Конспект по казахский на тему Жалқы және жалпы есім

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бекітемін:__________Төлегенова.Қ. 08.02.2016.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Жалқы және жалпы есім (333-337 жаттығулар) Мақсаты:1. Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру.Зат есімге сұрақ қоя білуге үйрету. 2.Сөздік қорларын молайту. 3.Ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: кестелер, үслетірмелер Әдісі. Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік Түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 329- жаттығу. Оқу, талдау. ІІІ.Білімдерін тексеру: Зат есім деген не? Сұрақтары? Тест алу.Үлестірмелер. 1. Зат есімді тап: а/қызыл, ә/ терезе б /бес 2. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап: а/ бор ә/ ұста б/ білім 3. Жұрнақ жалғанған сөзді тап: а/ оқушы ә/ үйге б/ терек ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Жалқы және жалпы есім Ү. Жаңа сабақ: 333 - жаттығу. Адам аты қандай әріптен бастап жазылған. Назар аудару.Ережені меңгерту. Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс. ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 334-жаттығу жазу, кісі, жер-су аттарының астын сыз. Олар қалай жазылған? Сергіту сәті 335-жаттығу( өз бетінше орындау). Мына жалқы есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз: Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар. ҮІІ. Бекіту: Бүгін не білдік? Жалқы есім деген не? Мысалдар келтіру. 337-жаттығу. Ауызша орындау. Дәулет ауылы туралы әңгіме құрау. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 336- жаттығу. Бағалау.



© 2010-2022