Сабақтың тақырыбы: Қар күрегі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:12.01.15



Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қар күрегі

Мақсаты: қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Ұсақ қол моторикасын дамыту

Сөздік жұмыс: күрек

Көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайша, күректер т.б

Билингвалды компонент: күрек-лопата

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Балалар шеңбер бойына тұрып, өлеңді қайталап, қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру-шылық-

ізденістік

-Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қандай ойындар ойнайсыңдар?Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ауланы немен тазалайды?

Ал, сендер қар күрегін жасағыларың келе ма?

Қауіпсіздік ережесін түсіндіру:

Тақтайшаны орнынан қозғамау, ермексазды аузына салмау, жерге лақтырмау, тек тақтайшаның үстінде қолдану керектігін түсіндіру.

Практикалық жұмыс:

Құрал-жабдықтарды тарату

Ермексазды түзу қимылмен есіп, ұштарын айналдырып әкеліп біріктіруді үйрету, қар күрегін жасап көрсету

Қыс мезгілі

ия

қимылын көрсетеді

( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
(Алақай, деп қолдарын көтереді)

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Өлең жолдарын айтып қимылдар жасайды

Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!


Балалар мұқият тыңдайды және тапсырманы орындайды

Рефлексиялық-

түзетушілік

Балалар, біз не туралы айттық?

Күректі не үшін жасадық?

Балаларды мадақтайды

Қыс мезгілі туралы

Қар күреу үшін

Күтілетін нәтиже:

Біледі : қыс мезгілі туралы

Игереді: қар күрегінің мүсінін жасауға болатынын түсінеді және тәсілдерді игереді

Меңгереді: ермексазбен ұқыпты жұмыс жасай білуге дағдыланады

© 2010-2022