Презентация на тему Сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға сөйлем , сөй-

лем түрлері туралы мағлұмат беру.

Оқушыларды сөйлемді оқыған кезде

дауыс ырғағын салыстыру арқылы олар-

ды бір - бірінен ажырата білуге жат-

тықтыру.

2. Дамытушылық : Сөздік қорларын молайту, ой өрісін, тіл байлығын дамыту.

3. Әдептілікке, ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушыларды топқа бөлу.

І- топ Қыран.

ІІ- топ Сұңқар.

ІІІ- топ Тұлпар.

2.Психологиялық дайындық.

Біз қазақтың баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кездескен,

Көп таныстың бәріне,

Иіліп сәлем береміз.

Әлемде болсын тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық,

Қайырлы күн, ұстаздар,

Қайырлы күн, достарым.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 5- тапсырма.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Қазақстанның үлкен отбасында қазақтар, орыстар, өзбектер, кәрістер, немістер, еврейлер, шешендер мен тағы басқа ұлттар бар. Барлығы 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығын атап өтті. Ол біздің мемлекетіміздегі барлық ұлттардың татулығын, бірлігін, нығайту мәселелерін шешеді. Ендеше, бүгін біздің сыныпқа өздерің сияқты түрлі ұлттың балалары қонаққа келді. Осы балалардың сендерге тапсырмалары бар.

1. Менің атым Оксана. Менің тапсырмам жұмбақ шешу.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы белгілі болады.

Жұмбақ.

Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады. (Сөйлем )

ІІІ. Жаңа сабақ.

Суреттер бойынша сөйлем құрау.

2. Менің атым Фарук. Қайсысы сөйлем? Неліктен?

164- жаттығу.

Шекара, шекарашы, ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.

Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды.

Сызба бойынша жаңа сабақты түсіндіру.



Аяқталған ойды білдіреді

Нүкте

Сұрау белгісі

Леп белгісі

3. Менің атым Анита. Тақтамен жұмыс. 165- жаттығу.

І- топ Ажар (кітапхана) барды.

ІІ- топ (Кітапхана) адам көп.

ІІІ- топ Ол (кітапхана) кітап алды.

Сергіту сәті.

4. Менің атым Гөзель. Шығармашылық жұмыс.

166 - жаттығу. Сөздерден сөйлем құрап жазу.

І-топ. Сырғанақ , бірнеше, бала, теуіп, жүр.

ІІ-топ. Ақан, сырғанады, шанамен.

ІІІ- топ. Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

5. Менің атым Найыль. Құрастыру ойыны.

Сурет құрастыру. Құрастырылған сурет бойынша сөйлем құрау.

6. Менің атым Заур. 167- жаттығу.

Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.

Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе ?

ІҮ. Қорытынды. 7. Менің атым Әлібек. Тест.

1. Бас әріппен жазылуы тиіс сөзді тап.

а) алмұрт ә) түйе б) айдос

2. Аяқталған ойды білдіреді.

а) сөйлем ә) сөз б) сөз тіркесі

3. Дұрыс жазылған сөйлемді тап.

а) Арман кітапханаға келді.

ә) Сабақ мұғалім бастады.

б) Келді ұшып құстар.

4. Сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылуы тиіс?

Сенің жасың нешеде

а) нүкте (.) ә) сұрақ белгісі (?) б) леп белгісі (!)

5. Біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі.

а) 4 ә) 5 б) 6

Ү. Үй тапсырмасы. 8. Ал мен Әнелмін. 168- жаттығу.

Ребус шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

ҮІ. Бағалау.



© 2010-2022