"Қосу мен азайту. (26+ 30; 56-30) 2 сынып"

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қосу мен азайту. (26+ 30; 56- 30) 2 сыныпҚосу мен азайту. (26+ 30; 56- 30) 2 сыныпТақырыбы: Қосу мен азайту. (26+ 30; 56- 30)

Мақсаты: Екі таңбалы сандар мен ондықтарды азайтуды орындайды; екі таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту тәсілдерімен қолданады; топта өз көзқарасын дәйектеп дәлелдеуді үйрену.

Психологиялық ахуал.

1 Тірек білімді еске түсіру.

1 - ден 30- ға дейін санау тура және кері.

Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата.

Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.

Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

Сандардың жаңа қатарын құрындар,сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

Не шықты? Сандардың жаңа қатарың атаңдар (31, 32, ...40).

Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?

Зейінділікке есеп. Үстел үстінде 10 алма жатыр еді. Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бүгінгі біздің сабағымызда қандай санау бірлігі негізгі болып табылады?

3. Оқулықпен жұмыс.

Өткен сабақтағыға ұқсас оқулық тапсырмаларымен жұмыс жүргізіледі.

1 - тапсырма. Оқулық суреттері бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорынды жасауы өте маңызды.

2- тапсырма. Жұмыс түсіндіріле отырып, тақтада орындалады. Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдері бекітіледі. 53+ 30; 83-30

Мысалы:

53 және 30 сандарының қосындысы.

Бірліктерге бірліктерді қосамын.

Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазамын.

Ондықтарды ондықтарға қосатын.

Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазамын.

Қосындының мәні 83.

3 - тапсырма. Өзіндік жұмыс. Амал компоненттерін еске түсірген жөн. Оқушылар шешуін дәптерге орындайды, содан кейін өзара тексеру және кеткен қателерді талдау жүргізіледі.

4 - тапсырма. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады. Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіреді және бірінші есепті тақтаға жазады. Басқа екі есепті өздігінен құрады және шығарады. Қысқаша жазуды схема (сұлба) түрінде орындалған қолайлы.

№1 №2 №3

Болғаны - ? 12 12

Бергені - 2к 2 ?

Қалғаны - 10к ? 10

10+2= 12 (к) 12 - 2= 10 (к) 12 - 10= 2 (к)

Жауабы: 12к. болды. Жауабы: 10 к. қалды Жауабы: 2к. Қалды

5- тапсырма. Сағат циферболатын пайдаланып, ауызша орындалады.

Рефлексия. Шығармашылық тапсырма. «Сиқырлы үшбұрыштарды» оқушылар жұппен талқылайды және толтырады. Өз жауаптарын негізден береді.

Үйге тапсырма. 6 - тапсырма.



© 2010-2022