Баяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Баяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясыБаяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясы
















































































«Сатылай кешенді талдау» технологиясы


Н.А.Оразахынова - Абай атындағы ҚҰПУ-ті қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасыныңпрофессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Ғылым академиясының Вице-президенті, "Сатылай кешенді талдау" технологиясының авторы Б ілім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу... ... егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек. ...Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі...

Н.Ә.Назарбаев Әдіс - керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс, екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, ондабіріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды. ...Әдісін алғанша қай істе болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы болсада оңайланады. Істің шапшаң істелуі күйге жетуі, қайта-қайта істеліп, дағдығаайналған кезде болады. Екінші кемшілігі − қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру − оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы. ...Бұлардың бәрі де балаларды қинамай оңай оқытуға керек нәрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы, балалары тез хат білсе, ата-аналары балаларын оқытуға ықыластанбақшы. Ата-анасы баласын оқытуға ықыластанса, оның оқуына керек расходты шығынсынбас еді. Сөйтіп, мұғалім жақсы оқыта білгені қазақ ішіндегі оқушыларды көбейтіп, оқу ісінің шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді. Ж.Аймауытов комплекс сөзіне екі түрлі көзқарас бар екенін де сөз етеді. Оның бірі - комплексті әдіс десе, екіншілері - жүйе деген. Әдіс деушілер комплекспен оқытқанда құбылыстар бір-біріне байланысқан, пайда болған, дамыған, еңбек шаруаға негізделген түрінде түйдек зерттеушілер болса, ал жүйені бұрынғы жағрафия, жаратылыс, тарих, ана тілі, есеп, физика болып бөлек-бөлек оқылған пәндердің бәрі бірігіп түйдектеліп оқылуын жақтаушылар. Ғалым әдістің аясы тар екендігін дәлелдей келіп, пікір мен жүйені - комплекс деп атауды ұсынады: "әдіс" деген сөз көп түрде қолданылады, "әдістің" мәнісі уақ, тар, ана тілінің әдісі, есеп әдісі, тәжірибе әдісі, серуен әдісі, зерттеу әдісі... деген сияқты толып жатқан әдістер бар. Комплекстің мәнісі бұл әдістің бәрінен кең, бәрінен терең. Әлгі айтылған "әдістер" комплекстің баласы тәрізді. Комплексті "әдіс" десек, балаларының атын әкесіне қойған сияқты боламыз. "Жүйе" деген кең мәнді сөз. Сондықтан да, жүйе деу керек деседі". Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды заттарды, көріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын, тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңлаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін адам - шын мағынасымен адам», - деп ой топшылайды да, ойлауды өркендетудің мынадай жолдарын ұсынады. Айқын қылып оқыту мен сатылы бір тегіс оқытудың байланысы бар. Оқыту бірте-бірте сатылап, ілгері басып отырмаса, анық та, ұғымды да болмайды. Білім біржола күреп алатын нәрсе емес. "Оқу инемен құдық қазғандай" деген мақалды еске түсіру керек, жаңадан берілетін әсер, суреттеу ұғым бұрынғы алған суреттеуге, ұғымға байланбаса баланың миына берік қонбайды. Сондықтан оқуда біртегіс өрлейтін саты болу керек. Әрбір тыңнан берілетін білім бұрынғы білгеннің жалғауы, келесі білімнің бастауышы сияқты болғаны тиіс. Сатылап оқытудың ескеретін екі жағы бар, бірі - шәкірттің шама-шарқымен есептесу, екіншісі - оқу мағлұматтарын дұрыс қолдану. Оқытушының шеберлігі - ойына келген нәрсені білдіру емес, аужайына, жасына, біліміне, күшіне қарап сабақ беру.

