• Преподавателю
  • Начальные классы
  • "Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты. Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;"

"Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты. Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;"

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.


Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент»

Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

Еліміз егемендік алып 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 23жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.


Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.


1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
"Менің Қазақстаным" жер жүзіне таралды.

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Оқушылардың елбасы туралы тақпақтары айтылады.

«Замандастар көзімен»
Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті
-Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін!

Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті
- Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.

Кофи Аннан- БҰҰ-ның Бас хатшысы
Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.

«Қазақстан - бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры, Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!.

Жайсаң орта мектебі.

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.

Мұғалімі: Разакова А.К.

Класы: 2 «а»

2014/2015 оқу жылы.

© 2010-2022