- Преподавателю
- Начальные классы
- Сынып сағаты Ойнайық та, ойлайық
Сынып сағаты Ойнайық та, ойлайық
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Алимходжаева Г.А. |
Дата | 23.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Ойнайық та , ойлайық .
Мақсаты :
1. Балаларды ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар ала білуге үйрету .
2. Ойынды қолданумен бірге ойлауға , тілді дамытуға , шығармашылық әрекетін байытуға дағдыландыру .
3. Балаларды шапшаңдыққа , ойқырлыққа , ұстамдыққа тәрбиелеу .
Уа , халайық , халайық !
Бәріңе жар салайық !
Бүгінгі кеш төріне ,
Сайыскерлерді қарсы алайық .
І топ .
ІІ топ .
ІІІ топ .
ІҮ топ .
- Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік .
І кезең : Таныстыру . Әр топ өз - өздерін таныстырады .
ІІ кезең : " Кім жылдам ? ойыны .
- Берілген пішіндерді қатысушылар кезектесе отырып бір жерден екінші жерге бір - бірлеп тасиды . Тасып болған соң жаңылтпаштар айтады . Уақыт беріледі . ( 15 секунд ) .
ІІІ кезең : " Кім білімді ? " ойыны .
- Сұрақ - жауап . Өлеңнің екі жолы оқылады , ал балалар өлеңнің қалған екі жолын аяқтаулары керек .
Сұрақ - жауап :
1. Зат есім дегеніміз не ?
2. Жалқы есім дегеніміз не ?
3. Жалпы есім дегеніміз не ?
4. Зат есімнің неше түрі бар ?
5. Көпше түрі дегеніміз не ?
6. Жекеше түрі дегеніміз не ?
7. Етістік дегеніміз не ?
8. Сөз таптарын ата .
9. Сөйлем дегеніміз не ?
Өлеңдер .
Балалар , құтты болсын тілің бүгін ,
Ашатын жан сарайын бұрынғының .
Кешегі анаң айтқан , бабаң айтқан ,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының .
Сарбаз да сыңар сырласым ,
Сенімен егіз бір басым .
Жаманы түннің кетсе де ,
Жақсысы тілдің сынбасын .
Өгей тіл еміп өскесін ,
Өзгенің білем кешпесін .
Басымды шапсын , көнемін ,
Тілімді ешкім кеспесін !
Бес елі бағым тайғасын ,
Беделді болар қай басым ?!
Русыз күнім туса да ,
Буынсыз тілім сайрасын !
Мән беріп айтсам - көп сын ,
Мәңгүрт , - деп ешкім сөкпесін !
Төліміз егіз туылсын ,
Тіліміз жалғыз көктесін !
Қиналмай күндіз , түн демей
Тәңірім күрсіндірмегей
Тізімнен сүріндірсең де ,
Тілімнен сүріндңрмегей !
ІҮ кезең : " Жалғасын тап " ойыны .
- Балалар , қиылған суретті құрастырып , мақалдарды жалғастырып айтады .
Мақал - мәтелдер .
1. Өнер алды қызыл тіл .
2. Тіл тас жарады ,
Тас жармаса , бас жарады .
3. Тіліңмен жүгірме ,
Біліммен жүгір .
4. Ойнап сөйлесең де ,
Ойлап сөйле .
5. Бас кеспек болса да ,
Тіл кеспек жоқ .
6.Тоқсан ауыз сөздің
Тобықтай түйіні бар .
7. Қына тасқа бітеді ,
Білім басқа бітеді .
8. Көп сөз - күміс ,
Аз сөз - алтын .
9. Сөз тапқанға қолқа жоқ .
Ү кезең : " Үнсіздік " ойыны .
- Мұнда балалар дорбаның үнін шығармай ішіндегі тапсырманы орындау керек .
Ребустар шешу .
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды ,
Демеңіздер , біз өнерді аяп қалды .
Әділқазы , сіздерге сөз береміз ,
Жеңімпаздар кім болып , сарапталды ?
- Әділқазылар алқасынан бүгінгі сайысымыздың жалпы қорытындысын жариялауларыңызды сұраймыз .
Алдыңызда жайнаған жүздер әні ,
Сіздермен кездесерміз біздер әлі .
Әділқазы , көрермен сау тұрыңыз ,
Күтеді бізді жақсы күндер әлі .
Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп МДШО және МЖИ КММ
Бекітемін
Мектеп директоры Жилангозова Г.Т.
Ойнайық та ,
ойлайық
Ұзынағаш ауылы .