Поурочный план по математике на тему Өткенді пысықтау (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план по математике на тему Өткенді пысықтау (3 класс)

Пәні: математика

Тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Мақсаты:

Білімділік: Қалдықпен бөлу жағдайларын қарастыра отырып, ауызша көбейту мен бөлу тәсілі жайлы білім қалыптастыру.

Дамытушылық:«Көбейту және бөлу» тарауынан алған білім-икемділіктерін іске асыра білуге дағдыландыру, алған білімдерін пысықтау

Тәрбиелік: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тазалыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі:қайталау

Көрнекілігі: Кітап,дәптер,тапсырмалар.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық



Жаңа ақпаратты ашу





Оқулық пен жұмыс







Сергіту сәті











Ой жаттығулары



Үй тапсырмасы

Қорытынды

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен өлең жолдарын оқимын, мен оқып болғаннан кейін бәріміз қайталаймыз.

1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

Өте жақсы.

-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын,жұмақтарды шешейік.

1.Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында ( сызғыш)

2.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр- шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. / қалам/

3.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза- жаза арықтаған. / бор/

4.Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды.

Алмайды бір тағат

Оның аты ... /сағат/

-Жарайсыңдар,балалар.Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Өткенді пысықтау».Олай болса қазір біз өткен сабаққа шолу жасаймыз.

-Енді қазір біз «математикалық білім ұйін»құрастырамыз.Ол үшін біз көп еңбектенуіміз керек.

-Балалар,үй салу үшін қандай мамандар керек?

(құрылысшы,сәулеткер,архитектор,т.б)

-Жарайсыңдар,балалар.

-Балалар,оқулықтың 147-бетін ашып, №1 есепке назар аударайық.

-1-ші есепті ойын ретінде өткізсек,қалай қарайсыңдар?

-Ойынға «кім жылдам»,деп ат қаяйық.Қазір кім менің ойымдағы санды тез табады,сол оқушыға сыйлық беремін.

-Балалар,мен бір сан ойладым.Сол санды 5-ке көбейикенде 15 шығады.

-Мен қандай сан ойладым?(3)

-Жарайсыңдар,тақтадағы кестеге шыққан санымызды жазамаз.

-Балалар,мен тағы бір сан ойладым.Сол санды 5-ке көбейткенде 35 шығады,ол қандай сан?(7)

-Балалар,мен бір сан ойладым.Ол сан 6-ны 5-ке көбейткенде н шығады?(30)

-Мен бір сан ойладым.Сол санды 5-ке көбейткенде 25 шығады.(5)........т.б.

-Жарайсыңдар,балалар.менің ойымдағы сандарды тез таптыңдар.

-Енді,келесі есепке көшейік.147-беттегі №2 есепке назар аударайық.

257+478= 880-791=

369+409= 608-299=

-Енді осыны есептейік.

-Шыққан саннан,бірші қосылғышты азайтқанда,екінші қосылғыштың мәні шығу керек.

-Шыққан санға,бірінші азайтқышты қосқанда,екінші азайғыштың мәні шығады.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Енді балалар,барлығымыз орнымыздан тұрып,бір серігіп алайық.(электронды түрде болады).

-Жарайсыңдар,орындарыңа отырыңдар!

-Енді балалар, оқулықтың 148-бетін ашайып №3 есепке назар аударайық.

№3 есепте теңдік құрастыр деп берілген.Қазір ендеше барлығымыз теңсіздікті құрастырайық.

9*7=63 9*6=54 1*0=0 5*7=35

6*7=42 7*7=79 1*1=1

-Жарайсыңдар балалар!

-Енді келесі №4 есепке назар аударайық.

-Дөңгелек ірімшік тең бөліктерге бөлінген.Бір бөліктің массасы берілген.Бүтін ірімшіктің массасын тап.

-Енді балалар,ірімшіктің бірінші суретіне қарайық.Онда ірімшіктің бір бөлігі берілген,қалған бөліктерін табуымыз керек,ол үшін ірімшіктің 4-бөлікті 2-ге көбейтуіміз керек.

-4*2=8

-Жауабы:8кг тең

-Яғни,балалар бірінші суреттегі ірімшіктің массасы 8 кг тең екен.

-Енді келесі суретке назар аударайық.Екінші суретте ірімшік 8 бөлікке бөлінген, оның бөлігі 1кг тең.Қалған бөлігін табу үшін

8-ді 1-ге көбейтеміз. 1*8=8

-Жауабы:8кг тең

-Жарайсыңдар балалар!

-Бізге ірімшіктің тағы бір суретін берілген.Онда ірімшік 3-ке бөлінген,Сол бөліктің бір бөлігі 3кг тең.Қалған бөлтерді табу үшін 3-ті 3-ке көбейтеміз. 3*3=9

-Жауабы:9 кг тең.

-Жарайсыңдар!

-Келесі есепке көшейік,148-беттегі №5 есепті қарастырайық.

-Бұнда бізге 6 қабырғалы фигура құрастыр деп берілген.Ол үшін біз дәптерімізге 6 қабырғалы фигураны түсіруіміз керек.Осы 6 бұрыштың әр қабырғасы 3 см.

-Осы фигураны қалай атаймыз?(алтыбұрыш)

-Енді осы фигураның перимерін табыңдар!

-3+6=9

-Жауабы:9 см

-Жарайсыңдар,балалар!

-Көптеген есептер шығардыңдар,шаршаған шығарсыңдар.Енді мен сендерге қызықты сұрақтар қояйын.

-Қызықты сұрақтар:

1.12 айдың ортақ атауы. / жыл/

2.Жаздың екінші айы қалай аталады? / шілде/

3.4 шығу үшін қай санды 2- ге бөлеміз? /8/

4.Жылдың ең қысқа айы қалай аталады? / ақпан/

5.Алма ішін тесті, өзіне пәтер тапты. / құрт/

6.Кейде бестік алатын, кейде бұрышқа тұратын бөлме. / сынып/

7.Тілі жоқ төреші. /таразы/

8.Бір есек 10 кг қант, екінші есек 10 кг мақта әкеле жатыр. Қайсысының жүгі ауыр? / тең/

9.Бос қапта неше жаңғақ бар? / 0 /.

10. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? / тең/

-Жарайсыңдар,сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер.

-Балалар 148-беттегі №5 ә және №6 есептерді үйде орындап келеміз.

-Осымен сабағымыз аяқталды.

-Сау болыңдар!



© 2010-2022