УрокӘке отбасының тірегі 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақ тақырыбы: «Әке - отбасының тірегі»

Мақсаты:

Білімділік:Жалпы үлгілі отбасы туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Үлкендерді ата-ананы тусқандарын арасындағы сыйластық қарым-қатынасы, әдептілік жайында әңгімелеу арқылы отбасы туралы ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы: «Менім әкем» ойынын ойнату.(Әр бала өзінің әкесінің жақсы жақтарын айтып келесі баланың қолын ұстайды сөйтіп жалғаса береді.)
ІІ. Кіріспе.
ІІІ. Әдеби - монтаж.
ІҮ. «Әке - асқар тауым!» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)
Ү. Әке туралы мақалдардың жалғасын тауып, мақалдардың мағынасын талқылау.
ҮІ. Сергіту сәті(Балаларға әкелерінің суретін салғызу)

ҮІІ. Қорытынды (Балалар тақтадағы «Әке»деген сөзге бағыттаушы сызық сызып бір жақсы сөзбен әкесін сипаттап салған суреттерін іледі.)
Мұғалім : «Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке - асқар тау» атты тәрбие сағатымызды бастайық. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілеймін.

Баян Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

Мұғалім: «Әке - асқар тауым!» (оқушыларға шағын шығарма жазуға тапсырма беріледі,оқушылар шығармаларын оқып береді.)
Менде азамат атанармын өсейін,
Өзің құсап сан түйінді шешейін.
Ұл әкеге тартпай туса қорлық қой,
Қартайғанда менде орныңа көшейін.

Мұғалім: (Оқушылырға мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі,әр мақалдың мағынасын ашып түсіндіріледі.)

1. Әке - асқар тау.
2. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
3. Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық.
4. Әке - шаңырақтың негізгі тірегі.
5. Бір бала бар - атаға жете туады, бір бала бар - атадан өте туады, бір бала бар - кері кете туады.

Сергіту сәті:Балалар өз әкелерінің суретін салады.

Мұғалім: (Балалар тақтадағы «Әке»деген сөзге бағыттаушы сызық сызып бір жақсы сөзбен әкесін сипаттап салған суреттерін іледі.)
Арқа сүйер панасың,
Ақылы мол данасың
Адал етіп өсірген,
Мендей ерке баласың.
Үйге тапсырма беру: Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерін, өз ойларын жазып келу.



© 2010-2022