Ж.Аймауытов Ұлттық төл технология дегеніміз - қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Төл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының көрнекті ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады. Сатылай кешенді талдау дегеніміз - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі - жоғары қиындықта оқыту. Сатылай кешенді талдау - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі. "Сатылай кешенді талдау" технологиясының мақсаты - қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру












ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
Тілдік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту. Әр сөйлемнің, сөздің, дыбыстың табиғатын таныту арқылы сөзді таңдап-талдап қолдана білуге дағдыландыру. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру. Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу. Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру. Өз ана тілінің грамматикасын сауатты игеру. Қазақ тілі өзге пәндердің негізін түсініп, терең меңгеруге басты құрал екенін саналы түрде түсінуге бағыт-бағдар беру. Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу. Талдаудың он деңгейін рет-ретімен жүргізе отырып, сатылай кешенді талдаудың түрлі амал-тәсілдерін меңгерту. Интерактивті тақта, компьютерлік талдау арқылы оқушылардың ақпараттық- коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру. Ана тілі негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгерудің негізін қалау. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәндік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту. Сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалды тілдік қатынасым теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге машықтандыру. Әр пәннің табиғатын танытуда оқушының жеке мүмкіндігін ашуға ықпал ету. Пәндердің мазмұнын, ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру. Кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілін, ұлттық құндылықтарын басқаларға таныта, бағалай білуге баулу. Берілген тапсырманы сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру. Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында әртүрлі пәндердің мазмұнына сай түрлі сөзжұмбақтар, танымдық , ұлттық ойындар үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру. Барлық оқушыны табысты оқыту. Оқу-танымдылық белсенділігін арттыру. Білім-білік дағдысын қалыптастыру. Білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал ету.
Оқуды жеделдету. Шығармашылық қабілетін дамыту. Ғылыми ізденіске жетелеу.




























САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі.

  • Табиғилығы.
  • Дағдыға басым бағыт беруі.
  • Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі.
  • Оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру.
  • Оқушыларға берілетін білімнің саралануы.
  • Оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай міндетті деңгейде білім алуға еріктілігі.
  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
  • Ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі;
  • Оқу үрдісінде пәнаралық байланыстың мақсатты енгізілуі.
  • Барлық оқушыны табысты оқыту.
  • Оқу-танымдылық белсенділігін арттыру.
  • Білім-білік дағдысын қалыптастыру.
  • Білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал ету.
    Оқуды жеделдету.
  • Шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Ғылыми ізденіске жетелеу.
  • Ж.Аймауытовтың пән жүйесі мен комплексті оқыту жүйесін салыстыруы
  • Пән жүйесімен оқыту
  • Пән жүйесімен оқытқанда, пәндер жеке-жеке өз жолымен жүреді, бірінің арбасына бірі соқтықпайды, ең ұқсатқанда аз-маз жарыса үзеңгі қағыса оқылады.
  • Пән жүйесінде мұғалімдер әрқайсысы өз пәнін оқытып, өзгеге бұрылмайды, жазаласа, бірінің сабағына бірі қайшы келіп, бірінікін бірі өтірік қып отырады, әсіресе, дін молдасы мен пән молдасы шартпа-шұрт түсе береді.
  • Пән жүйесінде өмірді, құбылысты қолма-қол зерттеу деген жоқ, барлық білім кітапта болады, білімді тәжірибе арқылы баланың өз көзі жетіп таппайды, мұғалімнің сөзіне сенеді, оқу заманнан аулақ қалады.
  • Пәндерді бөлшектеп оқыту баланың жан жүйесіне қарсы. Бала нәрсені тұтас түрінде, іске пайдалы жағынан қарап, ұғып біледі, бөлшегін, тарауын, қимылын елемейді.
  • Пән жүйесінде сағат сайын пәндер алмасып, ауысып отырады да, баланың ынтасын бірде-біріне тұрақтатпай, алаң қылады.
  • Пән жүйесінде адамның тіршілігіне керекті, керексіз көп сөздермен, пікірлермен баланың басын тығындап, миқата қылады.
Сатылай кешенді талдау технологиясымен оқытудың тиімділігі Баяндама «Сатылай кешенді талдау» технологиясы










ОСКТТ-ЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ПӘН БОЙЫНША ЖҮЙЕЛЕНУІ
  • 1-сынып: Қазақ тілі. Математка.
  • 2-сынып: Қазақ тілі, ана тілі, математика.
  • 3-сынып: Қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі.
  • 4-сынып: Қазақ тілі, ана тілі, математика, орыс тілі, ағылшын тілі,
дүниетану


