Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп - гимназия» КММ



Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)

Орындаған: мектепалды сынып

мұғалімі Улмаханова Д.М.












Төле би ауылы.


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тіл дамыту. Мүсіндеу.

Білім беру саласы: «Қатынас, таным, шығармашылық».

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?

Оқу іс - әрекетінің мақсаты: 1. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

2. Әңгімені оқып беріп, түсіндіру барысында сөздік қорларын, ойлау қабілетін дамыту.

3. Балаларға нанды қастерлеуге, үлкендердің еңбегін құрметтеуге , бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, тыңдау, ойын.

Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру. Тіл дамыту. Мүсіндеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар

Билингвальды компонент: ұн - мука, нан - хлеб, тышқан - мышка

Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың зейіндерін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері: «Біз өмірдің гүліміз».

Зеңгір көктен Бал достыққа,

Нұрын төккен, Жолдастыққа,

Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз.

Жайнап өскен, Тыныштыққа,

Жайдары өскен, Нұр құшақта

Біз - өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз.

Сәлемдесу.

Балалар бірге айтады.

Іздену ұйымдастырушы

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді».

  • Балалар, айтыңдаршы күнделікті біздің дастарханымызда қасиетті, қадірлі қандай тағам тұрады?

  • Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?

  • Нан туралы қандай ертегі білесіңдер?

  • Дұрыс, айтасыңдар балалар. Бізге қонаққа

«Нан қайдан келеді? ертегісіндегі кейіпкер тышқан келіпті, ол нанның дастарханға келу жолын айтып бермекші, қысқаша мазмұнын тыңдайық.

Ертегі: «Нан қайдан келеді?»

Ертеде бір тышқан болыпты. Ол нан дүкеніне келіп, сөреде жаңа піскен сап - сары, иісі бұрқыраған бөлкелерді көріп, тұмсығын жыбыр - жыбыр еткізіп, бір бөлкені кеміре жей бастайды.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық).

Сол сәтте дүкенге «Сатушы» кіріп келеді. Тышқан дереу сыртқа шығып «Апырай, мұншама нан қайдан келді екен» деген сұрақ мазалайды.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)

  • Нан, сен қайдан келдің? - дейді сыбырлап.

  • Сатушыдан сұра, - деді нан.

  • Сатушы, сатушы «Нан қайдан келеді?» - деді тышқан.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)

  • Наубайшыдан сұра - депті сатушы,

  • Наубайшы, наубайшы «Нан қайдан келеді?» - деді тышқан.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)

Наубайханаға келеді. Мұнда көп адамдар нан пісіреді екен. Сонда тышқан наубайшыға келіп, наубайшы, наубайшы «Нан қайдан келеді?» дейді.

  • Диірменшіден сұра, - дейді.

Тышқан диірменшіге келеді. Диірмен тастары тынымсыз айналып, ұн төгіліп, көзді ашып жұмғанша қап - қап ұн пайда болды. Тышқан таңдана қарап: «Диірменші, диірменші нан қайдан келеді?» - деп сұрайды.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)

  • Комбайншыдан сұра дейді диірменші қарт.

  • Содан тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келеді. Комбайн бидайдың сабанынан дәндерін бөліп жүк машиналарына тиейді.

  • Комбайншы, комбайншы «Нан қайдан келеді?» деп сұрады.

  • Көктемде тракторшы жерді жыртып, тұқым себеді. Егіншілер күтіп баптайды, көп еңбек сіңіреді. Міне қалың астық - сол еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады - деді комбайншы.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)

Осылайша тышқан өзін мазалаған сұрағының жауабын тауыпты.

«Тышқан» туралы бейне баян

Әліппе дәптердегі Ә.Ахметовтың өлең жолдарын оқып беру. Міне, балалар, көрдіңдер ме нан дастарханға келу үшін, қаншама адамдар еңбек етеді екен. Сондықтанда нанды қастерлеуіміз керек.

Дәптермен жұмыс: Қане, балалар, дәптерімізді ашып, суретке қарап, нанның дастарханға келу жолдарын, суреттің ретін санмен көрсетіңдер.

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактормен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

Мақалдың жалғасын тап.

Нан - тамақтың ...., (атасы)

Ынтымақ - көптің ....., (батасы)

Балалар, кім нан туралы тыйым сөздер біледі? Сурет бойынша тыйым сөз шығару.

Нанды бір қолмен үзбе.

Нанды, дастарханды баспа.

Нанды төңкеріп тастама.

Нанды аяққа баспа.

Ал, енді балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар.

«Не жасырынғанын тап». Дидактикалық ойын.

Шарты: балаларға ұннан пісірілген нан түрлерін көрсету. Балалар көздерін жұмады, бір суретті алып тастаймын. Балалар қай сурет жоқ екенін табуы керек.

Балалардың жауаптары Нан

Ия

«Бауырсақ», «Егінші мен қасқыр», «Нан қайдан келеді?»



Балалар ертегіні тыңдайды.

















Өлеңді тыңдайды.

Дәптермен жұмысты орындайды.



Іс - қимылмен орындайды.

Балалар мақалдың жалғасын табады.

Тыйым сөздердің мағынасын айтады.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)(бидай)

Балалар ойын ойнайды.

Рефлексифті коррекциялаушы

Міне, көрдіңдерме балалар, дастарханға нан келу үшін қаншама адамдар еңбек етіп өз күштерін жұмсады. Сол себептен адамдардың еңбегін бағалап, сыйлауымыз керек.

Балалар бүгін біз нан туралы көптеген мағлұмат алдық, енді біз сендермен бауырсақтың қамырын дайындап, мектебіміздегі аспазшыларға берейік, ол кісілер бізге бауырсағымызды пісіріп берсін. Сендерге сабақ ұнадыма? Егер ұнаса алдарыңдағы көңіл күйді білдіретін бейнелерді көтеріп көрсетеміз. Балаларды мадақтау.

Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)Тіл дамыту. Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? (мекпепалды даярлық)



Күтілетін нәтиже:

Білуі: «Нанның дастарханға келу жолын» білді.

Меңгеруі: егіншілердің еңбегін бағалай білуді меңгерді.

Жасай алады: берілген сұрақтарға ұқыпты әрі жылдам жауап беруді, адамдардың еңбегін бағалай білуді.



© 2010-2022