Сабақтың тақырыбы. Әліппем, менің, Әліппем!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппем, менің, Әліппем!

Мақсаты: оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ата-аналарына өнерлерін көрсету, көпшілік алдында өздерін ұстай білуге үйрету.

Көрнекі құралдар: Қош бол, сүйікті Әліппе!», «Білім кілті - Әліппе!», «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар» көрнекі суреттер, шарлар, әріп белгілері,Ахмет Байтұрсынқлы, Ыбырай Алтынсаринның суреттері.

Мұғалім:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!

Құрметті ата-аналар!
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Олай болса қол соғып қошеметтей отырып, бүгінгі ертеңгілігіміздің иегерлерін ортаға шақырайық

1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана.

Көркіне ақылы сай келетін,

Бірінші келе жатқан Алмира

Қуантады білімімен бізді Бахтияр

Қалыспайды одан да өзге бала

Қол соғып қарсы алайық

Арманына жетсін деп қағып қанат

.Сабырлы әрі салмақты

Және өнерлі жан-жақты

Наргиз деген қызымыз

Талапты да талантты

Мақтан еткен сыныбы

Бестік толы дәптері

Білім құмар бір қыз бар

Оның аты Рауана.

Келе жатыр Санжар

Әкесіне қолғанат

Дос қадірін білерсің

Бірге жүрсең Нұрсұлтан

Еш айнымай кетерсің

Күліп-ойнап бірге сен

Гүлназ кең маңдайлы

Әдемі еді қандайды

Жақсылықты жақтай

Бәрін біліп жаттайты

Болады ол Элдар

Қылығы оның сүйсінтер

Еркетотай Ислям

Есімі Аян болады

Есепті де шағады

Оқу оқып, оза шауып

Жүрген қызымыз Мөлдір

Нәзік жанды сымбатт

Ұяң мінез салмақты

Бүгінің бар жарқын

Ертеңін бар айқын

Асырарсың әлі Әліби

Ауылыңның даңқын

Қуантады білімімен бізді Альбина қыз

Қол соғып қарсы алайық енді біз

Білімін серік болсын талабыңа

Биіктен көріне бер аяулы қыз

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

К.Ақнұр деген қызымыз

Сіздерге арнап тіл қатты

Сабырлы әрі салмақты

Өзі өнерлі жан-жақты

Келе жатқан Ақтоты-ай

Жайдарлы қыз салмақты

Өз бойында бар талап,

Момын бала, салмақты

Дәулетхан атты жігіт бар

Батыр бала, қайратты.

Көп оқитын, көп тоқитын

Сұлу еді Маржандай

Дария шықты ортаға

Мадияр біздің ақылды

Өнерге де жақынды

Есептерге әлсіздеу

Әліппеге алғырлау

Шуағын шашып айнала

Ниязби шықты ортаға

Ортаға келді Ақнұр

Сәулелі де сымбатты

Сөйлегені тым тәтті

Қылықтары тәп-тәтті

Мерей қызы әдемі,

Көркіне сай әдебі

Есепке де жүйрікті,

Ұстаз болғысы келеді

23 оқушы білімнен нәр алған

Барлығы да жайдарлы.

Өз орнын таба алған

Бақдәулет біздің қайсарлы.

Сабырлы да салмақты

Үйреніп бәрін жүретін

Адема да келеді

Алшаң басып аяқты.

Ән «Қыркүйектің бірінде»

Мұғалім:

Жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
1-жүргізуші: Алмира

Ассалаумағалейкум, уа, халайық!

Армысыздар, аналар,

Бармысыздар, балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр,әніміз!

2- жүргізуші: Бахтияр

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті білім, ойымыз,

Құтты болсын тойымыз!

1-жүргізуші: Алмира

Қымбатты балалар!

Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?

Бірге: Әліппе досымыз!

2- жүргізуші:Бахтияр

Иә, ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық. (Әліппе келеді)

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Бірге: Қош келдіңіз, Әліппе!

Әліппе:РауанаАрмысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғаламның,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім-көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Наргиз.Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

К.Ақнұр.Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе.

Нұрсұлтан

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің, Әліппе!

Әліппе: Сыйлап үлкен ағаны.

Сәлем берген баланы, кім дейміз?

Хормен : Әдепті екен бұл дейміз.

Әліппе: Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы, кім дейміз?

