Математикадан орта мерзімді жоспар 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гайсина Дамели Бактыгалиевна мұғалім портфолиосы В 1 есеп

№2 топ 3 - деңгей

Орал қаласы


«Бекітемін» Мектеп директоры ___________
«____» _____________ 2015 ж.






Орта мерзімді жоспар


(математика, 3 сынып)



Орта мерзімді жоспар. Математика пәні, 3 сынып

Тараудың тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандарды көбейтудің және бөлудің жазбаша тәсілдері. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу.

Тараудың мақсаты: Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу тәсілдерін меңгере отырып, 1000 көлеміндегі сандарға арифметикалық амалдар қолдану тәсілдерін түсіну.

Тараудың күтілетін нәтижесі:

А. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу тәсілдерін меңгере отырып, 1000 көлеміндегі сандарға арифметикалық амалдар қолдану тәсілдерін білетін болады.

В. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу тәсілдерін амалдар тәртібін сақтай отырып, санды және әріпті өрнектердің мәндерін табуда қолдана алатын болады.

С. Екі және үш таңбалы сандарды разрядтан аттамай жазбаша көбейтуді мазмұнды есептерді шығаруда пайдалана алатын болады және логикалық тапсырмаларды шеше алатын болады.

Өтілу уақыты

Сағат саны

Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы, оқыту формасы

Үйрену барысын бағалау(сабақтағы формативті және тарау бойынша суммативті бағалау)

Негізгі дерексөздер, құрал-жабдықтар

Сәуір

1

Сабақтың тақырыбы:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту. Мақсаты: үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін түсіну.

А.үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбей ту тәсілдерін білетін болады

В.Бірліктерді ондықтарды, және жүздіктерді көбейту ретін салыстыра алады

С. Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейтуге берілген мысалдарды тексеріп және қатесін түсіндіретін болады

Математикалық амалдар арқылы жұпқа бөлу техникасы.

«Стикердегі диалог» әдісімен көбейту кестесін еске түсіру, интербелсенді тақта көмегімен үй тапсырмасының дұрыс жауабын көрсету

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы жаңа тақырыпты талдау,

«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі арқылы бекіту

Жеке, жұптық жұмыс.

Дарынды және талантты балалар үшін кеңейтілген тапсырма лар (шығармашылық тапсырма). АББҚ бар балалар үшін деңгейлік тапсырма лар (марш. карта)

«Баспалдақ» әдісі арқылы

өзін-өзі бағалау. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс әдісімен өзара бағалау.

Табыс критерий бойынша маршруттық картаны бағалау.

Оқулық Матемтика

3-сынып авторы:

Т. П.Кучер, Ә.С.Акрамова Г.И.Кукарина,А.Қ.Әділбекова, көрнекі құралдар.

Электронды оқулық, слайд

Интербелсенді тақта, маршруттық карта парағы, бағалау парағы.

Сәуір

2

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту. Мақсаты: үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін амалдар орындауда және есептер шығаруда қолдана білу

А.үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбей ту тәсілдерін амалдар орындауда қолдана алатын болады

В.Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту тәсілдерін пайдаланып амалдар тізбегін орындай алатын болады және

өрнектерді салыстыра алатын болады

С. Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейтуге берілген мысалдағы жоғалған сандары бар өрнектерді қалпына келтіре алатын және есептер шығаруда қолдана білетін болады

Түрлі түсті жүрекшелер арқылы топқа бөлу техникасы.

«Серпілген сауал» әдісімен өткенді еске түсіру,

«Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі арқылы жаңа тапсырмаларды топта талдау,

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісімен әр топтан оқушы тақтаға орындайды,

«Пицца пісіру» әдісі арқылы бекіту

Жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Дарынды және талантты балалар үшін кеңейтілген тапсырмалар (шығармашылық тапсырма). АББҚ бар балалар үшін деңгейлік тапсырма лар (марш. карта)

«Басбармақ» әдісі арқылы

өзін-өзі бағалау. «Мадақтау синдвичі» әдісімен өзара бағалау.

Табыс критерий бойынша маршруттық картаны бағалау.

Оқулық Математика 3-сынып авторы:

Т. П.Кучер, Ә.С.Акрамова Г.И.Кукарина,А.Қ.Әділбекова, көрнекі құралдар.

Электронды оқулық,

Интербелсенді тақта, маршруттық карта парағы, бағалау парағы.

Сәуір

3

Сабақтың тақырыбы:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту. Мақсаты: екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін түсіну.

Күтілетін нәтиже:

А. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін білетін болады;

В. Бірліктерді, ондықтарды көбейту ретін салыстыра алады.

С. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейтуге берілген өрнек тердің мәндерін тауып, оны мазмұнды есеп шығару барысында пайдалана алатын болады.

«Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлу техникасы.

«Қапшықтағы фасоль» әдісімен өткенді еске түсіру,

«3 қадамдық сұхбат» әдісі арқылы жаңа тапсырмаларды топта талдау,әр топтың баяндамашысы тақтаға орындайды,

оқушы тақтаға орындайды,

«Конверт-сұрақ» әдісі арқылы бекіту

Жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Дарынды және талантты балалар үшін кеңейтілген тапсырма лар (шығармашылық тапсырма). АББҚ бар балалар үшін деңгейлік тапсырма лар (марш. карт

«Күн, бұлт, жаңбыр» әдісі арқылы

өзін-өзі бағалау. «Театрдағы әрекет» әдісімен өзара бағалау.

