На казахском языке Кош бол құтты, әліппем

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем

Мақсаты: 1)Әліппе оқулығына оқушының ерекше құрметті мектеп өміріндегі оуқлықтың орнын түсіну;

2) Оқушылардың әр пәнге байланысты әңгіме, өлеңдер айту, жұмбақ айту арқылы тіл байлығын дамыту;

3)мектеп пен оқулықты құрметтеуге, білімді болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: шарлар, суреттер, нақыл сөздер

Мұғалім Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бүлдірщіндерді шақырайық ортаға.

(Көңілді музыкамен залға екі-екіден оқушыларға кіреді, қол шапалақтанады.)

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қонақтар, бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын беру-ұстаздың міндеті. Барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз

Әліппемен қоштасқалы отырмыз.

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Олай болса «Қош бол, құтты әліппем!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Алғашқы сөз кезегін мектеп деректоры Досов Болат Бексыкұлына беріледі.

Мұғалім: Жақсырақ,жасырайық,

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан

Хормен: Әліппе!

Мұғалім: Ендеше ортамызға білім беріп, әріп үйреткен «Әліппемізді» ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе!Әліппе!Әліппе! (ортаға Әліппе келеді)

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-аналар

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға!

Құттықтаймын сіздерді

Бүлдіршіндер, балғындар

Менің атым-Әліппем,

Мені анаңдай-дәріпте.

Мұғалім:Әліппе, бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Ендеше төрге шығыңыз. Балалардың өнерін тамашалаңыз.

Мұғалім: Қане достар, Әлліппеден не үйрендік? Не білдік? Келіңіздер ортаға салайық.

Нұрлыбек: Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

Арайлым: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны әліппе

Көбейсін: Ең алғашқы алғанымда Әліппені,

Қызығып қарайбердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Хор: «Әліппе»

Мұғалім: Әліппбиді білдіңдер,

Онда жүйе қылып бар

Біздің қазақ тілінде

Қанша әріп бар?

Оқушы: 42 әріп бар

Мұғалім: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық

Әліпбилер шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар!

Мұғалім: Ендеше, осы әріптерді ортаға шақырайық.

Саламат: «А» деген ана ғой,

Ана деген дана ғой,

Айда: «Ә» Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы басады.

Истай: «Б» деген бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

Әсел: «Г» гу деп алғаш бөбектер,

Гуілдейді ақырын.

Ислам: «Ғ» Ғарышкері ғалымның

Намысты ер даланың

Тоқтар сынды ағаның

Ізбасары боламын.

Нұрлыбек: «Д» Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап,

Үстел үстін бүлдірдің

Тәрелені сындырдың.

Арай: «Е» еріншектің ертеңі,

Елге таныс ертегі.

Жасұлан: «Ж» Жазда биыл жаңбырлы,

Жайлау талай жаңғырды.

Расул: «К» Кекілік-ау, кекілік

Кетіп қалам секіріп.

Мерей: «Қ»Қауырсыны құстардың

Қызықтауға құштармын.

Ербол: «Л» Лашын биік самғайды,

Лашын көкті шарлайды.

Мейірбек: «М»Мен көп тердім мақтаны,

Марат мені мақтады.

Арайлым: «О» Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан ұран, отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Маржан: «Ө»Өзен бойын жағалап,

Өскен бақты аралап

Өркенге өрік жинастық,

Өзіміз жеп шамалап.

Көбейсін: «Р»Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші,

Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,

Көрікті сондай жаса қала.

Мұхамбет: «Т» Тәп-тәтті табан нан,

Таба алмай қалдым таба нан.

Эльмира: «Щ» Щетка деген ғажап-ақ!

Щетканы әжем мақтайды.

Щекамен тіс тазалап,

Щеткамен үй ақтайды.

Нұршат: «І» Інісіне бағалы,

Іңкәр ішік алғанды.

Мұғалім: Мың бұралса біз қарап тамсанайық,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Бишілерді сахнаға біз шақырып,

Қол соғып қарсы алайық.

Би: Әдемі-ай

Әліппе: Балалар сендер маған құрмет көрсеткендерің үшін көп-көп рахмет!

Ислам: Қош бол, Құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлестің.

Эльмира: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң, оқи жаза білгенім.

Сауатты адам санатына кіргенім.

Әліппе: Балалар, сіздердің өнерлеріңе риза болдым. Сендерге көп-көп рахмет. Енді сауаттты жазу, мәнерлеп оқытатын досммен таныстырайын. Ол «Ана тілі» оқулығы.

Ал, балалар қош болыңдар!

Хормен: Қош бол құтты Әліппем!

Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Енді сендердің сүйіп оқитын оқулықтарың мен боламын. Мені ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

Мұғалім: -Төрлетіңіз ана тілі балалардың өнерлерін тамашалаңыз. Қане, өнерімізді ортаға салайық.

Нұршат: Ана тілі-ұраным

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Мерей: Ана тілім ұраным,

Ана тілі-құралым.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Айда: Адамдықты үйретер,

Жамандықтан жиренер

Тілімізді ширатар,

Ана тілі данамыз.

Мұғалім: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамызға айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға

Хормен: Мың алғыс

Ұстаз-мейірімді, сезімтал. Сені сүйемелдеп, демеп, өмірге өрлетіп, жетелеп келе жатқан ұстазың емеспа?

Мұғалім: Тамсандырып ән салады,

Естіген жан тамсанды

Жүректерге жеткізіп,

Қыздарымыз ән салады.

Ән: Мұғалім ол біздің

Арай: Ұстаз болу-жүректің батылдығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу-адамның ақылдығы.

Мейірбек: Сипадыңда басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.

Ербол: Келгенімде алдыңа.

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Мухамбет: Алдыңа келіп ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімің сезілген

Мұғалім: Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейсіз.

Жауқазындай көз тартып,

Жайраң қағып билейміз.

Би: Біздің жігіттер

Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені меңгеріп, сауатты оқуларына ата-аналарының да қосқан үлесі көп.Сондықтанда бәріміз ата-аналарға рахмет айтамыз.

Ертең-ақ біз ер жетіп,

Әнші ағамдай боламыз.

Үлгі тұтып жақсыны,

Бізде әнге саламыз.

Демекші ортамызға ұлдарымыздың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларымыз құтты болсын ата-ана,

Тойларымыз құтты болсын балаларым.

Қонақтар, ұстаздар, ата-аналар бүгінгі 1- «Д»сынып оқушыларының « Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!

Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.



© 2010-2022