«Ш» дыбысы және әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім: Куанышбекова Айткуль Нагашибаевна

Қостанай қаласы, №3 мектеп-гимназиясы Сынып: МДС Пән: Сауат ашу Күні: 9.12.10 Тақырыбы: Ш дыбысы және әріпі. Мақсаты: - Ш дыбысы және әріпімен таныстыру;

  • Дидактикалық материалды пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту;
  • Балалардың Ш дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: - Өткен сабақты қортындылау; - Қане есімізге түсірейік, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (У) - У басталатын сөздерді айтайық; - «Тауық» сөзін буынға бөлейік. II. Жаңа сабақ: - У кейін танысатын әріпіміз Ш әріпі және дыбысы. - Балалар әріпті біз көреміз, жазамыз, ал дыбысты естиміз. - Балалар бізбен бірге осы әріппен танысуға және сендердің білімдерінді тексеруге сендерге қонаққа Айгөлек - деген қыз кейіпкеріміз келді. - Ол жай келген жоқ, осы дыбысты сендер жақсы үйреніп алу үшін тапсырмалар әкеліпті. Олар: жұмбақ шешу, буынға бөлу және т.б. -Ш дыбысы туралы мәлімет беру. - Ал, енді Айгөлектін әкелген тапсырмаларына көшейік. - 1 тапсырма: Жұмбақ шешу. Осы жұмбақты дұрыс шешсек жауабы Ш дыбысына байланысты болады. Қане шешіп көрейік.

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз жоғарға.

(Шана).

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте.

(Шырша). Өте жақсы, Айгөлек сендерге риза болып отыр. -Балаларға Ш әріпін баспа және жазба түрінде көрсету. - Енді Ш әріпін ауада жазып көрейік. -Алдымен мен көрсетейін, содан кейін бірге жазамыз. - Балалар жазудан бұрын серігіп алайық. Сергіту сәті: Аю отыр партада, Екі қолы қалтада. «А» деді, «Б» деді, «Р» тілі келмеді. 2 тапсырма: «Жазуды қалай жазасындар?». 3 тапсырма: Соңғы тапсырма. Осы тапсырманы жақсы орындасақ, бізге «Айгөлек» жұлдызша береді. Ал бұл тапсырмамыз ойын түрінде өтеді. Осы ойынды жақсы ойнасақ «Ш» әрпі біздің есімізден ешқашан шықпайды. «Ойыншықтар» ойыны. Ойынның шарты: мына жерде жатқан ойыншықтардың аттарын атау керек, және «Ш» дыбысынан және әріпінен басталатын немесе «Ш» әріпі бар ойыншықты табу керек. Қорытынды:

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • Бүгін «Ш» әріпіне байланысты жұмбақтар шештік.
  • «Ш» әрпі неше таяқшадан тұрады?
  • «Ш» неге ұқсайды? (тарақ, айыр)
  • Бүгін бізге қонаққа келген «Айгөлек» сендердін білімдерінді бағалайды.
  • Сабаққа жақсы қатысқан үшін бәріне жұлдызша әкелген және таратады.
  • «Айгөлекке» рахметімізді айтамыз, келесі әріпке «Айгөлекті» тағы қонаққа шақырамыз, өйткені ол бізге өтпеген әріп туралы қызықты тапсырма әкеледі.
Сендерге «Айгөлектің» әкелген тпасырмалары ұнады ма? Ал, осымен балалар сабақ аяқталды!





































© 2010-2022