1. Анықтама. ОСКТТ дегеніміз - қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Сатылай кешенді талдау - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі. 2. Шығу тегі. ОСКТТ-ны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының төл ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады. ОСКТТ-ның теориялық негізін А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамаларын басшылыққа алып, ағартушылық негізін - Ыбырай, Абай, Шоқан т.б.ағартушылардың педагогикалық ұстанымдарын технология авторы ұлттық құндылыққа негізелген әдіс-тәсілдер енгізіп, бастауыш сыныптардан бастап төменгідей пәндерге енгізудің жолдарын көрсетті, олар: қазақ тілі, ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, география, биология, физика, химия, информатика. 3. Ерекшелігі:
  • оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі;
  • табиғилығы;
  • дағдыға басым бағыт беруі;
  • білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
  • оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
  • оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
  • оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейде кем емес білім алуға еріктілігі;
  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
  • ОСКТТ-ның 2-ші деңгейінен бастап мұғалім тек бағыт-бағдар беруші субъектілік қызмет атқарады.
4. Жалпы білім беру жүйесіндегі пәндерге ОСКТТ-ны енгізудің мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, (қазақ тілі, ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, география, биология, физика, химия, информатика) білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтандыратын, білімді тек қана белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттердің үйлесімді дамуына бағыттталған оқытудың түрі 5. Міндеттері. Мұғалім оқушыларға мәселе қояды, ойлаудың жолдарын үйретеді, оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс жасау әрекетіне бағыт-бағдар береді, сондықтан оқушы белсенді субъектіге айналады. Оқушылар өзара заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорытып, бірлескен ұжымдық әрекет жасайды. Олар өзін-өзі, бірін-бірі бақылау, бағалау, пікір айту, баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілікке бейімделеді. Оқушыларда өз біліміне деген сенімділік орнап, кез келген ортада құзыретті тұлға ретінде түрлі жағдаяттан шығуға машықтанады. 6. ОСКТТ-ны өрнектеу жолдары: Тірек сызбалар, алгаритм, кестелер, жүйелеу (тараулар, тақырыптар, түрлер). Тірек сызбалар дегеніміз - нәтижеге жету мақсатында біртіндеп сатылай орындалатын әрекеттер тізбегі. Алгаритм - нұсқаулар нәтижесінің шешімі. 7. ОСКТТ-ны шартты белгілері: берілген тапсырмаларды таңбалар арқылы өрнектеу. 8. ОСКТТ-ны оқытудың он деңгейі. "Сатылай кешенді талдау" технологиясымен жұмыс жүргізу төмендегідей он түрлі проблеманы шешуге мүмкіндік береді: 1."Сатылай кешенді талдау" технологиясы мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты жаңаша құруға, олардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал етеді. 2."Сатылай кешенді талдау" технологиясын енгізу арқылы барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызылады, әр баланың даму жолында жұмыс жүргізіледі. 3."Сатылай кешенді талдау" технологиясы басқа технологиялармен жақсы үйлесім табады. 4.Жоғары қиындықта оқыту - "Сатылай кешенді талдау" технологиясының басты қағидаларының бірі. Соған байланысты бұл технология мемлекеттік білім стандартының толық меңгерілуіне кепілдік береді. 5.Оқыту тиімділігін арттыруда "Сатылай кешенді талдау" технологиясынының мүмкіндігі мол, өйткені бұл технологияның әдістері, тәсілдері, құралдары, оқыту ұйымдастыру формалары өте тиімді. 6. "Сатылай кешенді талдау" технологиясы - баланың білімді өз бетімен ізденуі арқылы меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады. 7. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, танымдық қабілетін, логикалық ойлауын арттыруда "Сатылай кешенді талдау" технологиясының рөлі зор. 8.Баланың талап-тілегін, сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруда, көптілділік, "Тілдердің үштұғырлылығы" проблемаларын шешуде "Сатылай кешенді талдау" технологиясының мүмкіндіктері мол.
9. "Сатылай кешенді талдау" технологиясы - мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудың құралы. Осы технологияны қолдану, іс-тәжірибеге енгізу арқылы мұғалім шығармашылық ізденіске қол жеткізеді.
10. "Сатылай кешенді талдау" технологиясы баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етеді. Олардың арасында зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылар саны артады.






