Табыс критерий бойынша маршруттық картаны бағалау

Оқулық Математика 3-сынып авторы:

Т. П.Кучер, Ә.С.Акрамова Г.И.Кукарина,А.Қ.Әділбекова, көрнекі құралдар.

Электронды оқулық, телефон, википедия материалдары (шезлонг)

Интербелсенді тақта, маршруттық карта парағы, бағалау парағы.

Сәуір

4

Оқыту мақсаты: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін тапсырмалар орындауда пайдалану.

Күтілетін нәтиже:

А. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін пайдаланатын болады;

В. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін қолданып, есептерді әр түрлі тәсілмен шығара алатын болады.

С. Көбейту кестесін басшылыққа ала отырып, екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген кестені толтыра алады.

Көкөністер арқылы топқа бөлу техникасы.

«Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісімен өткенді еске түсіру,

«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы жаңа тапсырмаларды топта талдау,әр топтың баяндамашысы тақтаға орындайды,

оқушы тақтаға орындайды,

«Кір жайғыш жіп» әдісі арқылы бекіту

Жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Дарынды және талантты балалар үшін кеңейтілген тапсырма лар (шығармашылық тапсырма). АББҚ бар балалар үшін деңгейлік тапсырма лар (марш. карт

«Өзін-өзі бағалау күнделігі» арқылы

өзін-өзі бағалау. «Мадақтау сэндвичі» әдісімен өзара бағалау.

Табыс критерий бойынша маршруттық картаны бағалау

Оқулық Математика 3-сынып авторы:

Т. П.Кучер, Ә.С.Акрамова Г.И.Кукарина,А.Қ.Әділбекова, көрнекі құралдар.

Электронды оқулық, Интербелсенді тақта, маршруттық карта парағы, бағалау парағы.

Жазба Мектептегі тәжірибе кезінде Кембридж бағдарламасы бойынша орта мерзімді жоспарлау кезінде жеті модульді сәйкестендіріп, сабақтарымды өткіземін.Сабақты 3-сыныптағы күнтізбелік оқу жоспарына сай тізбектелген 4 тақырыпты алдым. Мұндағы мақсатым:оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмалар беріп, сыни тыңдай алуға, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға, бір - біріне көмектесуге, қалыптастырушы бағалауды жүргізу арқылы өзін-өзі бағалай білуге, өз жұмысын сыныптастарының жазғанымен салыстырып өзін - өзі реттеуге ықпал ету. Әр сабақты өткізіп отырғанда оқушылардың жеке ерекшелігін ескеріп тапсырмалар беруді жоспарладым. Жас ерекшелігіне сәйкес психологиялық тренингтер өткізу арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастырамын. Оқушылар берген тапсырмаларды орындау барысында бір - бірімен қызығушылықпен талқылап, орындап болғаннан кейін топ арасында дарынды және талантты оқушылар анықталып отырады.Оқушылардың қабілеттеріне байланысты тапсырмалар беру арқылы оқыту барысында оқушыны жеңілден ауырға қарай біртіндеп жетелеудің жолдарын қолданып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға жұмыстанамын. Осы жеті модульді әр сабаққа енгізе отырып, күннен - күнге жаңа идеялар туындайды деп ойлаймын. Оқушыларымның да сабаққа деген мотивациясы артып, берген тапсырмаларды жұппен, топпен бірігіп, бір - бірінің айтқан пікірлерін тыңдап, бір - біріне сыни сұрақтар қою арқылы қорытынды шығарып үйренеді. Дарынды және талантты оқушылар анықталып, оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы арта түседі. Нәтижесінде математикалық амалдардың барлық түрлерін меңгерген, есептеу дағдылары жетілген, алған білімдерін ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерінде қолдана білуге қалыптасады деп ойлаймын. Орта мерзімді жоспарды құру барысында сабаққа нақты мақсат қоя білуді, әдістердің неғұрлым тиімдісін, тақырып пен оқушы мүмкіндігіне, жасына сай түрлерін таңдауға бейімделіп келемін. Нәтижеге бағытталған жұмыс пен жоспардың астасуына басты назар аудару керектігін түсіндім. Алдағы уақытта бағалауды түрлендіру, 7 модулді ықпалдастыра білу , АКТ мүмкіндігін кеңірек қолдануға тереңірек назар аударамын.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданып, әріптестеріммен үнемі кеңесіп, тәжірибе алмасып отырамын.




Жақсы құрылған, 7 модульдің идеяларын басшылыққа алып әдістері енгізілгенін кестеден көруге болады, жарайсыз! Дегенмен пицца пісіру әдісі бекітуге келе ме? Уақыт бекітуде көп жұмсалып кетпей ме? ОМЖ жазбасын жазуда Бағдарламаның түйінді идеяларын басшылыққа алғаныңызды, 7 модульді ықпалдастыруға тырысқаныңызды көрсете алдыңыз ба? Жазбада акцент осы бағытқа жасалу керек емес пе?
ОМЖ жазбасы өзгертілді.


© 2010-2022