Сабақ жоспары Ч дыбысы мен әрпі 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бекітемін: Күні: 07.12.2015ж Пәні: сауат ашу Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: ч дыбысы мен әрпін меңгерту, сөз ішінде ч дыбысының орналасуын білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, дыбыстық талдау жасау; ә) тәрбиелік: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу; б) дамытушылық: ақыл-ойын, таным белсенділігін арттыру, шығармашылығын дамыту. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер. чемпиондардың суреттері. Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару. ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіріп, пысықтау. -Ц дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту. -Ц әрпіне қатысты сөздер жазғызу. Клоунның сыры жатқа сұрау. ІΙΙ. Жаңа сабақ:
  • Барлығымыз тақтаға назар аударайықшы. Суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Чемодандар, сөмкелер. Сабақ жоспары Ч дыбысы мен әрпі 1 сынып
  • Ия, балалар, қыздар дүкенге келіп, чемодан сатып алғалы жүр. ЧЕМОДАН сөзін барлығымыз бірге айтайық.
  • ЧЕ - МО - ДАН
  • Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?
  • Ч дыбысы.
  • Біз бүгін сендермен ч дыбысы және әрпімен танысамыз.
  • Балалар, ч дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі. Сонымен, чемодан деген не? Оны қайда пайдаланады?
  • Чемоданға киімдерімізді саламыз. Алысқа жол жүруге жиналғанда мамаларымыз заттарды чемоданға салады.
  • Төменде берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайықшы, балалар:
Сара Сәуле дүкен сөмкелер чемодандар барды алды сатып көп
  • Сара мен Сәуле дүкенге барды. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Қыздар өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды.
  • Балалар, қазір біздер «Дүкенде» ойынын ойнаймыз. Мұнда қарай қойыңдаршы? Сендер не көріп отырсыңдар?
  • Чипсы, чупа-чупс, чак-чак, чебуреки, кетчуп «Чили», чеснок, чечел ірімшігі.
  • Мен дүкенші боламын, сендер сатып алушысыңдар. Менен өздеріңе ұнаған затты сатып алу үшін сұрақтарға жауап бересіңдер. Әрбір дұрыс жауапқа сатып алған заттың чегін беремін.
Сұрақтар:
  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  3. Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?
  4. Сенің есімің қандай әріптен басталады?
  5. А дыбысына сөз ойла.
  6. Болашақта сен кім боласың?
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер? Сабақ жоспары Ч дыбысы мен әрпі 1 сынып
  • Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр.
  • Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?
  • «Болашақ чемпиондар».
  • Балалар, чемпиондар деген кімдер?
  • Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.
  • Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға - апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? (Экранда Лондон - 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)
  • Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова.
  • Мына өлеңдегі балалар да осы аға - апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық.
Болашақ чемпиондар Сырғанайды екеуі, Мұзайдынға кеп бірге. Желді қуып жетеді, Екпін қосып екпінге.
Бақыты боп бар елдің, Алар талай байрақ та. Чемпионы әлемнің Болар күні әлі алда. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын бірге талдайды. Оқушыларға тізбектей оқытады.
Сергіту сәті. Біз чемпион боламыз, Бір, екі, үш, бір, екі, үш. Торғай боп та ұшамыз, Чик-чирик, чик-чирик. Би билеп те аламыз, Ча-ча-ча, ча-ча-ча. Орнымызды табамыз, Қолға қалам аламыз.
Дәптермен жұмыс. Бас әріп элементтері: оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша. Ч Ч Кіші әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген қармақша. ч ч
IV. Сабаққа қорытынды жасау.

Кім?

Не?

Чех халқы

чемодан

чемпионат

чек

Чуваш халқы

чемпион




Сонымен, балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

  • Ч дыбысымен таныстық.
  • Ч дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық?
  • Чемодан, чемпион, чемпионат, чек, чех, чуваш.
  • Осымен сабағымыз аяқталды.
Үйге тапсырма. Болашақ чемпиондар жаттау. Бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, жұлдызшалар тарату.
© 2010-2022