Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Пәннің аты

Уақыты: 23.09.2015

Кабинет:40

Мұғалім: Мусенова Г.Н.

Сабақтың атауы

Тері - ағзаның қорғаныс мүшесі.

Жарақат алғандағы алғашқы көмек.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Өз бетінше ағза мүшелері туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру, әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту; денсаулыққа көңіл бөлуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:

Көрнекіліктер:макет адам денесі, суреттер, карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау

Психологиялық ахуал Тұлға аралық байланысты орнату.

Шаттық шеңберін құрып,бір-біріне бүгінгі күнге лебіздерін білдіреді.

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Қағазда жазылған сөздер арқылы 4 топқа бөліну. Оқушыларға «ӨКПЕ МЕН БАУЫР» , «ЖҮРЕК ПЕН МИ» , «ҚУЫҚ ПЕН БҮЙРЕК» , «ҚАРЫН МЕН ІШЕК » жазулы қағаздар таратылып, таңдалады. Әр оқушы тиісті тобына отырады. Сол аталған адамның ішкі мүшелері туралы тоқталып адамның суреті бар плакатқа жапсырылады.

Плакатқа тиісті мүшелерді тауып жапсыру

Үй тапсырмасын тексеру

Тест тапсырмаларын тарату

  1. Адамның денесі неше бөліктен тұрады:

А) 5 В) 4 С) 3 Д) 2


  1. Адамның дене мүшелерінің ең негізгісі:

А) жүрек В) қарын С) өкпе Д) ми


  1. Егер адамның еңбекке қабілеті төмендеп, ағзаның қызметі нашарласа қайда бару керек?

А) мектепке В) дәрігерге С) дүкенге Д) далаға

4. Ауырмау үшін және денені шынықтыру үшін не істеу керек?

А) тамақ ішу , В) мектепке бару , С) спортпен айналысу Д) оқу

5. Ұлттық ойынды тап

А) волейбол В) бокс С) күрес Д) шахмат

Үй тапсырмасы бойынша тестті орындау , критерийлері бойынша өзін - өзі бағалау

Қате жоқ - «5» , 1 қате - «4» 2 қате - «3» , 3 қате - «2»

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тануАдам денесіннің сыртында не бар? Не үшін керек?Осы сұрақтарға бүгін бірігіп жауап беруге тырысамыз.

Жұптық жұмыс:

Тәжірибеге керекті құралдар - қағаз, гафриленген қағаз, лупа, айна

Ақ қағаз таратылады, оның беті тегіс сипайды, екінші қағаз таратылады, оның беті тегіс емес (бүдір - бүдір) сипайды..
Мұз қолдарына алады, ұстап көріп заттың температурасын байқайды.
Ұлғайтқыш әйнек арқылы білектің терісін қарау , саңлауларға зер салу .

Айнаны алып бет терісіне тақап оның бетіне түскен майды байқау. Оның не үшін пайда болғанын түсіну , байқау

Топтық жұмыс:

Әр тәжірибе жасалған сайын қорытындыланып, постер бетіне түсіріліп , ассоцияция құрылады. Әр топтың спикері постерді қорғап шығады.

Тері

жарақаттан үсуден күюден соққыдан

Тері

сыртқы жағы тері сыңаулары май бөледі

Мағынаны ашу

Проектордан тері туралы бейнебаян көру. Ауызша пікірлерін тыңдау

Тері күтіміне ереже шығару : әр топ өз ережелерін шығарып оқылады.

Дәптермен жұмыс: оқулықтағы ереже оқылып дәптерге жазу . Үнемі теріні, денені (бас, қол-аяқ, тіс) таза ұстауға дағдылан.

Жарақат алу, күю, үсіп қалу өте ауыр болған жағдайда жедел жәрдем 103 шақыртуды ұмытпа!

Сергіту сәті

«Ауа райы болжамы » сенсорлық ойынын ойнату

  • Арайлап таң атты

  • Күн шуағын шашты

  • Кенет самал жел соқты

  • Жел күшейді

  • Катты жел согып аспанға қара бұлт төнді

  • Жаңбыр жаймен себеледі

  • Жаңбыр құйды

  • Бір кезде жаңбыр бәсеңдеді.

  • Жаңбыр қойып, аспан ашылды

  • Күн шуағын жерге тағы да шашты

Шеңбер құрып бір - бірінің арқасына саусақ, қолдың көмегімен көздерін жұмып жаттығу орындау

Оқулықпен жұмыс

Жарақат алғандағы алғашқы көмек тақырыбын 4 топқа бөліп алып оларды оқып «алғашқы жәрдем » қобдишасын пайдалана отырып қуыршаққа тәжірибе жасау

1 топ - жарақат алу

2 топ - Соғып жарақат алу

3 топ - күйген кездегі алғашқы көмек

4 топ - үсіп қалған кездегі алғашқы жәрдем

Ой толғаныс

Кубизм стратегиясымен сабақты қорыту

-Тері қандай қызмет атқарады?

- Кір тері неге тыныс ала алмайды?

- Тері үсігенде не істейміз?

- Тері күйгенде не істейміз?

-Май мен тердің тері арқылы шығуына ағза үшін қандай маңызы бар?

-Теріні таза ұстау жөнінде өз тәжірибеңн сүйеніп әңгімеле.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Кері байланыс

ТҮСІНДІМ , ПАЙДАЛАНЫМ , БАҒАЛАЙМЫН деген үш тау бөктеріне ер балалар киіз үй, қыз балалар гүл болып өздерін тау бөктеріне орналастырады.


«Желілік қоғамдастықтың - кәсібилікті арттыру кепілі» аудандық семинарында дүниетану пәнінен

«Тері - ағзаның қорғаныс мүшесі. Жарақат алғандағы алғашқы көмек»

Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)

Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)Дүниетану пәнінен ашық сабақ Тері – ағзаның қорғаныс мүшесі (3класс)



© 2010-2022