Классный час (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Рәміздерім-мақтанышым
Тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік рәміздердің пайда болуы және
тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту.
Білімділігі: Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту,
әрбір бөлшегін дегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға
мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше
құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;

Тәрбиелілігі:Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елінің Туын, Гимн
Елтаңбасын, қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын
білуге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына
ұялату;
Дамытушылығы : Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс
жеткізуге ынталандыру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы,
Гимні, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сөздер жазылған қиықшалар. Шарлар.

Сабақтың түрі: әңгімелеу
Сабақтың әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап, тақпақтар, ойын және тапсырма,
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Өткеріп жазды дүбірмен,
Туған жер төсін тербеткен
Балалар, міне келіп тұр
Бір жасқа міне ер жеткен.
3. Кіріспе сөз. Әнұранмен бастау.

Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастауды жөн көрдім: «Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін белгілер. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.
Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.
ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар»- делінген. Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса өз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне тоқталып өтейік.
1-оқушы:Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
4. Рәміздер туралы жырлайық
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов. Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш - бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді.

2-оқушы: Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!

Тудың авторы - Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз - көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн - тыныштық пен байлықтың белгісі. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
3-оқушы:Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның
Ортасында төніп тұр,
Күн жаяды шапағын.
4-оқушы:Ескі белгі ұрандар,
Сары алтындай сақталған.
Күн шұғыла, қыран да,
Алтын түспен апталған.
5-оқушы:Сол жағында матаның,
Қызыл түсті жолақ тік.
Мұратындай атаның,
Әсем өрнек ол ұлттық.
6-оқушы: Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Елтаңбасы елімнің.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
7-оқушы: Әнұраным -жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

Оқушылар: Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі

Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.

Сұрақтар: «Өз Отанының патриоттары»
1. Мемлекетіміздің негізгі заңы қалай аталады? (Конституция)
2. Біздің мемлекетіміздің Ата заңы қабылданаған күн? (30 тамыз 1995ж)
3.Сендер Қазақстанның азаматы ретінде құқықтарың мен міндеттерің? (Негізгі құқығы- мектепте оқу, білім алу және Отанымыздың сыйлы азаматы болу)
4.Қазақстанның Астанасы болған қалаларды ата.(Орынбор, Қызылорда Алматы;Астана)
5. Қазақстанның шекаралас көршілерін ата. (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызтан,Түрікменстан)
9. Қорытынды:
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармаңдар.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Еліміздің Егемендігі жасасын!
Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін ,- демекпін.



© 2010-2022