Открытый урок на тему Шыбын мен көбелек

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сейітқұл Оспанов « Шыбын мен Көбелек»

С/мақсаты: -Оқушылардың С.Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кенейту. «Шыбын мен Көбелек» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.Жануарлар,жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу.Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.

-Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту.

-Табиғатты аялауға баулу.Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу.Адамгершілікке,инабаттылыққа,бірлікке тәрбиелеу.

С/түрі: аралас сабақ

С/әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, диалогтық сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-Психологиялық дайындық

Әрбір адам- туыс, бауыр,жұрағат,

Әрбір сабақ-өнер,білім, ұлағат.

Әрбір ісің-тірлік, тірек, адалдық,

Әрбір сөзің- шындық, бірлік, адамдық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Адырбек Сопыбеков «Сапар мен Парта» мысалын жаттап келу.

2.Партаның суретін салып келу.

3. Сахналау.

4. Өлеңдегі автордың негізгі ойы-әдепті, тәртіпті болу.

5. Сұрақ-жауап

а) «Сапар мен Парта» қай тақырыпқа жатады?

-Мысал

ә ) Мысал деген не?

-Мысал- адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық,әділдік, қайырымдылық сияқты қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма.Шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

б)Мысалдағы негізгі ой нені білдіреді? -Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Жұмбақ шешу:

Көлбең-көлбең етеді Ас көрсе-ақ жалайды,

Гүлге ұшып жетеді. Содан ауру тарайды.

Гүл шырынын сорады, (шыбын)

Соған риза болады. (көбелек)

2.Сонымен, Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен Көбелек» атты шығармасымен танысамыз.

С.Оспанов (суреті)

(С/мақсатын хабарлау)

Қызылорда облысы,Арал ауданы ,Қазалы қаласында 1955 жылы 30 наурызда дүниеге келген.2003 жылы дүниеден өтті.Жазушы.Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі» атты кітаптарының авторы.

3.Шыбын мен көбелек туралы не білеміз?

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдік?

4. Оқулықпен жұмыс

1.Мұғалімнің оқуы, түсіндірмесі.

2.Мысалды тізбектеп оқыту.

3. Рөлге бөліп оқу.

4.Сөздікпен жұмыс

Көз шырымын алу-ұйықтау

Қауыз -ашылайын деп тұрған гүл басынан жұқа қабы.

Жұқсыз-сүйкімсіз, жек көрінішті.

Сұғанақ-ұры.

Сапалақ-шыбын қорығыш құрал.

Шылғи өтірік-мүлде өтірік.

5. «Көбелектерді гүлге қондыр» ойыны

1.Шыбын не деп мақтанды?

2.Көбелек оған не деді?

3.Қайсысының айтқаны дұрыс ?

VІ. Сергіту сәті

Ал,балалар,тұрайық,

Қане,қанат жазайық.

Көбелек болып ұшайық,

Гүлге барып қонайық

Шыбындай жалқау болмайық.

Көбелектей мейірімді болайық.

V. Оқулықпен жұмыс

1.Шыбын қандай? Көбелек қандай?

2. Шығармашылық жұмыс

1-қатар: Бір шумақ өлең жазу.

2-қатар: Егер мен шыбын болсам! (эссе жазу)

3- қатар: Мақал-мәтел айту

3.Жинақтау кезеңі

Тақырып : Шыбын мен Көбелек

Автор: С.Оспанов

Мәтіннің түрі: Мысал

Сөйлеудің түрі: диалог

Кейіпкерлер: Шыбын мен Көбелек

Негізгі идея: Мысалдағы көбелек сияқты сүйкімді, еңбекқор, көрікті адал болу.Қорытынды:жалқаулықтан,еріншектіктен,яғни жаман қасиеттерден аулақ болу.

VІ.Сабақты бекіту

Абайдың өсиеті (6-шы қара сөзі)

Кеселді жалқау,қылжақпас,

Әзір тамақ,әзір ас.

Сыртың-пысық, ішің-нас.

Артын ойлап ұялмас.

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма 75-77 бет мазм. Сурет салу











© 2010-2022