Қазақ тілі Мазмұндама АУыл маңы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:әдебиеттік оқыту

Уақыты:04.02.16

Кабинет:2

Мұғалім:Куккузова А.К.

Сабақтың атауы

Мазмұндама

Мақсаты

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі

сауаттылыққа баулу мақсатында мазмұндама жүргізу.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұндамалар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Оқушыларға мазмұндама жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, мазмұндама жұмысының такырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмұнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 181 сөзден тұрады. Содан кейін мәтін негізінде жоспар түзулерін тапсырамын. Осы жоспар негізінде оқушылар мазмұндама жұмысын жазады. Бірлік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қазақ тілі Мазмұндама АУыл маңы

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Ауыл маңындағы құм төбешік бейне құрылыс алаңы секілді. Бір топ бала жұмсақ, майда құмнан үйшік қалап жатыр. Самат пен Арман кішкентай машиналарымен тал шыбық тасып жүр. Аспандағы алтын күн де бұларға қызыққандай, арайлы сәулесін аямай төгіп тұр. Осы кезде жайылып жүрген төрт-бес бұзаудың ішіндегі ала қасқа біреуі төбешікке тіке тартты. Басын тұқыртып, кәдімгідей айбат шегеді. Сүзетін түрі бар. Балалар ойыншықтарын тастай салып, жан-жаққа бытырай қашты. Бұзау ойыншық үйлерді иіскелеп тұрды да, быт-шытын шығарып тастап кетті.

Келесі күн де Мұраттар құм төбешіктің басына жиналып, қираған ойыншық үйлерді қайта салуға кірісті. Сүзеген бұзаудың келгенін байқамай қалды. Бірақ бұл жолы бірде-бір бала қашпады. Қайта қолдарындағы құмды шашып, барлығы қарсы тұрды. Енді сүзеген бұзаудың есі шықты. Тоқтай қалды да, таңырқай басын шайкады. Сонан соң өз жөніне кете барды. Мұрат табалдырықтан аттай беріп:

-Ата, біз бүгін бұзақы бұзауды қуып жібердік,-деді, тершіген танауын сипалап.

-Кім біледі, бұзақы бұзау ертең тағы келер...

-Келсе, келе берсін! Енді одан мүлде қорықпаймыз.

-Міне, қарағым, ұқтың ғой. Бірліктен, достықтан асар күш жоқ!

Алпысбай қарт та немерелерімен бірге қуанды. Балалардың көңілдері көтеріңкі. Құм қалашық сән түзеп, думанға бөленген.

Міне, осылайша мәтінді окып болған соң осы мәтін негізінде жоспар түзуін тапсырамын. Жоспар төмендегіше:

1. Құм үйшік.

2. Сүзеген бұзау.

3. Қайта салынған үйлер.

4. Қарсылық көрсету.

5. Бірлік күші.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз .


Ой толғаныс

Мәтінді екінші рет оқу,не өте жақсы оқитын оқушыға оқыту.Бұдан соң мәтінді 2-3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді.

Тілдік тапсырмалармен байланыстырады.Ол үшін тірек сөздерді қолдану,сөйлемнің сөз тіркестерін білгілі бір үлгілерін қолдану т.б. осы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асыру қажет.

Үйге тапсырма

«Сынып бірлігі» тақырыбында шығарма жазып келу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Қазақ тілі Мазмұндама АУыл маңыҚазақ тілі Мазмұндама АУыл маңы

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022