Адамдық борышың

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Адамдық борышыңАдамдық борышың

Ана тілі.3-сынып

Гүлмира Оспанова №149 «Қызылту»

орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ш.Құдайбердіұлын таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, мазмұндай білуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелей отырып, жақсы және жаман қасиеттерді айыра білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиялары, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейнеролик, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ.

Ой қозғау

Тақтамен жұмыс.

Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. Дүниеге келген.Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек» «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн»т б. шығармалары жарық көрді. 1978 ж. Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана»деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

Оқулықпен жұмыс: а)Өлеңнің мағынасын түсініп оқу ә)Сөздікпен жұмыс б)Теріп оқу в)Жеке-жеке оқу г)Қызыл түспен белгіленген сөздерді тауып, мағынасын ашу.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс:Тұл-жеміссіз, өнімсіз.

Топтық жұмыс.

Жеке жұмыс(деңгейлік тапсырмалар)

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың білімін бағалап, үйге тапсырма беру.



Қызылорда облысы.

Шиелі ауданы.





© 2010-2022