(Өө дыбысы және әрпі) Әліппе

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу:19.11.2015 ж

Сабақтың тақырыбы:Өө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:1.Өө дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру.

2.Дамытушылық мақсаты:Мақал-мәтел айтуға,оның мазмұнын ашып түсінуге сонымен қатар қандай?сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.

3. Тәрбиелік мақсаты:Шыншыл болуға баулу.

Сабақтың түрі:пысықтау сабағы.

Оқыту әдісі:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын технологиялары.

Сабақтың көрнекілігі:Бүктеме суреттер,әріптер,оқулық.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру:

Түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2)Психологиялық сәт.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ІІ.Өткенді қайталау:

1)Өткен барлық әріптерді қайталау.

2)«Дауысты-дауыссыз»ойыны.

ІІІ Оқулықпен жұмыс 89-бет.

А)Әр оқушыға оқыту.

Ә)

-Төрт түліктерге нелер жатады?

-Түйе, қой, сиыр, жылқы.

- Төрт түлік атасы не деп аталады?

Түйе атасы

-Ойсыл қара.

Сиыр атасы

-Зеңгі баба.

Жылқы атасы

-Қамбар ата.

Қой атасы

-Шопан ата.

-Төлдер қалай аталады?

-Бота, қозы, бұзау, құлын.

Б)Рольмен әңгімелету

- ІY Жаңа сабақ

-Бүгін біз Өө дыбысын пысықтаймыз.Қандай деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтаймыз.

1. Мақал-мәтел айтуға жаттығу

Жұмбақ шешу.

Сөз атасы-мақал. Бір беткейде екі көл. (көз)

Жақсы сөз-жарым ырыс. Күміс қасықтың

Өтірік айтпа, ұрлық жасама. Асты алтын (Тіл мен сөз)

Жағасы құрақ,

Мөлдір суат. (көз)

-Қандай суат?

-Мөлдір суат.

2. Қандай ? сұрағына жауап болатын сөздерді табу.

Қандай?

.....қайшы қайшы......

.....жалау жалау......

.....бөлме бөлме.......

.....тау тау........

Көже,шөже,көрік,көлік,көмек,сөз,көз,төл,көл,сөзерін оқу.

3.Сергіту сәтін өткізу.

Буындық, дыбыстық талдау жасау. Көже, көрік, көкек, сөз, төл, шөже, көлік, көмек, көз, төл, көл.

4.Өлең жаттауға жаттығу

5. Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

А)Суреттермен жұмыс .

Сұрақ қою:

-Бұл не?(өрік,өгіз,көбелек,бөдене)

-Өрік сөзі қай дыбыстан басталады?

-Өгіз сөзі қай дыбыстан басталады?

-Көбелек сөзін буынға бөлейік.

-Ө дыбысы қай буында айтылады?

-Бөдене сөзін буынға бөлейік.

-Ө дыбысы қай буында айтылады?

Ә)Тақтаға өріс,көрік,өлең сөздерін жазып көрсету.Әріптердің қосылуына оқушылардың назарын аудару.

Өрік-жоғарыдан қосылады

Көбелек-ортадан қосылады

Өлең-төменнен қосылады

Сөз-ортадан қосылады

Рефлексия

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта өткен сабақтан алған білімімізді пысықтадық.

-Өө дыбысы қандай дыбыс?

-Бүгін біз сабақта не істедік?(Оқыдық,жаздық,жұмбақ шештік,дыбыс талдадық,ойын ойнадық)

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Жұлдызшаларды санайық(Мадақтау)

Үйге тапсырма:90 бет «Бөпешім»өлеңін жаттау.



© 2010-2022