Щ дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Щ дыбысының жазба, баспа түрімен таныстыру, оны дұрыс дыбыстату.

Дамытушылығы: Сөздерге дыбыстық талдау жасату мақсатында оқушылардың сөздік қорын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтастыру.

Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, Щ дыбысының баспа және жазба түрлері, щёткалар, суреттер.

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн бізге

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Сабаққа сегізде келеміз,

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

Әліппені 5-ке оқып,

Білімді оқушы боламыз дегенбіз.

  1. Ой шақыру стратегиясы

- Кеше қандай әріппен таныстық.

- Ё дыбысы мен әрпі

- Ё дыбысына сөздер ойлап жіберейікші

- Монтёр, шахтёр

- Ё дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Дауысты

- Қане, балалар дыбыс дегеніміз не?

- Дыбысты естиміз, айтамыз.

- Әріп дегеніміз не?

- Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

Жарайсыңдар.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

- Ендеше, үйге қандай тапсырма берілді?

- Монтёр мәтінін оқу, өлеңді жаттап келу.

( 4-5 оқушыдан сұрақ)

- Ендеше, оқушылар біз қазір «Сөз ойла, тез ойла» ойынын айтамыз. Ол үшін қазір біз сөзжұмбақ шешеміз. Тақтада ілінген сөзжұмбақтың сұрақтары оқылады, жауабы жазылады.

- Монтёрдің жұмысы туралы сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Сөздерді буынға бөлдіру. Талдау жасату.

Жаңа сабақ

  1. Ой қозғау стратегиясы

Жұмбақ

Тазартады киімді,

Жаңартады үйіңді.

Жолыңа да тиімді

Не дейді бұл бұйымды? (Щётка)

- Жуынғанда қандай құралдарды пайдаланамыз?

(Оқушыларға атату)

- Тіс жуу үшін не қажет?

- Тіс пастасы, тіс щёткасы

Аяқ киімімізді тазалау үшін нені пайдаланамыз.

- Щётка

- Қане барлығымыз маған қараймыз.

Щётка түрлеріне әкеліп көрсетемін. Әр щёткаға байланысты сұрақ қойып, жауаптарын тыңдаймын.

- Қане, осы щётка сөзін буынға бөліп көрелік.

Щёт-ка (2 буын, 5 дыбыс)

- Таныс емес қандай дыбыс естіледі?

- Щ,щ (айтқызу). Щ қандай дыбыс?

- Щ, щ дауыссыз дыбыс, ол кедергі арқылы айтылып тұр.

загрузка...

«Щётка» сөзінде щ дыбысы сөздің қай буынында?

- 1-буында, басында.

Щ дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.

Мысалы: щётка, борщ, щи.

- Щ, щ дыбысының баспа және жазба түрін көрсету.

Тақтаға Щщ дыбысын жазып көрсетемін.

- Щщ дыбысы бұрын өткен қай дыбысқа ұқсайды?

- Ш дыбысы

  • Айырмашылығы қандай?

  • Щ дыбысының аяғы бар.

  • Оқулықпен жұмыс

Щётка - дыбыстың талдау жасату. 5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз. 3 көк текше, 2 қызыл текше.

Оқулықтағы жаңа сөздер тақтаға ілінеді. Сөздерді өзім оқып беремін.

Щи - көкөністер қосылған орыс халқының тағамы.

Борщ - орамжапырақ, дәрумендер қосылып жасалатын сорпа.

Ащы - жуа ащы, бұрыш ащы.

Дәмді білдіреді.

Тұщы - ішетін суымыз тұщы.

Өзен суы тұщы, ал теңіз, мұхит суы ащы болады.

Осы біздің Маңғыстауда Каспий теңізі бар. Каспий теңізінің суы ащы.

Ал Балқаш көлінің суы - тұщы, жартылай тұщы.

Каспий теңізінің, Балқаш көлінің суретін көрсету.

Сергіту сәті

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Мәтінге талдау жүргізу.

Мәтінде щ әрпі бар ма?

Сергіту сәті

Тазалық сақшысы Айнаға қараймыз

Иіс сабын, орамал Шашты да тараймыз

Қасында пастасы Ас ішіп болған соң

Щеткасы тағы бар Мектепке барамыз.

Тақтада ілінген жазумен жұмыс.

Ш, щ әрпін ажырата білу мақсатында берілген сөздермен жұмыс. Оқушылар ш, щ әріптерінің тиістісін қойып, жазады.

Қай ы, тұ ы, і ік, а ы.

Оқулықта берілген «Түскі ас» суретімен жұмыс. Берілген тірек

сөздермен сөйлемдер, мәтін құрастырады.

Олай болса, балалар енді дәптермен жұмыс жүргіземіз.

Барлығымыз дәптерімізді аламыз. Щ, щ әрпін жазуды электронды

дискіден тыңдатамын.

Щ,щ әрпін дыбысын ең бірінші ауада жазамыз.

(өзім жазып көрсетемін)

Қолға қалам алайық.

Бүгінгі өткен әріпті

Көркем етіп жазайық.

Дұрыс отыру ережесін еске салу, айту. Дәптерді мадақтау.

«Щётқалар айтысы» мәтінін сахналау.

«Адасқан буындар» ойынын ойнату.

Сабақты қорыту. «Аққала ойыны».

  • Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

  • Ол қандай дыбыс?

  • Щ дыбысы бар сөздер атату. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендері үшін

сыйға Аққала суретін шығару. Айдың аты, жыл мезгілі, келе жатқан мереке туралы айтқызу.

Оқушыларды мадақтау.



© 2010-2022