Мамандығым - мақтанышым

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 201 орта мектеп

Прманова Әйгерім

Бастауыш сынып мұғалімі


Мамандығым - мақтанышым


Ўстаз болу - жүректің батырлығы,

Ўстаз болу - сезімнің ақылдығы.

Ўстаз болу - мінездің күн шуағы,

Ўстаз болу - адамның асылдығы,-


деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ўстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ўстаз - мақтан тўтар мамандық. Киелі јрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жўмыр басты пендені ойландырып,толәандырып келе жатқан, қоәам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мјселе - шыр етіп дүниеге келген нјрестені өмір сүруге дайындау. Бўл - қиынның қиыны. Себебі јр адам - қайталанбас тўлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір јлем. Ал ўстаз сол јлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ўстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шјкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та - ўстаздық мамандық. Олай дейтінім, мўғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шјкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ўстаз болу - бала кезімнен арманым еді. Бүгінгі ўстаз шјкіртіне ғылым негіздерінен мјлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуңа, яғни қатаң бјсеке жағдайында өмір сүруге тјрбиелеуі керек. Ол нағыз ўстаздың ғана қолынан келеді. Ал ХХІ ғасырдың нағыз ўстазы қандай болмақ? Јрине, ол өз кјсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бўл - јркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тјн қасиет. Сондай-ақ ўстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмўны јр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап жјне оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ўстазды јр баланың жан-дүниесін танып-білуші јрі оны жеке тўлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ўстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі - белгілі пјннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі - жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ўстаз - баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шјкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойынның қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тјртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан јрбір шјкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мўғалімін ўстазым деп атайды. Осы тўста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ўстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер јр шјкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ўстаздан шјкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Ўстаз атана білу, оны қадір тўту, қастерлеу, арындай таза ўстау - јр мўғалімнің борышы. Ол - өз кјсібін, өз пјнін, барлық шјкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын јрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нјтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мјңгі ўстаз болып қалады. Ўстаздың осыншама қадір-қасиет, қўрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен јрбір шјкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мјдениетті сөзі, јдепті жүріс-тўрысы, жинақы іс-јрекеті, білімі шјкіртке де, ата-анаға да, жўртшылыққа да өнеге. Ўлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мўғалім хабарлайды, Жақсы мўғалім түсіндіреді, Керемет мўғалім көрсетеді, Ўлы мўғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кјсіби икемділік пен ўтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ўйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бўл жөнінде Елбасымыз Нўрсўлтан Јбішўлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық жјне рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды қўрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тўлғаны тјрбиелеп қалыптастыру»,- деген тўжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нјтижесі. Мўғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты. Біздер, мўғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты қўрушыларды, адамзаттың сјулетті болашағын жасаушыларды тјрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мўғалім мўратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ўстазға тјн мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі; - Қызметке бейімділігі; - Кјсіптік білімі мен біліктілігі; - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім; - Ўйымдастырушылық қабілет; - Заманға сай жаңашылдық. Осындай даралық қасиеттер ўстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ўстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шјкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сјтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бјсекелес заманда ўландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тјрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

© 2010-2022