Хормен: Үлгілі екен, бұл дейміз.

Әліппе: Кітап, дәптер қаламы

Кір шалмаған баланы, кім дейміз

Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз

Әліппе: Өтірік сөз айтпаса

Уәдесінен қайтпаса, кім дейміз?

Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз

ән: «Мектебім»

Алмира.Қ әрпінен құралған

Бас-аяғы қазақтың,

Жарылқасын бір Аллам!

Бахтияр.Алатаудай айбарлы,

Астанам аты - Астана.

Астанам - ару жас қалам,

Жасай берсін Азат күн!

Мына менен басталған.

Наргиз.Зергерлікті кім білер,

Балқытады күмісті.

Сақинаны, сырғаны,

Күміс сымнан тартады.

Рауана.Ата-ананың тілегі -

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адал болып өскенің.

Санжар:Қиындықтан қорықпа,

Қаймығып еш торықпа

Нұрсұлтан:Сара сауды сиырды,

Сексеуілді сындырды.

Сазан балық қырда,

Сан шаруаны тындырды.

Гүлназ:Таңнан тұрып тай мініп,

Тауда тазы жүгірттім.

Таңқурай жеп, сай қуып,

Таңдайымды жібіттім.

Элдар:Астана -астанам,

Астана - бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастама

Ислям:Наркөз бота үнемі,

Нарға ілесіп жүреді.

Нағыз еңбек кепілі,

Нан - тіршілік тірегі. Аян:Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып,

Аяқталған қарашы.

Мөлдір:Мысықта бар,

Күшікте жоқ.

Қасықта бар,

Есікте жоқ.

Әліби:Сөз басында келмейді

Елдің бәрі «ң»дейді

Дауысты дыбыс соңынан

Тұрғанды теріс көрмейді

Альбина :Бірқазан мен Бөдене

Байқамады дәнене

Бүркіт аңдып екеуін

Бастамақ бір пәлені

К.Ақнұр:Оспан да өлең жаттады

Олжас та өлең жаттадв

Мына менен басталған

Екеуінің аттар

Ақтоты:Лайым ұлы іс болсын

Лайықты шәкірт болсын

Лұқпан, хакімдей боп

Лайым қыдыр қонсын

Дәулетхан:Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы, ерінбе

Дария:Шілде күні керемет

Шабындыққа келе кет

Шалғаншылар ағалар

Шөмеледе балалар

Мадиар:Азаматпын жатпаймын

Алма ағашты баптаймын

Астанада тұратын

Ағама алма сақтаймын

Низби:Ғимрат көп қаламда

Ғаламат көп ғаламда

Ғылым қуып жалықпай

Ғалым болам қалайда

Д.Ақнұр:Ырыс алды-ынтымақ

Ырысты болсын еліміз

Ықыласы зор іске

Бала болып өсеміз

Мерей:Мақтанышым ұдайы

Маңғыстаудың мұнайы

Маңғаз біздің ағалар

Сөз арасын саралар.

Бақдәулет:Ырысты ұрыс қашырар,

Ынтымақ - халықты асырар

Адема:Заузадан көре аласың

Заңғардан таба аласың.

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласың.

(Әріп таңбаларынан қалпақ киген оқушылар тізіліп тұрады.)

Мұғалім

Балалар, мына әріптерде бір сыр бар тәрізді, қане кім байқады?

-Қазақстанның болашағымыз

Ән «Әрқашан күн сөнбесін »

Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:Әліби
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек: Әліби
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:Нұрсұлтан
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек: Әліби
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді балалар мына шардағы сөздерді оқиық.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек:Әліби Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті -басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек:Әліби Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:Алмира
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Мұғалім:Өте жақсы, енді одан әрі тағы не білетінімізді жалғастырайық

-Жері кең, елі бай бұл қай ел?

-Қазақстан

-Осы елдің астанасы қай қала?

-Астана.

Біз қандай елміз?

-Біз егеменді, тәуелсіз елміз

-Егеменді еліміздің президенті кім?

-Н.Ә.Назарбаев

Биыл біздің еліміздің тәуелсіздігіне 23жыл толып отыр.

Осындай тыныш, бейбіт елде өмір сүрмесек, біз білім алмас едік. Сондықтан келесі ән-жырымызды Отанымызға арнайық.

Мөлдір:Отан- сенің, ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.

