Сауат ашу Ии дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу Ии дыбысы мен әрпі1 сынып

Әліппе

Күні: 12.11.15ж

Сабақтың тақырыбы: И и дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға И и дыбысы мен әрпін таныту. И и дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы

түсіндіру,ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а)Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Аптаның әр күні

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кіл бестіктер болсын!

Өткен тақырыпты еске түсіру арқылы білімдерін тексеру.

Ә әрпінен келетін сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Сөздерден сөйлем құрастыру.

әріп ән дәптер әскер әдемі Әсет

Әліппе дән тәулік тәртіп әдепті Сәуле

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға И и дыбысы мен әрпін таныту.

Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс. Суреттегі заттарды атау. Сол сөздер ішінен И и дыбысынан басталатын сөздерді тапқызу.

Оқулықпен жұмыс.

Инелік сөзіне дыбыстық талдау жасау. Осы сөздерге сөйлемдер құрау.

И и дыбысына анықтама беру.

И и − дауысты дыбыс.

И и дыбысы бар сөздер (сурет бойынша)

Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.

Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетініне мысалдар келтіру.

Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру).

И ки жи ти ти

Ине киім жиын тиін тиын

Кеспе буындармен жұмыс.

Буындардан сөз жасау.

Осы буындардан сөйлем құрау.

Мәтінмен жұмыс. «Ит»

Мәтінді буындап оқу.

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Мазмұнын айту.

Жылдамдыққа оқуды жетілдіру.

Сергіту сәті.

Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Бетіңді жушы,
Қолыңды сүртші,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы

Шапан етік бөрік ішік

Тағы қандай киім білесің?

Жануарлар

Жәндіктер

Шыбын Тиін орманда болады. Сиыр ше?

Инелік маса

Киік далада болады . Ит ше?

Қане, ойланайық!

Сиыр мөңіреді. Ит ----------

Ешкі маңырады. Әтеш ------------

Жылқы кісінеді. Бота ------------------

Жазу үлгісімен жұмыс.

И и дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

Байланыстыра жазу.

Ауада жазу.

И Исатай Имаш Инеш

И ит шие киік киім

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау


© 2010-2022