Доклад на тему «Бастауыш кластарда зерттеу жұмысын жүргізу жолдары»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№18 орта мектебі







Баяндама

«Бастауыш кластарда зерттеу жұмысын жүргізу жолдары»









Бастауыш класс мұғалімі: Исмурзина Н.Қ.







2014 - 2015 оқу жылы Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін - білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында шығармашылық бағыттарды жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру. Оқушының ақыл-ойын дамыту, ақыл-ой қызметінің бала өміріндегі маңыцзын сезіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, жіктеу сияқты ой әрекеттерінің негізгі жүйесін қалыптастыру, сезіну, мақсат қоя білу, зейін және есте сақтау сияқты таным процестері дамиды. Мұғалімдер оқушыларды зерттеушілікке тартатын сабақтар бірқатар белгілерімен сипатталатынын ескерген жөн. Олар: проблемалық жағдайлар жасау, оқушыларды ғылыми-зерттеу әдістерін (теориялық талдау, эксперимент)қолдануы, жаңа білім алуда немесе өткен материалды қайталауда оқушының аз жұмыс істеуі. Алайда қарастырылып отырған мәселенің сипаттамалық ерекшеліктеріне қарай сабақ құрылымында да елеулі өзгешілктер пайда болады. Әсте теориялық сұрақтарды зерттеу бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін, ал кейбір сабақтың өзінде-ақ аяқталады. Оқушылардың өз бетінше зерттеушілігін ұйымдастыру және басқару үшін, мұғалім өтуге тиісті оқу материалына алдын ала теориялық логикалық талдау жасау қажет. Мұны оқушы мен мұғалім қызметтерінің ара қатынасын анықтап алу керек. Ол қойылған негізгі мақсатқа жетуүшін сабақтың тапсырмаларын нақты анықтап алып, осы тапсырмаларды орындау қажет. Сонымен қатар сабақтың түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар мен қатынастар белгіленуі тиіс. Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде мұғалім алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеу мақсатына қарап оқушыларды бағыттап отырады. Сонан соң алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық жасайды. Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі артқан сайын, мұғалім жанама басшылыққа көңіл бөледі де, оқушылардың дербестігі мен ынтасы арта түседі. Зерттеп оқытудың 5 этапы:

  1. Ізденіс этапы - мәселені шынайы анықтайды, идеялды жағдайды модельдейді, жобаның тақырыбын анықтайды,.
  2. Анықтамалық этап - бар ақпаратты талдайды. Жобаның жоспарын жасайды.
  3. Практикалық этап. Жоспарлаған жұмысты орындайды, бақылау жүргізеді, технологиямен танысады.
  4. Презентациялық этап. Буклет, видеофильм, кітап.
  5. Бақылау этапы.
Мектеп оқушыларының зерттеушілік қызметін төмендегідей үш бағытта ұйымдастыруға болады.
  1. Танымдық:
  • қосымша әдебиеттер жіне ақпараттық мәліметтермен таныстыру;
  • тезис, анализ, талдау ұғымдары жайында мәлімет беру;
  • жазба жұмыстарымен таныстыру;
  • өзіндік ерекшелігін таныту;
  • баяндама, реферат, тезис, конспект жасалу үлгісімен таныстыру;
  • өзекті мәселені анықтау, саралау;
  • зерттеу тәсілдерімен таныстыру.
  1. Дамытушылық:
  • сезімін, түйсігін;
  • қабылдауын, тұтынуын, ынтасын;
  • зейінін, есте ұстауын, ұғынуын;
  • ойлау, қиялдау, болжау қабілетін;
  • оқу іс-әркеттерін, дағды машықтарын, жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін;
  • ғылым негізі бойынша шығармашылық жұмысын.
  1. Қалыптастыру бойынша:
  • әлеуметтік дағдыларына қалыптастыру;
  • еркін саяси көзқарастардың бәсекелестігін туғызу;
  • оқушыны өзін-өзі қадағалап, тексеруге баулу;
  • пікірталас, айтыс әдістері арқылы шешендікке баулу;
  • өздігінен білім алуға қажеттілік тудыру;
  • ақыл-ой еңбегіне жалпы мәдениетін арттыру;
  • білімге құмарлығын, рухани сенімін күшейту;
  • ізденушілік-зерттеушілікке қалыптастыру;
  • сыни тұрғыдан қарауға, жүйелі ойлауға, мәселенің өзектілігін айқындауға үйрету.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - білімді, өзін-өзі өзектілендіруге бейім, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, өзін таныта білетін, еркін саяси көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Ендеше мұғалім оқыту үрдісінде оқушыларға серік болып, жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, қолдау көрсетер болса, қайнаған жұмыстың ортасында білім беру ісінің ұйымдастырушы бола алатыны күмәнсіз.



























© 2010-2022