Открытый урок на тему Сейіт Кенжеахметов. Мамыр 295-297-жаттығулар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: 15.05.2015ж Класс: 1 «В» Кабинет:206 Пәні:ана тілі Сабақтың тақырыбы: Сейіт Кенжеахметов. Мамыр 295-297-жаттығулар Сабақтың мақсаты: Мәтіннің негізгі идеясын түсіну және өзіне қажетті мәліметті бойына сіңіре білу, заттың санын білдіретін сөздерді табуға,сұрақ қоюға білімін толықтыруда мүмкіндік жасау Күтілетін нәтиже мәтінді оқып талдау жасай алады,негізгі идеяны аша алады,заттың санын білдіретін сөздерді жазады ,сұрақ қоя алады Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдісі:сто әдісі, түртіп алу,постер қорғау,,сөйлем құрау,сәйкестендіру тесті,таза тақта Сабақтың көрнекілігі: сәкестендіру тесті,суреттер,қима қағаздар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Сыныбымыз тап-таза Борда дайын тақтада. Ойымызды жинақтап, Отырайық партада. ІІ. Үй тапсырмасы а)Санамақ өлеңін жатқа айту ә)Заттың санын білдіретін сөздерді атау ІІІ. Өткенді пысықтау:
  • Өлеңнің неліктен «Санамақ» деп аталған?
  • Сандарға байланысты қандай ережені білесіңдер?
  • Сұрақтарын ата?




Қызығушылығын ояту
  • Балалар, бір сәт көздеріңді жұмыңдар, сандар жоғалып кетіпті не болуы мүмкін?
Оқушылардың жауабы (Сан болмайды. Ақша санай алмаймыз, жасымызды, сыныбымызды білмейміз т.б)
  • Тіпті біздің сабағымыз да 45минут уақытқа есептелген екен
1санының құны бар екен, уақыттың өзі санмен есептеледі 1минуттың құдіреті айтыңдаршы? 1минутта мәтін оқимыз, ауырған адамға көмек көрсетеміз, сәбилер дүниеге келеді,ауа жұтамызт.б Ой қозғау
  • Қандай киелі сандарды білесіңдер?
3 жұрт, арсыз, 4 мезгіл, 5 қару, парыз, 7 ата, күн, күлше
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем айларын ата(наурыз, сәуір, мамыр)
  • Қазір қай ай?
  • Балалар, жақында қандай мерекелер атап өтілді? (оқушылардың жауабы).
  • Ендеше бүгінгі өтетін мәтіннің тақырыбы «Мамыр» деп аталады.
Автормен таныстыру Сейіт Кенжеахметов ІV. Жаңа сабақты меңгерту: Мәтінді оқимын , түсіндіремін. Оқушыларға іштей оқыту. Тізбектей оқыту. «Түртіп алу» стартегиясы арқыл түсініксіз сөздермен жұмыс. тоқшылық - тойып жүру. Мәтіндегі бірінші сөйлемнен нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді ата. Сұрақтар:
  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Мамыр айында қандай өзгерістер болады?
  • Құстардың балапанын неліктен мамыр деп атайды?
  • Мамыр сөзі қандай мағынаны білдіреді?


3 қатарға тапсырма: І қатар Постер қорғау (төрт түліктің төдерін жабыстыру) ІІ қатар (қима қағаздардан сөйлем құрау) ІІІ қатар Постер қорғау(құстардың суретін жабыстыру) Сергіту сәті Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Дәптермен жұмыс, күннің ретін жазу Неше ? қанша ?нешінші ?кім?не ?сұрағына жауап беретін сөздерді атау. 296 - жаттығу. Заттың санын білдіретін сөздердің соңына заттың атын білдіретін сөздерді жазу.(бес,төрт,жетінші,тоғыз,үшінші,оныншы) Неше? нешінші? үш ұл алтыншы бөлме Ойлан, тап.297-жаттығу (ауызша) Отау-үй V. Бекіту: Кім жылдам? ойыны сөзжұмбақ шешу. VІ. Жаңа сабақты қорытындылау: «Таза тақта» ойыны Мақсаты бүгінгі сабақта балалардың қаншадықты меңгергенін байқау Сұрақтар:
  • Бүгін біз не білдік?
  • Мәтін неліктен Мамыр деп аталған?
  • Мамыр сөзі қандай мағынаны білдіреді?
  • Сан есім деген не?
  • Олардың сұрағын ата?
VІІ. Үйге тапсырма: «Мамыр» мәтінін түсініп оқу VІІІ. Оқушыларды бағалау. Смайликке стикер жапсыру арқылы бүгінгі сабақты меңгергендерін анықтау.





Бүгін біз не білдік?

Мәтін неліктен «Мамыр» деп аталған?

Мамыр сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Сан есім деген не?

Олардың сұрағын ата?











Тұяқ тайға жеткізер,

Тай құнанға жеткізер,

Құнан атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.



ЖЫЛҚЫ

© 2010-2022