Оқушылардың өздерінің өміріне байланысты мәлімет береді. 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Оқушылардың өздерінің өміріне байланысты мәлімет береді.1 класс

Күлшін орта мектебі

Тақырыбы: «Бір халық, бір ел , бір тағдыр.»

9 сынып , 2013-2014 оқу жылы.

Сынып жетекшісі: Қарымсағұлова Б.Д.

- 1-

Тақырыбы: «Бір халық,бір ел, бір тағдыр» Мақсаттары:1) Оқушыларды патриотизм және ұлтаралық татулыққа тәрбиелеу; 2)Қазақстан Республикасынын Президенті Нұрсұлтан Әбишевич Назарбаев 10.08.2013 жазған «Қазақстанның болашағы -қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегімен таныстыра отырып ,талдап түсіндіру. «Тарих толқындары» - Н.Ә.Назарбаевтын еңбегін оқу , тани білу,өз ойын айту. 3 )Қазақ жерінін тарихын білуге ,кастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың өту барысы: І. Үйымдастыру кезені : 1).Ән ұран орындалады. 2).Мұғалімнің сөзі. ІІ.Ұсынған баяндама бойынша қорытынды жасау. (Оқушыларды 3 топқа бөліп,тақырыптарды таратып, осы берілген тақырыптардын мағынасын ашып беру). 1-ші топ «Қазақстадық патриотизм» 2-ші топ «Тұған отаным» 3-ші топ «Келешектегі Қазақстан»

ІІІ. Ойынды жүргізу. І\/. Қорындылау жасау:

  1. Қазақстандық патриотизм деген не?
  2. «Тарих толқындары» деген еңбекте не жазылған, Сіз үшін не маңызды?
  3. Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин тәрбие тұралы не деген?
  4. Қазақ Этнографиясы-деген терминге түсінік берініз.

-2- І.Мұғалімнің сөзі: «Қазақстандық патриотизм» -деген ұғымға түсінік.Қандай бір халық болмасын Отанынелін, жерін сүймейтіні жоқ.Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отаның,жерін, суын , табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері . Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің : «Қазақстанның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» ,-«Тарих толқынында» деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудын керек екенін айтып ,бірігуге шақырып ,бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудін ,отбасы,еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды рольды атқаратынын,оларды ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып , «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз- Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу , әрбір азаматтын өзін-өзі айқын билеу.Олай болса ,осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып,ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда -сатықтың, алдау -арбаудың ықпалына жібермей,етегіне сүйретпей,еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек», - дейді Президент. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында»деген еңбегінде негізінен халықтардың,оның ішінде түркі мәдениетіне,қазақ топырағында түрлі діңдердіңболғанаң айтқанБұл еңбек Қазақстандық ұлттық,ұлтаралық татулықтың,қазақстандық патриотизмнің темірқазығы іспеттес. Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрып,аңыз,ертегілер,жырлар,кешегі кеңестік ортақ дәуір ,Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктерітуралы тарихи деректер болып табылады.Тәрбиенің негізі, оның мақсаты,міндеті, мазмұны ,түрі, құрлымы,әдісі,тәсілі,заңдылықтары,принциптері,құралдары бар.Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса,ол жәй сөз болып қалуы мүмкін.Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді. Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол мемлекеттін жүргізіп отырған саясатымен анықталады.Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм»арқылы Отан,туған жер ,ел,атамекен мемлекет,туған өлке,халқы туралы, түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде,сабақтан тыс іс-шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту,ұлттық салт-дәстүрді сақтау,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадырлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады.Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ,ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеуімен тығыз байланысты. Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып қлттық тәрбиеге жаңа мән береді.Ұлттық тәрбие дегеніміз ол- оқшаулану емес,керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап ,ненің тозық,ненің озық екенің тани білу, өрісі,дүниетанымы кен азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солайда. Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыру мүмкін.Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді.Әрине ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді.Кейбіреулер «Ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен» десе, ал кейбіреулер «ұлттық тәрбие кәзіргі өмірмен байланысты болса екен», дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді. Бүгінгі Егеменді Қазақсьанның жағдайында патриотизм ,ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр.Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп ,соның азаматы болу,Қазақстанды қорғау ,Қазақстаның дамуына ,өркендеуне өз үлесін қосу міндетті.

