Ана - өмірдің шырағы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағат мақсаты:

1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген, шарлар

Барысы:

Мұғалім: Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күннің нұрынан, ананың сүтінен тараған. Қадірлі аналар, көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекелеріңіздің құрметіне бүгін біздің бүлдіршіндер сіздерге арнап, өз өнерлерін көрсетпекші.

Өмір сүрген әр адам, өркендеген анадан.

Аялаған өзіңіз, ардақтаймыз анажан.

Күнге бізді балаған, күнше күліп қараған.

Адам еткен өзіңіз, ардақтаймыз анажан.

Ас дәмдісін қалаған, аямаған баладан.

Ақ сүт берген өзіңіз,ардақтаймыз анажан.

- оқушы

Бүгін наурыздың сегізі, сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,анаға айтар лебізі.

Жанымызды жайнатқан, сіздерсіз ғой ,аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт, тілейді барша балалар.

- оқушы

Келеді көктем,көк көктем.

Көктемде соғар жел өктем.

Шашып жерге көк нұрын,

күлімдейді күн көктен.

- оқушы

Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген-қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген -өмірдегі қамқорың,

Ана деген-сүйенерің, жан құрбым.

- оқушы

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбәт мамам, ақ мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да.

- оқушы

Сырымды ұғатын, өзіңсің қуатым.

Күнімсің шығатын, айымсың туатын.

Аялы алақан, әлпештеп өсірген.

Аяулы жан анам,қатемді кешірген.

- оқушы

Әлпештеген аялаған,

ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

мейрамымен құттықтаймын.

Ән:

- оқушы

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамымен,

Аяулы біздің аналар.

- оқушы

Әжең асыл ардағың,

Атаң дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

- оқушы

Анаң-күнің, жүрегің,

Әкең-өмір тірегін.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

- оқушы

Бүгінгі күн керемет,

Бүгін бізде мереке.

Күннің нұры себелеп,

Алып келді береке.

- оқушы

Көп жылдар бойы бұл мереке,

Осы күні тойланады.

Аналар үшін балаларға,

Неше әсем ой салады.

- оқушы

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

- оқушы

Наурыз нұрын шашсын,

Жылыға есік ашсын.

Қадірменді аналар,

Мерейлерің ассын.

- оқушы

Өмірдің сәні анада,

ананың сәні балада.

Ана мен бала қуанар,

келгенде көктем далаға.

- оқушы

Өмірдің қыздар гүлі ғой,

Қадірін оның біліп қой.

8-наурыз-мереке,

Құтты болсын ұлы той.

- оқушы

Наурыз деген жыл басы,

Бар жақсылық жолдасы.

Түн кемиді, жарық бол.

Наурыз салған осы жол.

Ән:

Жарқын жузді жан анам

сендей болсын бар адам

сендей болса бар адам

шаттык кетпес баладан санжар

Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын. надия

Ақ қабақты анашым,

күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

айналайын анашым. Алижан

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

айналайын ақ анам! нурлан

Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

- оқушы

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен

Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз

- оқушы

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Ән: Құттықтаймын мама

3


© 2010-2022