Казахская литература-план на тему Абай. Күз

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:17.09.2015ж

Сынып:2 «Б»

Мұғалім: Алдамжарова І

Сабақтың тақырыбы

Абай. Күз

Мақсаты

Білімділігі: А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.

Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстыру.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Желкілдеген желменен,
Жел егінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Күз - суық, сұр бұлт, ызғарлы, жаңбырлы
қыс - суық, тұманды, қарлы, боранды

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Күз мезгілі дегенде ойымызға не түседі, кім қандай ойда отыр?
Оқушылар күз туралы өз ойларын айтады.
А. Құнанбаевтың « Күз» өлеңімен танысамыз.
А. Құнанбаев кім?, ғалым, ақын, сазгер, ойшыл, ұстаз, кемеңгер, дана.

Казахская литература- план на тему Абай.КүзКазахская литература- план на тему Абай.Күз

А.Құнанбаев 1845 жылы Семей өңірінде дүниеге келген.Әкесі Құнанбай болыс болған. Абай бала күніне өлеңдер жаза бастаған.Абайдың көптегн өлеңдері, әндері, аудармалары, қара сөздері бар.
Ой қозғау. Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді белгілейді.


Ыс - түтіннің күйесі.
Құрысын заңы - әдеті құрысын.
Күзеу - күзгі жайылым.
Қыстау - малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен - жайы.
Жайлау - малдың жазғы алыс жайылымы.
Көктеу - көктемде көшіп шығатын аймақ.
Топтық тапсырма.
1, 2, 3 - топ шумақпен бөліп оқып, өлең жолдарын қара сөзбен түсіндіру.

Сергіту сәті

Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду
Бір, екі, үш
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз


Ой толғаныс

Топпен жұмыс

1 - топ. Өлең жазу.
2 - топ. Эссе жазу.
3 - топ. Сурет салу. ( Абайдың өлеңдерін еске түсіру.)

Үйге тапсырма

Мазмұндау, «Күз» өлеңін жаттап келу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сабақ барысында топты, жеке оқушыны бағалап оырамын. Оқушыларға бір-бірін бағдаршам әдісімен, қошемет сөздер арқылы бағалатамын.


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022