Сабақ жоспары. Жолбарыспен айқас

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жолбарыспен айқас

(«Қамбар батыр» жырынан үзінді)

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер:

  1. Білім: «Қамбар батыр» жырынан алынған үзінді мазмұнымен танысу.

  2. Түсіну: Бейнелі сөздер арқылы батырдың өжеттігін анықтайды.

  3. Қолдану: Жырдағы Қамбар батырдың қара қасқа атының сыртқы тұрқын сипаттау арқылы әсірелеу, теңңеу сөздерді қолдануды үйренеді.

  4. Анализ (талдау): Батырдың қара қасқа атына айтқан монолог сөздерін талдай отырып, оның өз тұлпарын жақсы көретінін анықтайды.

  5. Синтез (жинақтау): Үзіндіден теңеу, әсірелеу сөздерді тауып, олардың жасалу ерекшелігі жайлы қорытынды жасайды.

  6. Бағалау: «Қамбар батыр» жырын оқо отырып, «Мен не түсіндім? Тақырыбына эссе жазады.

Оқыту әдісі: Салыстыру, сұрақ-жауап, зерттеушілік.

Негізгі ұғым мен жаңа сөздер: Мазар- зират, мола. Пешене - бақ, маңдай, тағдыр. Шері -жолбарыс. Даусы жерді көшірді -даусы айналаны жаңғыртты.

Сабақтың құрылымы:

Тақырып жоспарын құру:

1.Батырлар жыры туралы не білесің?

2.Қамбар батырдың монологын оқып, талдау.

3.Жолбарыстың тұлпарға жасаған шабуылын сипаттау.

4.Қамбар батыр мен жолбарыстың айқасы.

5.Қорытынды

І.Мотивациялық кезең

Психологиялық сәт. 1минут

Оқушылардың сабаққа назарын аудару.

Үй жұмысын тексеру 14 минут

І топ Сұраққа жауап беру

ІІ топ Жырды өз сөзімен айту

ІІІ топ. «Мен не түсіндім?» тақырыбында эссе жазу

Топ болып оқушылардың үй жұмысына қатысын бағалау (смайлик арқылы)

ІІ Операциялық- орындаушылық кезең

Топтық жұмыс

Сынып үш топқа бөлініп, төмендегі тапсырмаларды орындайды

1 -топ жыр бойынша сұрақтар құрастырады;

2-топ жырда кездесетін әсірелеу сөздерін қатыстырып, сөйлем құрастырып жазады;

3-топ Қамбар батырдың күш-қуаты жолбарыстың күшінен басым, зор екенін әлелдейтін жыр шумағын тауып жазады.

Жаттықтыру және білімді есепке алу кезеңі.

І деңгей тапсырмалары:

1.Қандай батырлар жырларын білесің?

2. «Қамбар батыр» жырында қандай оқиға баяндалады, өз сөзіңмен қысқаша түсіндіріп жаз.

ІІ деңгей тапсырмалары

1.Жырда жолбарыстың аузын, даусын, тырнағын суреттеген өлең шумағын тап.

2.Төмендегі сөздерді пайдаланып, екі сөйлем құрастыр: Даусы нар маядай, аузы көріктей...

ІІІ деңгей тапсырмалары:

Батыр өзінің қасқа атын жақсы көретінін қай сөздерден байқауға болады?

Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыру.

Қара қасқа ат

Әсірелеу

Мойны

Құлағы

Төрт аяғы

Тұяғы

Сұлулығы


Қорытынды:

«Қамбар батыр» - қазақ халқының қаһармандық жыры. Жырдың 19-нұсқасы белгілі. «Қамбар батыр» жырының басты идеясы - жер мен ел намысын қорғау.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Кері байланыс:

Бүгін мен не білдім?

Сабақ ұнады ма?

Сабақта не түсініксіз болды?

Тағы не білгің келеді?



© 2010-2022