Урок на тему: Қайталау. Амалдардың қасиеті

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Досжанова Гүлдәрі Бақытжанқызы

Математика

3 «ә» сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Қайталау. Амалдардың қасиеті

Сілтеме

Жоспар. Математика 3класс «Атамұра» 2014

Жалпы мақсаты

Фигуралардың периметрін табуда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану жолдары жайлы оқушылардың білімдері бекиді, кестелік көбейту мен бөлу біліктері бекіп, үлестің шығарылуы, аталуы және жазылуын қайталайды.

Күтілетін нәтиже

Геометриялық фигуралардың периметрін табуда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады, «үлес» ұғымын қайталайды

Негізгі идеялар

Амалдардың қасиеті

Тапсырмалар

«Кім жылдам?» ойыны. Тездет,бірақ қателеспе. Сәйкестендір

Тест тапсырм асы. Қызығушылығын ояту. Топтық жұмыс «Ойлан, жұптас, есепте»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбері»

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Сәлемдестік бәріңе әдеппенен біз.

Қуансаңыз сіз, қуанамыз біз.

Сізге де, сізге де, сізге де,

Саулық тілейміз біз - деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Үш фигура бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді

І топ Алғырлар

ІІ топ Тапқырлар

ІІІ топ Зеректер

ІУрок на тему: Қайталау. Амалдардың қасиетіІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылығын ояту

«Сен мұны білесің!»

«Не ұқтым?» кубизм әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау

ІV. Мағынаны тану

21 ғасырды елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев білім кезеңі деп белгілеген. Білімге көп назар аударылған.Өйткені еліміздің даму деңгейі біліммен өлшенеді. Мемелекеттің негізгі тірегі - білімді, білікті, дарынды адамдар.Олай болса, еліміздің экономикасын көтеруге бар күшімізді жұмсайық! Болашаққа қадам жасау күнделікті сабақ үстінде алған білімдеріңнен басталады.

- Бүгінгі сабағымызда "Білім шыңына" көтерілуіміз керек. Оған көтерілу үшін тапсырмаларды орындау керекпіз. Ол үшін білімімізді шыңдап, көрсету үшін баспалдақтармен көтерілуіміз керек.

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді сіздерді

Математика сырына!

V.Топтық жұмыс

І топ

Қабырғасы 3 см шаршының периметрін әр түрлі тәсілмен тап. Сол тәсілдерді салыстыр. Қайсысы тиімді? Неліктен? Шаршының периметрін табу үшін көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдануға бола ма? Соны жазып көрсет.

Р= 3+3+3+3=12 (см) Р= 3*4=12 (см) Р= (3+3) *2=12 (см)

ІІ топ

ED кесіндісінің ұзындығын әр түрлі тәсілмен тап. Сол тәсілдерді салыстыр. Қайсысы тиімді? Неліктен? Кесіндінің ұзындығын табу үшін көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдануға бола ма? Соны жазып көрсет.

(2+3)*2=10 (см) 2*2+3*2=10 (см)

ІІІ топ

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұзындығы 5 см, ал ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен тап.

Р= (5+2) · 2 = 14 см Р= 5 · 2+2 · 2 = 14 см Р= 5+2+5+2 = 14 см

Топтар бір - бірін бармақ арқылы бағалайды

VI.Оқулықпен жұмыс

№3

Урок на тему: Қайталау. Амалдардың қасиеті

Суреттегі төртбұрыштардың қайсысының периметрін көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану арқылы табуға болады? Сол төртбұрыштардың периметрлерін тап.

Р= (2+4)*2=12 (см) Р= (2+2)*2=8 (см) Р= (2+3)*2=10 (см)

VII.«Ойлан, жұптас, есепте»

Жұптық жұмыс Сендер оны орындай алатындарыңа мен сенімдімін. Жұптық жұмыстың тапсырмалары

Тап:

40 - тың ― бөлігін

36 - ның ― бөлігін

36 - ның - бөлігін

72 - нің ― бөлігін

21 - дің ― бөлігін

Тап:

42 - нің ― бөлігін

27 - нің ― бөлігін

35 - тің ― бөлігін

90 - ның ― бөлігін

18 - дің ― бөлігін

Тап:

60 - тың ― бөлігін

32 - нің ― бөлігін

45 - тің ― бөлігін

54 - тің ― бөлігін

15 - тің ― бөлігін ﻥ

Смайликтер арқылы оқушылар бірін -бірі бағалайды

№ 5

Жолаушы 10 км жолдың жартысын салт атпен, бестен бірін жаяу, ал қалған жолды велосипедпен жүріп өтті. Жолаушы велосипедпен неше километр жол жүрді?