Тақырыбы: Дала.С.Сейфуллин Сабақтың мақсаты: 1.С. Сейфуллиннің «Дала» өлеңімен таныстыра отырып, оқушыны түсініп, мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету. 2. Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру.Сатылай кешенді талдауға үйрету. 3. Табиғат әсемдігін бағалай білуге, қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау Көрнекілігі: мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Үй жұмысын сұрау: Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» өлеңінде таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен? Таң атарда жұлдыздар қайтеді? Шолпан жұлдызы қай уақытта туады? Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады? Үй тапсырмасын пысықтау: Арайлап атып келе жатқан таң саған қандай әсер береді? Таңғы ауа қандай? Бақылап көр. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Атып келе жатқан таң жайлы әңгімеле. Жаңа сабақ: 1.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштен, жалғастырып оқу. Өлеңде не туралы айтылған? Өлеңнің бірінші шумағында ақын жазғы даланы кімдерге теңейді? Неліктен? (анаға, балаға) Жазғы дала неліктен «кестелі жібек көрпедей». (көкпеңбек жасыл шөппен жайқалған көктемгі гүлдер басқан). Ақын нені көк ала кілемге теңейді? (көк шөп). Ақынның көк шалғынға, гүлдерге «жан бітіріп» суреттеген жолдары қай шумақта және қалай берілген? (соңғы шумақта) Сергіту сәті. Жаңа сабақты пысықтау: «Дала» суреті бойынша өз ойын әңгімелеу. Сен тұрған жергілікті жерде қандай далалы жер бар? Ақынның өлеңімен салыстырып айтып көр. Сатылай талдап көрейік.




Дала 1.Авторы-С.Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында туған. Шын аты-Сәдуақас, ата-анасы еркелетіпСәкен атап кеткен. Сәкен сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы болған. Орысша тіл үйреніп, екі жыл зауыт мектебінде оқиды. 1908-13 жылдары Ақмолада приходская школада, одан соң мұғалімдер семинариясында оқиды. 1916 жылы оқиға Сәкенге әсерін береді. С.Сейфуллин 1938 жылы 26 ақпанда өмірден өтті. 2.Тақырып-бұл өлең туындысының іргетасы. Бұл-шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Тақырыбы-көк шалғынға, гүлдерге жан біітіріп суреттеу. 3.Жанр түрі-поэзия (өлең). Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшем мен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпан ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі. 4.Идеясы-автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат-мүддесін, арманын білдіреді. Ақын даланы көк ала кілемге теңей отырып, табиғаттың әсем құбылыстарын суреттейді. 5.Шумақ-аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 4 шумақты. 6. Тармақ-өлеңнің әр жолы, 16 тармақты. 7.Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі, 2-3 бунақты. 8.Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты, 7.8 буынды. 9.Ұйқас-өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі, кезекті ұйқас. 10.Әдеби-теориялық ұғымдар: Теңеулер-көрпедей, жас баладай, балаша. Эпиттер-кең дала, кестелі жібек, көк ала кілем, жасыл шөп, жас иіс, көк шалған. 11. Түсіндірме сөздік Тамылжып-елжірету, балқыту. 12.Тәрбиелік мәні Табиғат сұлулығы арқылы туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.

Бекіту кезеңі: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Жазғы дала несімен әдемі екен? Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. 2.Бағалау









