Әліби:Отан- тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан- өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

Ақнұр:Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.

ДәулетханАлфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

Мерей:А- деген ол аналар ғой ардақты,

Ә - деген ол әкелер ғой салмақты.

Б - деген ол балалар ғой әдемі

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

Бахтияр:Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына алғаш әліппені жазған кім?

Бірге: Ыбырай Алтынсарин.

Әліппе:Рауана:Ризамын балалар,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

Ана тілі атты әпкем бар

Сендерді жетелеп әкетер.

(Ортаға ана тілі келеді.)

Ана тілі:Мөлдір

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Бірге:Қош келдіңіз, Ана тілі.

Ана тілі:Мөлдір:Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Ана тілің - құралың,

Ана тілің - ұраның

Ана тілің болмаса,

Мықты болмас тұрағың.

Албина :Ақыл-ойын даланың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

К.Ақнұр:Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Әліппе:Рауана:Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты,

Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын.

-Ал балалар сау болыңдар!

-Қош болыңыз (Бәрі бірге)

Көрніс: «Ана мен бала»

Баласы:Анашым, ау анашым

Өсіп қалды балашың

Қашан алып барасың?

Енді мені мектепке

Анасы: Асықпа әлі қарағым

Санауға енді жарадың

Жасың толсын алтыға

Сонда алып барамын

Баласы: Мектепке барған кезімде

Анам менін басқа адам

Ана тілін білуге

Үйретеді кім маған?

Анасы:Айтқанымды шырағам

Шығармай тек санаңнан

Мектептегі мұғалім

Кем болмайды анаңнан

Баласы: Жақсы тыңдап ұстазды

Тәртіпті болам талапты

Тәртіп сақтап әрдайым

Жақсы оқимын сабақты

Анасы: Оқығаны баланың

Мейрімі ғой ананың

Дегеніңе жет күнім

Таудай болсын талабың

Мұғалім:

Балалар, сендер аз ғана уақыттың ішінде көп нәрсені - оқуды, жазуды, есептеуді меңгердіңдер. Осының бәрін кім үйретті?

Бірге:

Мектеп,

Әліппе

Ұстаз,

Ата-ана.

Ақтоты:Әліппе, даңғыл жол ашты,

Жаңа пәнмен жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Рақмет, ұстаз алғашқы.

Мұғалім:

-Балалар оқу жазумен қатар әдептілікті де үйренді.

Көрініс: «Жақсыны үйрен, жаманнан жирен». (. Екі бала ойнап жүр).
Нұрсұлтан:- Аян екеуміз доспыз ғой, ия?!
Аян:- Ия доспыз.
Нұрсұлтан:- Сен ешкімге айтпа, менде керемет нәрсе бар.
Аян:- Ол не нәрсе?
Нұрсұлтан::- Мінекей көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).
Аян:- Ол не болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?
Нұрсұлтан:- Папамнан көрсетпей алдым.
Аян:- Папаңнан? Папаңнан неге аласың, темекі деген жаман нәрсе, денсаулыққа зиянды.
Нұрсұлтан:- Болса ше? Менің папам неге тартады?
Аян:- Ой, достым, сенің папаң жас күнінде темекіге әуестенген, сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
Нұрсұлтан:- Ой, достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Аян:- Жоқ, мұндай жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал. Әйтпесе құримыз, онан да ойынымызды жалғастырайық.

Мұғалім:Демек , адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез,жаман әдеттерді бойларына сіңірмей, тек жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілімен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуымыз керек

Бірге:
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Қәне, балалар, енді қонақтарға, ата-аналарға кітапты қалай оқитынымызды көрсетейік.

Оқулықпен жұмыс

Санамақ:Бірге

1-жүргізуші: Алмира

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

ән: «Әрқашан күнсөнбесін !»

2-жүргізуші:Бахтияр

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана, қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Мұғалім

Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишілер
Бименен кешті жалғасын.
Қыздардың орындауында « қазақ» биі.

Қазақ биі

Ұйғыр биі

Ән «Мұғалім ол біздің»

Үнді биі

Бата .Аян

Әліппенің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді етІ

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп оқып.

Өсе берсін санамыз!

Әумин!

Бүгінгі кеш әр үйдің « Той басы» деп саналар.

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!, - дей келе бүгінгі «Әліппем, менің Әліппем» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


© 2010-2022