Урок на тему: Қайталау. Амалдардың қасиетіУрок на тему: Қайталау. Амалдардың қасиетіУрок на тему: Қайталау. Амалдардың қасиеті

Ш: 10км:2=5км 10:5=2 км 10 - (5+2)= 3 км Ж: 3 км велосипедпен жүрді

VIII.Сергіту сәті:

Ойы жүйріктер ойланады

Анам қырыққабат тұздады. Әрбір 2 қырыққабатқа 4 қасықтан тұз салды. Егер анам 20 қасық тұз жұмсаса, неше қырыққабат тұздада?

10 қырыққабат

Жұлдызқұрт биіктігі 14 м ағашты бойлай күні бойы 4 м көтерілді, ал түнде 3 м төмен түсті. Жұлдызқұрт ағаш басына неше күнде өрмелеп шығады?

14 күн

Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр еді. Еркін оның 4 - еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам қалды?

5 майшам

8 8 8 8 =1 8 8 8 8 =2

8 : 8 + 8 - 8 =1 (8 : 8) + (8 : 8) =2

XI. «Тездет,бірақ қателеспе»

Тақтамен жұмыс

Теңдеулерді шеш:

№6

С*6=540 540:а=60 х:6=90

С=540:6 а=540:60 х=90*6

С=90 а=9 х= 540

90*6=540 540:9=60 540:6=90

540=540 60=60 90=90

Х*8=480 180:х=90 х:5=40

Х=480:8 х=180:90 х= 40*5

Х= 60 х= 2 х= 200

60*8=480 180:2=90 200:5=40

480=480 90=90 40=40

X.Топтық жұмыс

Кім жылдам?" ойыны

"Алғырлар" тобына - сөз есепті қолайлы тәсілмен шығар.

Мерекеге әрқайсысы 7 теңгеден тұратын 20 қызыл шар және 30 көк шар сатып алынды. Барлық шарға қанша ақша төленді?

Шешуі: (20+30)*7=350 немесе 20*7+30*7 =350

Жауабы: барлығы 350 теңге төленді.

"Тапқырлар" тобының сөз есебі.

Анасы 3 баласының әрқайсысына 6 ұзынжол және 7 төркөз дәптерден сатып алды. Анасы барлығы неше дәптер сатып алды?

Шешуі: (6+7)*3 = 39 6*3+7*3= 39

Жауабы: барлығы 39 дәптер

"Зеректер" тобының сөз есебі

Саяжайға әрқайсысында 7 данадан 8 бума қызылша көшеті және әрқайсысында 5 данадан 8 бума қызанақ көшеті әкелінді. Барлығы неше көшет әкелінді?

Шешуі: (4+6)·8 = 80 4*8+6*8 = 80

Жауабы: барлығы 80 көшет

Бағдаршам арқылы әр топ бір - бірін бағалайды

XI.Қорытындылау

Тест жұмысы

Сәйкестендір

Урок на тему: Қайталау. Амалдардың қасиеті



Біз бүгін біліміміздің арқасындабаспалдақтармен көтеріліп «білім шыңына» жеттік. Білім - қолдағы шырақ. Ендеше, шырақтарың әрқашан нұрын шашсын! Алған білімдерін бойларыңа құт боп құйылып, биік шыңдардан көріне берулеріңе тілектесім мол.

XII.Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай, есте сақтайық!

№7

8*2=16 16:2=8

18*2=36 36:2=18

28*2=56 56:2=28

38*2=76 76:2=38

48*2=96 96:2=48

58*2=116 116:2=58

68*2=136 136:2=68

78*2=156 156:2=78

88*2=176 176:2=88

98*2=192 192:2=98

«Сендер мақсатқа жеттіңдер»

Мадақтау. Топтық бағалау. Смайликтер арқылы. Бармақпен бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау

XIII. Рефлексия. Кері байланыс

- Бүгінгі сабақтан не білдік?

- Ұсыныс, тілегің?

Кейінгі тапсырмалар

7 - тапсырма 11-бет





© 2010-2022