Н. Жүсіп «Гиннес кітабына кірген қазақ»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: ___________________

Оқу ісінің меңгерушісі: Кемалова З.Т

Күні

28.04.2014 ж Сыныбы 2 « А»

Сабақтың тақырыбы

Н.Жүсіп « Гиннес кітабына кірген қазақ»

Сілтеме

Әдебиеттік оқу «Атамұра 2013ж» Авторлары:Б.Т.Қабатай, С.Р.Рахметова

Жалпы мақсат

Мәтінді түсініп оқи отырып, Тоқтар Әубәкіровтың жасаған ерлігі туралы түсінік беру.

Міндеттері

Батылдыққа ,қырағылыққа, ерлікке тәрбиелеу. Мамандық таңдай білуге үйрету.

Оқу нәтижесі

Мәтінді түсініп оқып, Тоқтар Әубәкіровтың қандай ерлік жасап Гиннестің рекордтар кітабына кіргендігі туралы оқып танысады.

Тапсырмалар Талантты және дарынды балаларды оқыту - алдын ала берілген тапсырма бойынша «Бір минуттық мағлұмат». Сыни ойлау -«сұрақты қағып ал» Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер - топтық жұмыс . Диалогтік оқыту- сұрақ -жауап АКТ-Бейнежазба «Тоқтардың ғарышқа ұшуы»

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

3мин

7 мин

10мин

20мин


3 мин

1мин

1мин

1.Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг өткізе отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату .(Оқушылар өз есімдерінің алдына сын есім сөз қосып айтып өз-өздерінің кім екендігін таныстырып өтеді.)

2.Үй тапсырмасы

1. Сәбит Мұқановтың «Батылдық » мәтінінен түсінік алу.

2. «Сұрақтары бар қорапша» әдісі арқылы топтасып сұрақтар алмасу.

3.Жаңа сабақ.

1.«Тоқтар туралы» бейнежазбаны көре отырып, ол туралы не білетінін еске түсіреді.

Мен не білемін? Кестесіне Тоқтар туралы не білетіндерін жазады.

4. Жаңа сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс

А) Мәтінді дауыстап оқу

Ә) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап қайтару

Б) Мәтіндегі сөз тіркестерімен танысып, оларды талдау

В) Мәтіннен Тоқтардың жасаған ерлігін тауып оқу.

Дәптермен жұмыс

Мәтіннен леп белгісімен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазу.

Мен нені білдім? Кестесіне Тоқтар туралы бүгінгі сабақта нені білгендігі туралы жазады.

5. Сабақты қорытындылау

1.«Мен нені білгім келеді?» әдісімен сабақты қорытындылау (Кестеге болашақта нені білгісі келетінін жазады)

2. Бейнежазба «Тоқтардың ғарышқа ұшуы»

6. Рефлексия

Оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланысқа түседі.

7. Бағалау

Топ басшылары бағалау бетшесімен таныстырады.

8.Үйге тапсырма

1. Мәтінді түсініп оқу

2. «Тоқтар ағаға хат» Оқушы өз пікірін жазады.

Оқушылар өз-өздерін таныстырып өтеді.

Сұрақтары бар қорапша әдісі арқылы сұраққа жауап қайтарады.

Бейнежазбаны көре отырып, жаңа тақырып-

пен танысады.

Мен не білемін? Кестесіне Тоқтар туралы не білетіндерін жазады.

Оқулықпен жұмыс жасайды.

Мәтінді талдайды.

Мен нені білдім? Сұрағына жауап қайтара отырып, бүгінгі сабақта нені білгендігі туралы жазады

Нені білгім келеді ? сұрағына жауап қайтара отырып, өз пікірлерін білдіреді.

«Бас бармақ»әдісі арқылы кері байланысқа түседі.

Топ басшылары топ мүшелерін

бағалайды

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.


© 2010-2022