Бәрін білгім келеді. Өзін-өзі тану

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 «Д» Өзін-өзі тану 1.10.2014ж


Тақырып: Бәрін білгім келеді.

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: әдептілік, адалдық, шыншылдық

Мақсаты: Балаларды оқу, білім, ұстаз туралы алған түсініктерін толықтыру, пысықтау

Міндеттері: Балалардың «білім, еңбек, сыйластық» құндылықтары туралы адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Тыныштық сәті

Баяу ән қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім: «Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап-жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді,- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз? (ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы!» Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді. 5 «Т» ережесін еске түсіру. Тәртіп Тыныштық Татулық Талап Тазалық «Т» әрпінен келетін сөздер жазу. Әдеп, ақыл

Үй тапсырмасын тексеру. (3 мин)

Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»,

«Мектеп» М.Мақатаев

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай боп кіресің,

Таудай болып шығасың.

Оқушылар мектеп туралы өлеңді хормен қайталап айтады.

2. Әңгімелесу, сұхбат. Мұғалім сыйы.

1-тапсырма. Сәйкестендіру тесті.

Жұмбақтар

  1. Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді. (Ерін)

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

  1. Жаза-жаза жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (Бор)

Әр түрлі сұрақтар. Төлдер қалай дыбыстайды?

Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Қой, ешкі маңырайды. Түйе боздайды.

Оқушылардан ата, әже, мұғалім туралы тақпақтар сұрау. Кімнің атасы, әжесі бар?

1-қазан Қарттар мерекесі, 3-қазан Мұғалімдер мерекесі.

Дәйексөз:

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар. Халық мақалы. Мағынасын түсіндіру.

Топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс

Тапсырма. Оқу құралдардың суретін салыңдар. Сөйлем құрастыру.

Не үшін керек? Түсіндіру.

Хормен «Күзгі қуаныш»

Алақай-ау, Алақай!

Алақай-ау, Алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай.

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді

Бардым бүгін мектепке

Оқушымын мен енді.

Топпен ән айту.

«Мұғалім ол біздің» әнін айту.

Ән айтылып жатқан уақытта оқушыларға «қоңырау» пішіндегі ішінен тілек жазылған ашық хатты көрсетеді. Тілектер мынадай үлгіде болуы мүмкін.

-Шоқандай алғыр бол!

-Абайдай дана бол!

-Достарыңа сыйлы бол!

-Күндей жарқырап жүр!

Үй тапсырмасы. Оқу құралдардың суретін салу.

Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (2 мин)

Баяу ән қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.

Баланы таңқалдыруды ұмытпаңыз; Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады.

Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаңыз, ықыласын өлтіресіз. Жеңісін іздеңіз.

Балаға сыйлы боламын десеңіз, баланы өзіңіз сыйлаңыз.




© 2010-2022