Менің мамандығым студенттермен кездесу кеші

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 - жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, студент жастар мен мектеп оқушылары!

2 - жүргізуші: Кеш жарық, құрметті қонақтар!
Бірінші кілт - білімге,

Екінші кілт - дұрыс жол.

Үшінші кілт - бақытқа,

Жетелейді білсең сол.
2 - жүргізуші: Болса кімнің талабы,

Өмірден жол табады.

Еңбегіне лайық,

Адам болып шығады, - дегендей жастар еліміздің болашағы. Егемен еліміздің болашағы білімді ұрпақ.

1 - жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Студенттерді шақырамыз ортаға
2 - жүргізуші: Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағаларымыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен оқушылар арасындағы кездесу кешті ашу үшін сөз мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі.

1- жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сансаналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
9 «а» сынып оқушысы Иният Шерханның орындауында «Көзімнің қарасы» әнін тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші:
Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат, мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беру және студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу.

1 - жүргізуші:
Бүгінгі кешті жалғастыра отырып, кешіміздің мағыналы да мәнді өтуіне баршамыз да бір кісідей қатысайық дегім келеді.

2 - жүргізуші:
Олай болса бүгінгі кештің бағдарламасымен таныстырып өтейік.

1. Танысу кезеңі (әр студент өзін, қай қалада, қандай оқу орнында оқып жатырғанын, факультеті, мамандығы)

2. Мамандығым мақтанышым (студенттерге берілген сұрақтар)

3. Қызықты ой толғау (Ортаға 2 студент, 2 - оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әр топ өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.)

1 - жүргізуші:
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын - дей отырып алғашқы кезеңіміз, келген студент жастармен таныса отыралық.

2 - жүргізуші:Армысың, айналайын жиналғандар,

Сахнаның төрінде сыйланғандар.

Барлық студенттерім бас қосыпты

Ағайын айтыңдаршы кімде арман бар?

Ендеше келесі кезеңіміз мамандығым мақтанышым деп аталады.

Бұл кезеңде студенттерге сұрақтар қойылады.

1. Оқушы өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?

2. Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?

3. Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

4. Жақсы - жаман болуы үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет?

5. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

6.Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?

7. Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
Айырмашылығы болса қандай?

1 - жүргізуші:
Биге кезек береміз,

Бишілер мың бұралсын.

Дөңгеленіп билегенде,

Кімдер үнсіз тұра алсын? - дей отырып қыздардың орындауындағы «Заманауи» биін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Ендігі кезең Қызықты ой толғау деп аталады.
Ортаға 2 студент, 2 - оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әр топ өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.
Студенттерге қойылатын терминдер:
1. Лекция, сессия
2. Стипендия, жатақхана
3. Аудитория, декан
1- жүргізуші:
Оқушыларға арналған терминдер:
1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
2. Директор, сынып жетекшісі, парталас
3. Бақылау, емтихан, тест

2 - жүргізуші:
Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса, сұрақ қоюға рұқсат.
1 - жүргізуші:
Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның алды бол көшті бастар
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың - сендер жастар!
2 - жүргізуші:
Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! - дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!

© 2010-2022