жей алады? (7кг)
2. Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12кг шөп жесе, үш маралға неше кг шөп керек? (36кг)
ІV. Бекіту. «Жануарлар» тарауы бойынша тест тапсырмаларын компьютерде орындау. Білімдері бағаланады. V. Қорытынды. Рефлексия Сабақтан жағымды әсер алған оқушылар «Табиғат жанашырлары» акциясына қатысады. Оқушылар Шығыс Қазақстан облысында мекендейтін Қызыл кітапқа жазылған жануарлар мен өсімдіктердің аттарын атап, суреттерін Шығыс Қазақстан облысы картасының айналасына іледі.
Үйге тапсырма.