Урок по литературе на тему Дуадақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ДУрок по литературе на тему Дуадақуадақ (лат. Otis tarda)









Дуадақ құсы. Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойыны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар. Жер шарыньщ шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құймышақ безі болмайды. Еркектерінде жұтқыншарымен жалғасатын тері қалташығы болады, ол дыбысты күшейтіп шығаруға қатысады. Біздің фаунада үш түрі кездеседі. Көбірек тараған түрі дуадақ (Otis tагdа). Салмағы 16 кг-дай болатын ірі құс. Ашық даланы мекен етеді. Ұяларын бозды, түрлі шөпті далаға, кейде егіндікке де салады. Жазғытұрым қосарланып жүреді. Жұмыртқаларын тек қана ұрғашысы басады, Ұясында 2-6 жұмыртқа болады. Инкубация 30 күнге жетеді. Жұмыртқада шыққан балапандары ширақ келеді. Жұмыртқа салмайтын уйқытта топтанып жүреді. Жыл құстарын топтанып жүрген кезінде аулайды. Жыртылмаған тың жерлерде үлкендігі тауықтай безгелдек (Оtіз tеtгах) деген дуадақтардың бір түрі мекендейді. Биологиясы жөнінен дуадақтарға жақын, бірақ жыртылған жерде кездеспейді. Закавказьеде, Индияда, Африкада қыстайды. Аз болғандықтан кәсіптік маңызы шамалы. Бұрын Қазақстанда дуадақ көп болған. Ел арасында дуадақты "шөл тауығы", "тоқтыбалақ", "қозыбалақ" деп те атайды. 20 ғасырдың 50-жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде олардың саны азайып кетті. Қазір дуадақтың үш түрі де қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Олар Қорғалжын, Наурызым, Үстірт қорықтарында қорғалады. Бүгінгі күні, Оңтүстік Қазақстан облысында дуадақ өсіретін ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Жалпы аумағы 900 гектардан астам жерді алып жатқан шаруашылық жылына 10 мыңға дейін жабайы құс өсіруге қауқарлы. Бұл Қазақстан мен Араб Әмірлігінің біріккен ортақ жобасы. 2015 жылы осы тұқымбақта күтіп-бапталған құстар біртіндеп табиғатқа еркіндікке жіберіледі.
Қаратау бөктеріндегі Бәйдібек ауданының аумағына салынған тұқымбақта қазіргі таңда 914 бас дуадақ өсіріліп жатыр. Олардың дені осыдан төрт жыл бұрын Шымкентте ашылған шағын тұқымбақта жабайы құстардың ұясынан алынған дуадақ балапандары.

© 2010-2022