-3- «Қазақ баласын ұлтжандылық,отаншылдық,сезімде тәрбиелеу,білім берудін мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйімдардың міндеті.ХХІ ғасырда өз ұлтын сүген ,бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады»-деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстандық патриотизм»-ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды.Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады: --Ең алдымен тарихимызды -Қазақстан халықтарының тарихын білу; --Тұған халқымыздың тілін ардақтап ,оның кәусар бұлағынан сусындау; --Атадан балаға ,баладан немереге , немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді,әдет-ғұрыптарды жалғастыру; -Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік мәні бар жақсықасиеттерін сақтап ,одан әрі жан-жақты дамыту,оның өркендеуі үлес қосу; -Абай атамыз айтқандай ,ұлттық қадыр-қасиетімізді арттыру, ұлт атына кір келтіретін жат пиғылдан аулақ болу. Қай заманда болса да өз алдына- естрақты этносты і , еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды.Сонын ішінде қазақ халқы өз ұрпағын ,үлкенді құрметтейтін адал, инабатты,әділ,ержүрек ,намысшыл,ізгі ниетті болып өсуін қалайды:Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады. Қазақ халқынын тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин тәрбиенің басты құралы етіп - діңді алған да ,оның тиімді жақтарын өмірмен ұштастыра білгеннің артықшылығы жоқ деген. Республикадағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алалмай, бәрін де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып ,көп этносты,елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуқазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын арбір азамат Қазақстанды тұған Отаным деп түсінуі қажет .Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімнің ,өз Отанына деген презенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады.Яғни этносаралық интеграцияның базасы емес , адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі ,Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады. Ақ иық ақын Мағжан Жұмабаевтың «...Берік денелі,түзу ойлайтын,дәл пішетін ,дәл табатын ақыды болса ,сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ляззат алып , жаны толқындатырлық болса, баланың тәрбие алып ,шын адам болатындығы...» -деген қағидағасы өміршең болып отыр. Дәл осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген ,қоғамның жоғары мұратты мақсаттарына сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру - баршамыздың алдында тұрған міндетіміз. Адам махаббаты қандай мәңгі болса, оның патриотизмі де соңдай мәңгілік. Адамзат махаббатсыз ,мұратсыз өмір сүре алмайды,оны теріске шығару,еш нәтиже де ,жеміс те бермейді.Олай болса Қазақстандық патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола алмаймыз.Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес ,ертенге керек ,болашаққа да керек. Сонымен қорыта отырып Қазақстандық патриотизм -бұл қазақстандықтарға тін. Себебі ортақ Отан ,ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі.Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.
ІІІ. Осы түсінген тақырып бойынша еңді қорытынды жасап ,ойын жүгізіп тақырыптың мағынасын ашып бересіздер. («Топтастыру»-стратегиясы бойынша жұмыс жүргізу) (Оқушылар 3 топқа сүреттер арқылы бөлінеді,оларға осындай тапсырма беріледі: «Қазақстандық патриотизм»- 1-ші топқа, «Туған Отаным»-2-ші топ, «Келешектегі Қазақстан»-3-ші топ ,тпотағы оқушылар таңдаған тақырыпты талдап, өз ойларын айтып,мақала бойынша өз ойларын,флепчартқа жазып толтырады).
І\/.Қорытындылау: Тақырыпты неге бұлай атаған ,қандай ой еңгізілген? Сіздер өз Отандарыныздың келешегісіндер,сендердің міндеттеріңіз неде деп ойлайсындар?Сабақтан нені білдіндер ,өздеріне не алдындар,қандай пайда ақыл- кеңес өздеріне алдындар?



© 2010-2022