Тақырыбы: Жер-ғарыш денесі.(тарау) Ғарыш дегеніміз не? Мақсаты: 1.Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру. 2.Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Сатылай кешенді талдау. 3.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу. Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы. Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару . Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа тарау Жер-ғарыш денесі. Ғарыш деген не? Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешу: Қараңғыда жымыңдайды жанады, Жарық түссе, бірден сөніп қалады. Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді.(планета -грекше адасушы жұлдыз деген сөз) Планеталар-өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі -Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана . Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады.. Жерді қоршаған бүкіл дүние -ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады. Адам ерте кезден -ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол-Ю.А. Гагарин. Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: -Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы әңгімелесу. -Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар? -Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді? Галактика неден тұрады? Ғарыш деп нені айтады? Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім? Қазір ғарыш қалай зерттелуде? Бекіту Ғарыш дегеніміз не? 1.Анықтама. Жерді қоршаған бүкіл дүние-әлем немесе Ғарыш деп аталады. 2.Тану. Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Он кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір-бірімен қашықтығын жердегі өлшеммен, айталық, километрмен өлшеу мүмкін емес. Ғарыштың құрамдас бөліктеріне: Жұлдыздық жүйелер- галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң-тозхаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тосқалдап таралатын түрлі сәулелер жатады. Жер де Әлем денесі. Жерге ең жақын жұлдыз-Күн. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі-Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Планеталар ірі аспан денелері күнді айнадып жүреді. (Планета-грекше адасулар жұлдыз деген сөз) Планеталар-өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Жердің серігі-Ай. 9 планета: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. 3.Ерекшелігі. Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300000 км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан 1,3 секундына күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықта жарық 4 жылда жүріп өтеді. Құрамына Күн жүйесі кіретін Ғарыштың шағын ғана бөлігі-Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық 100 мың жалды әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады. 4.Салыстыру. Күн-қатардағы жұлдыздардың бірі. Басқа жұлдыздар сияқты ол да лаулап жанып тұрған газды шар. Жер-шар тәрізді дене. Күн мен Жердің арақашықтығы 150 млн. км. Жарықтың таралу жылдамдығы секундына 300000 км. Тап осы қашықтық тіршілік үшін қолайлы. Аспан әлеміне зерттуші ғалымдар Күннің көлденеңі 1400000 км. анықтаған. Бұл жердің көлденеңінен 109 есеге жуық артық деген сөз. 5.Экологиясы. Күн жан-жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады. Жерге Күн қуатының екі миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді, басқасы әлем кеңістігіне шашырап тарап кетеді. Дегенмен осы қуат мөлшерінің өзі Жерді жылытуға әбден жетеді. Күннің сәулесі мен жылуы болмаса Жер бетін қара түнек басар еді. Ғаламат суықтың салдарынан өсімдік те, жан-жануар да тіршілік ете алмас еді. Жылудың жоқтығынан булану жүрмей, су беті қатып қалады. 6.Қорытынды. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесін Жер шарын айнала ұшты.12 сәуір тарихқа «Ғарышкерлер күні» деген атпен қалды. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер Жер төңірегін екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Ғарыш құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі -Айды да зерттей бастады. 7.Нәтиже. Автомат стансалар Күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан (сұрапыл дауыл, құрғақшылық, т.б.) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді. Жасанды серіктер арқылы телехабар беріледі, алыс жерлермен, радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Олар Жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға, тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын кеңінен пайдаланылуда.
Үйге тапсырма беру кезеңі:114-117-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу. Бағалау.











Ғарыш дегеніміз не? 1.Анықтама. Жерді қоршаған бүкіл дүние-әлем немесе Ғарыш деп аталады. 2.Тану. Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Он кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір-бірімен қашықтығын жердегі өлшеммен, айталық, километрмен өлшеу мүмкін емес. Ғарыштың құрамдас бөліктеріне: Жұлдыздық жүйелер- галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң-тозхаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тосқалдап таралатын түрлі сәулелер жатады. Жер де Әлем денесі. Жерге ең жақын жұлдыз-Күн. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі-Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Планеталар ірі аспан денелері күнді айнадып жүреді. (Планета-грекше адасулар жұлдыз деген сөз) Планеталар-өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Жердің серігі-Ай. 9 планета: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. 3.Ерекшелігі. Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300000 км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан 1,3 секундына күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықта жарық 4 жылда жүріп өтеді. Құрамына Күн жүйесі кіретін Ғарыштың шағын ғана бөлігі-Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық 100 мың жалды әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады. 4.Салыстыру. Күн-қатардағы жұлдыздардың бірі. Басқа жұлдыздар сияқты ол да лаулап жанып тұрған газды шар. Жер-шар тәрізді дене. Күн мен Жердің арақашықтығы 150 млн. км. Жарықтың таралу жылдамдығы секундына 300000 км. Тап осы қашықтық тіршілік үшін қолайлы. Аспан әлеміне зерттуші ғалымдар Күннің көлденеңі 1400000 км. анықтаған. Бұл жердің көлденеңінен 109 есеге жуық артық деген сөз. 5.Экологиясы. Күн жан-жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады. Жерге Күн қуатының екі миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді, басқасы әлем кеңістігіне шашырап тарап кетеді. Дегенмен осы қуат мөлшерінің өзі Жерді жылытуға әбден жетеді. Күннің сәулесі мен жылуы болмаса Жер бетін қара түнек басар еді. Ғаламат суықтың салдарынан өсімдік те, жан-жануар да тіршілік ете алмас еді. Жылудың жоқтығынан булану жүрмей, су беті қатып қалады. 6.Қорытынды. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесін Жер шарын айнала ұшты.12 сәуір тарихқа «Ғарышкерлер күні» деген атпен қалды. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер Жер төңірегін екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Ғарыш құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі -Айды да зерттей бастады. 7.Нәтиже. Автомат стансалар Күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан (сұрапыл дауыл, құрғақшылық, т.б.) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді. Жасанды серіктер арқылы телехабар беріледі, алыс жерлермен, радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Олар Жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға, тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын кеңінен пайдаланылуда.

















Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар Мақсаты: 1.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды еске түсіру, алфавит туралы қайталау. 2.Ой-өрісін, сауатын қайталау.Сатылай кешенді талдау. 3.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру,өздік жұмыс, талдау Көрнекілігі: суреттер, алфавит Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру. 9 - жаттығу. Мақсат қою кезеңі:тақырыбын, мақсатын хабарлау. Көркем жазу. Әә Әә Әә Әтеш. Оқулықпен жұмыс: 1) (ауызша)10-жаттығу.Оқып, дауысты дыбыстарды табу,жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырату. Жазбаша жұмыс: 11 - жаттығу, мақалды жатқа жазу, Жуан дауыстылардың астын-бір, жіңішке дауыстылардың астын -екі рет сыз. 12-жаттығу, суретке қарап сөйлем құрау. ( тиісті әріптерді қою,дыбыстық талдау жасау) 13- жаттығуды сурет бойынша әңгіме құру, талдау, үйде өздігінен жазуға даярлау

Дауысты дыбыстарға мінездеме беру


А


  1. Бұл - дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

  1. Тілдің қатысына қарай - тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.

  1. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай - ашық дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.

  1. Ерін мен езудің қатысына қарай - езулік дауысты. Себебі, бұл дыбысты айқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.




Ә



1. Бұл - дауысты дыбыс. Себебі, ...
2. Тілдің қатысына қарай - тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл ілгері қарай созылып, үсті сәл төмендейді.
3. ……………………………………………………….
4. ……………………………………………………….

О


1. Бұл - дауысты дыбыс. Себебі, …

2. Тілдің қатысына қарай - тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс. Себебі, …
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай - жартылай ашық дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай - еріндік дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленуі арқылы жасалады.

Ө


1. Бұл - дауысты дыбыс. Себебі, …
2. Тілдің қатысына қарай - тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс. Себебі, …
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай - жартылай ашық дауысты. Себебі, ...
4. Ерін мен езудің қатысына қарай - еріндік. Себебі, …
Үйге тапсырма: 13 жаттығу. Бағалау Қорытынды















































Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Н.А.Оразахынова, Ж. А.Оспан. «Білім-ой азығы» Алматы 2012 ж

  2. Н.А.Оразахынова «Бастауыш сыныпта тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау» Алматы 2011 ж

  3. Н.А.Оразахынова «Ұлт болвашағы -ұрпақ қолында» Алматы 2012 ж

  4. Н.А.Оразахынова , А.Т.Жиенқұлова «Сатылай кешенді талдау» Алматы 2012 ж

  5. Н.А.Оразахынова «Фонетикалық қазақ тілі» Алматы 2012 ж

  6. Н.А.Оразахынова «Фонетикалық материалдарды сатылай кешенді талдау» Алматы 2012 ж

24


© 2010-2022